Бақытты болғың келсе....



Жаңа жылдың мерекелік күндері де аяқталып, бокалдың сыңғырлаған үнімен бірге әдеттегі шаблондық «бақыт, құт-береке, ашық аспан» деген тілектер де азайды. Ал ойлана келсек, осы «бақыт» деген сөзге біз қандай мән-мағына береміз? «Жаңа жылда жаңа бақыт тілеймін» дейміз, сонда ол бақыттың біреу болмағаны ма, жыл сайын жаңарып отыратын шығар.)

Жалпы айтайын дегенім, менің ойымша, әр адамның бақыты өз қолында. Оны мына сайтқа кіріп-ақ жасап ала аласыз)) Шындығында бұл Қазақстандағы фен-шуй академиясының сайты. Сондағы кеңес бойынша, сен өз өміріңнің немесе тағдырыңның жобасын жасауың керек. Қандай қызметте, кіммен бірге, қалай тұруыңды қалайсың-осының бәрін өзіңе ұнайтын суреттермен әрлеп, ойластырып қоюуың керек.

Фен-шуйға сеніңіздер деп айтпаймын (өзімде ондайға көп сене бермеймін) ал бірақ, жаңа жылды, жаңа арман, жаңа мақсаттармен бастауларыңызға тілектеспін деймін. Өйткені арманыңдағы үйді іздеу (google-дағы суреттерден болса да), ойыңда жүрген мақсаттарың туралы ойластыруға не жетсін! Армандаңыздар, алдарыңызға мақсат қойыңыздар! Ең болмаса, осы сайттағы картаның істейтін істемейтінін анықтап аламыз:)
Бөлісу:

12 пікір

araika
Фэн-шуйдан алар да аз емес. Бұл оған сену де емес, тек қажеттіні білгеннің артықтығы болмайды
satibaldi
Бұдан 2 000 төлеп, админге жарнама бергенің жақсы еді.
VKM
Жарнама дегенде есіме түсті: «Жас қазақ» газетінде, Аршат ағаның осы «Керектегі» жарнамасын,так делать нельзя деген сияқты рубрикада қойыпты… Антижарнама да жарнама)))
bazuka
фэн шуй деген не? жейтін нәрсе ме?
dark_nazgul
«ни шуя себе фен» дейді ғой…
bazuka
фун шуй болседе жееуге келмид бәрібір))))))
KILYZAMAN
Простомолдың жарнамасы қарапайым түрде трансформтрактовкаға айландыруға келетін сияқты:Бақытты болғың келсе — бол...
aza
Бақытты болғың келсе… Бол! Бұл Марат Отарәлиевтен қалған тәмсіл! Жалпы, бір адам бақытты болам десе ешкім де қарсы болмайды… тек кедергі жасаулары мүмкін жапатармағай)
KILYZAMAN
Solaima.edi деген доменге таласпаңдаршы… Керекинфода паттенттегім келіп отыр…
aizhan
правдинаның жазғанына ұқсайды екен