Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?

Шығысқа барған сапар туралы жазамын деп желпінгенмен, адами әрі техникалық ақауларға байланысты біраз кешеуілдеп қалдым. Десе де, сүрленген ойдың да шыққаны дұрыс болар деп шештім. Жанып, ұшып барып, алып-ұшып қайта келдік. Не көрдік, не білдік, не түйдік? Көргенімнің бәрін айта беріп қайтейін, Аландық Даниярдан не қалсын?! Дұрысы түйгеніммен бөлісейін.

Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?
Әлбетте, салған беттен Павлодар деп түстік. Түстік болғанда, етістікті айтам, әйтпесе бұл терістік қой немесе солтүстік-шығыс. Атырауда жүргенде солтүстік деген орыстанған аймақ деген стереотип мықтап орныққанмен, Астанаға кеп, түсінігімнің түндігі түріле бастаған. Айтқандай, бағдарлама басталмас бұрын қала аралап келгенімізде, сыңаржақ ойыма біржола нүкте қойылды...

Қала таза. Әйтсе де өндіріс орындары көп шаһар ғой, ауасында ауырлық сезілді. Гуглдың картасына үңіліп ем, біз түскен қонақ үйдің дәл жанынан атақты Ертіс өзенін көріп, мәз болдым. Алайда мен елестеткендей болмады. Еркелей емес, еріне ағып жатқандай. Жалпақ дариядай көруші ем, Жайықтан асыра алмадым…
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Данияр екеуміз көше кезіп кеттік. Көздегеніміз — ЛЕНИН көшесі. Кездескендердің дені қазақтар болды және жөн сұрасқанда да қазақша жауап бергені – әлгінде айтқандай «орыстанған» деп сіңіп қалған ойды әбден тазартты. Сөйтіп не керек, жөн сұрасып, іздеген Ленин көшесін қиып, асып кетіппіз. Тауып ап көшені өрлеп жүріп кеттік.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?
Мәссаған, расымен де «Ленин көшесі» екен-ей! Жағалай орысша атаулар, Потанин атындағы облыстық өлкетану музейі, оған қарасты Багаев үй-музейі, оның есігіне ілініп тұрған мына бір жарнама… Әй, несін айтасың?!))
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Оның үстіне А. В. Луначарский, Роза Люксембург көшелері де қиып өтеді екен)) Басқасы аздай бір бульварда Лениннің ескерткішінде аты-жөні кирилл және араб әліпбиімен, туған-өлген жылдары араб стилінде кері бағытта жазылып тұрғанына рухани бітіріп алғанымызды жасырып қайтейін...))
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?
Сөйтіп, іздеген жерден көздеген шаруамызды бірыңғайлаған соң, қонақ үйге оралдық. Көп кешікпей, Қазақтелекомның жұмысымен таныстыруға апаратын автобус келді…

Көрдік. Таныстық. Білдік. Еліміздегі байланыс саласында бірден-бір жетекші компанияның тұрмыс-тіршілігі кімді болсын қызықтырмай қоймасы анық. Оның үстіне әлгі Бас директорының жалақысы туралы әңгімеден кейін)) «Деректер өңдеу орталығымен», жалпы АТС жұмыстарымен және Қазақтелекомның Павлодар облыстық дирекциясының Бас директоры Абылай Сейтжановпен таныстық. Әлбетте, мұнда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Данияр айтып кетті ғой. Сондықтан көргеніме көп тоқталмай-ақ қойған жөн шығар.

Әйтсе де, мені мына бір дерек қатты ойлантты. Бізді «Деректер өңдеу орталығымен» таныстырып жүрген техникалық директордың орынбасары Бауыржан Бекботаның айтуынша орталықтың TRIER III жүйесінде болғандықтан, деректерді сақтау сенімділігі 99,9% екен (Қазақстандағы басқа 15 орталық TRIER II жүйесінде). Өйткені Әрине, ТМД-дағы үздік жасақталған орталықтың бірі болғанымен, мұндай мүмкіндікке қол жеткізгеніміздің өзі біраз қиялдауға негіз болады. Мысалы Аршат айтып жүрген, газетті өлтірудің алғышарттары осы Керекуде қалыптасып қойған сияқты)) Өйткені «газетте ақпарат сақталады, ал интернетке сенім жоқ» дегендерге қарсы осыны уәж етсе бола ма деген ой келіп кетті. Кім білсін, менің шаласауат технология туралы түсінігім осылай дейді ;)
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?
Айтпақшы АТС жұмыстарымен танысып жүріп, жұмысшылардың қызметіне іс жүзінде куә болуға тура келді. Бір үйдің төменгі қабатындағы кафеден кішігірім өрт шығып, сол ғимараттағы «Қазақтелекомға» тиесілі кабель де күйіп кеткен екен. Соның кесірінен сол үйде тұратын 100 абонент интернетсіз, телефонсыз қалған. Ал компания қызметкерлері бірден кері кабельді жалғау үстінде.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Шығын құны – 250 мың болса да, оны кейін кінәлі анықтағасын төлетуі мүмкін. Ал оған дейін тұтынушы зиян шекпеуі керек. Компания ұстанымы осындай…

Содан соң ID-center-ге бардық. Өзгелерді білмеймін, өзім әр қызметімен танысқан сайын таңданумен жүрдім. Бұндай орталық әр өңірде бар. Ал оны қалауынша көркемдеу өңірдегі қызметкерлердің өз еріктеріне берілген. Еліміз бойынша ең әдемі орталық осы Павлодарда деп танылған деп қызметкерлері мәз. Жалпы ID-center — Қазақтелеком қызметін тұтынушыларға түсіндіре отырып, көзбен көруге мүмкіндік жасаған орталық.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Айталық, ID-net қызметін қосқың келе ме? Орталықтың интернет кафе секілді жасақталған бұрышына бар да, қалауыңша зертте. Ал өз үйіңде қалай пайдаланатыныңды елестеткің келе ме? Мына креслоға отыр да, алдыңда ID TV қызметі қосылған теледидар, ID-net қосылған ноутбук және ID phone қызметіне қосылған телефон тұр. Шалқайып жат та, үйіңде отырғандай сезін! Және қалай көркемдеген десеңші?!
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?
«Казақтелеком» компаниясының игі ісінің бірі – әр өңірдегі филиалдарында «Қазақ тілі» кабинетін ашып, оның жұмысын жүйелі қоюы деп айтар ем. Ортақ портал, онлайн тілашар және осында оқыған әр қызметкердің кемінде құжат толтыра алуын қамтамасыз ету. Павлодардағы «Қазақ тілі» кабинеті өте әсем безендіріліпті. Қабырғаларда кереге бейнеленіп, төрде домбыра тұр. Үстелдерінің өзі дөңгеленіп, киіз үйді еске түсіреді. Ноутбук, әдемі кресло, не керек, көздің жауын алады.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?«Бәрін өзіміз жасадық» деп мақтана әңгімеледі Қазақтелекомның Павлодар облыстық дирекциясының Бас директоры Абылай Сейтжанов кешкі кездесуде. Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Ақжарқын адам екен. Әзіл-қалжыңмен отырып, біраз сыр ақтарып қойған сияқты. Айталық жалақы туралы сұраққа коммерциялық құпия деп отырып, орташа жалақы 90-100 мың, ең төменгі мөлшері 50-60 мың теңге екенін айтып қойды. Әрине, Қазақтелеком басшыларының жалақысы туралы небір әңгімелер естіген мен бұны да қоңылтақсып қалдым) Бірақ Бас директор айтып отыр…

Компания қызметімен танысып жүргенде, «Ромат» фармацевтикалық зауытын да аралап көрген болатынбыз. Аспирин, цитромон, ПИРЭФ-4 атты туберкулезге қарсы дәрі шығаратын зауыттың лабороториясымен толықтай танысып шықтық десе де болады.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Ауырғанда іздеп ішіп, былай қадірін біле қоймайтын дәрінің қандай еңбекпен жасалатын көрдік. Үлкен ғылым мен қара жұмыстың үндесіп жатқанын, денсаулықтың қадірін білгіңіз келсе осы жерге келуге кеңес берем)
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Айтпақшы бұлар да химиялық заттардың айналасында жүреді ғой, қосымша жеңілдіктер қарастырылған ба деген сұрағыма: «қызметкерлер күн ара бір қорап сүт алады» деген жауап алдым. Ал мен «жалақысына қосымша коэффициент болады» деген жауап күткем…

Сонан соң мына жағдайға да таң қалдым) Көрген көзде жазық жоқ, Қазақтелекомның жұмыстарымен танысып жүріп, ондағы басшылар немесе офистік қызметте отырған қыз-жігіттердің 80-90 пайызы қазақ екен. Қалғанының өзі егде жастағылар.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Ал жұмысшылар керісінше, дені орыстар, өзге ұлт өкілдері.
Блог - kokbori: Шығысқа сапар: Павлодардан не көрдім, не түйдім?Бұл туралы Даниярға айтқам, ойланып тұрып-тұрып, «рас-ей» дейді. Бірақ себебін талқылағанда, ойымыз бір жерден шықпады. Мен қазақтардың қара жұмыс жасаудан гөрі, таза киім, таза жерде жұмыс жасағысы келуінен болуы мүмкін десем, Данияр «керісінше, өзге ұлт өкілдері көп жалақы іздеп, ірі қалаларға кетуі мүмкін» деп қоймайды. Кім білсін...?!

Сөйтіп, Павлодардағы миссия аяқталды. Барынша жақынырақ танысуға тырыстық. Стереотипті қайта келместей сындырдық. Халқы ойлағанымдай емес, өте ашық-жарқын, қонақжай болып шықты. Тек дастархандары сараңдау ма деп қалдым)) Асханалары тамақты өте аз салады екен. Шайдың өзін әбден тамақ ішіп болғасын әкеле ме, сол жағы ұнамады) Айтпақшы, тамақпен бірге шәй ішпекке, қасыма келген официантқа шәй әкеліңізші, шәй деп қалып ем, орыстармен сөйлесуге тілі жетпей, менің қасымда бұртиып отырған Аланның Данияры жерден жеті қоян тапқандай ыржаңдап қоя бергені. Сөйтіп Көкбөрі орысша сөйлемейді деп жар жатыр екен фейсбукте)) Неғыласың, өзіңнен тапқан бір мінді басқадан көру адам баласына ләззат сыйлайды деседі ғой))

Ал менің өзгеде шаруам не? Арнайы кешкі серуен ұйымдастырып, бізді шақырған павлодарлық жастарына барамын деп отыр ем. Кешкі ас асқазанымның түбіне жып жылы боп жата қалғанымен қоймай, мені де жылы төсекке сүйрей жөнелді. Таңатпай 4:00 де тұрып, Семейге жол жүретін болғандықтан, қарсыласпай ұйықтауға тура келді. Көрдіңіз бе, ұйықтауға тура келді дедім, Павлодар қыздары шақырғанына қарамастан, қасымда Дон жүрсе де, Жуандық жасамастан, ұйқының ауылына кете бардық....
Бөлісу:

1 пікір

Daniar-Alan
Көрдіңіз бе, ұйықтауға тура келді дедім, Павлодар қыздары шақырғанына қарамастан, қасымда Дон жүрсе де, Жуандық жасамастан, ұйқының ауылына кете бардық....
пензес нақ )))))) сағат 8-де қорылдап жатқанымен жұмысы жоқ ))))))