Бақыты болудың екінші сыры - дененің күші

Сезімге қимыл әсер етеді. Менің сезімдерім келбетіме әсерін тигіздеді. Дененің сергек қалпы бақытты сезінуге шақырады.
— көзіңе жабырқаңғы немесе шаршағандық, әлсіздік сезініп тұрған адамды елестетші. Қалай сенің ойыңша, ол дұрыс тұра алама?
Әрі қарай

Бақытты болудың он сыры

Өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін кез келген адамнан сұраңызшы, ең көп таралған жауап мынау болды: ‹‹ мен тек бақытты болғым келеді ››.сондай-ақ, біз бәріміз осы үшін дүниеге келгенбіз. Бірақ, бақыт деген не? Бұл түсінікте не сыр жатыр?
Әрі қарай

Бақытты болғың келсе....



Жаңа жылдың мерекелік күндері де аяқталып, бокалдың сыңғырлаған үнімен бірге әдеттегі шаблондық «бақыт, құт-береке, ашық аспан» деген тілектер де азайды. Ал ойлана келсек, осы «бақыт» деген сөзге біз қандай мән-мағына береміз? «Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін» дейміз, сонда ол бақыттың біреу болмағаны ма, жыл сайын жаңарып отыратын шығар.)

Жалпы айтайын дегенім, менің ойымша, әр адамның бақыты өз қолында. Оны мына сайтқа кіріп-ақ жасап ала аласыз)) Шындығында бұл Қазақстандағы фен-шуй академиясының сайты. Сондағы кеңес бойынша, сен өз өміріңнің немесе тағдырыңның жобасын жасауың керек. Қандай қызметте, кіммен бірге, қалай тұруыңды қалайсың-осының бәрін өзіңе ұнайтын суреттермен әрлеп, ойластырып қоюуың керек.

Фен-шуйға сеніңіздер деп айтпаймын (өзімде ондайға көп сене бермеймін) ал бірақ, жаңа жылды, жаңа арман, жаңа мақсаттармен бастауларыңызға тілектеспін деймін. Өйткені арманыңдағы үйді іздеу (google-дағы суреттерден болса да), ойыңда жүрген мақсаттарың туралы ойластыруға не жетсін! Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойыңыздар! Ең болмаса, осы сайттағы картаның істейтін істемейтінін анықтап аламыз:)
Әрі қарай

Бақыт сыры

Өмер әкей әңгімелері: Бақыт сыры

Бір саудагердің «мен бақытсызбын» дей беретін ұлы бар екен. Саудагер бақыттың сыры неде екенін үйреніп келсін деп баласын бір данышпан кісіге жіберіпті. Жас жігіт данышпанның үйіне жеткенше шөл даламен 40 күн жүріп, соңында бір төбеге шыққан кезде алыстан зәулім сарай көріпті, данышпанның үйі сол үлкен сарай екен. Сарайға жеткеннен кейін данышпанмен кездескісі келетінін айтыпты. Қараса адам көп екен, жігіт кезеккке тұрып, өз кезегін күтіпті. Кезегі келіп, данышпанға жеткеннен кейін данышпаннан бақыттың сырын білгісі келетінін айтыпты. Данышпан оған қазір бақыттың сырын түсіндіретін уақыты жоқ екенін айтып, оған «сен қазір 2 сағаттай мына сарайды аралап шық, сосын келесің» депті. Кетерде қолына екі қасық беріп, ішіне май құйып беріпті. «Аралап жүрген кезде мына майды төгіп алма» депті. Жас жігіт қолына қасықтарды ұстап, баспалдақпен түсіп, сарайдың ішін, сыртын аралап кетіпті. 2 сағаттан кейін данышпанға келіпті.
Әрі қарай