Аққулы балерина Анна Павлова

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна ПавловаБритандық актриса Одри Хепберннің кішкентай елігі болған. Қызық қой, ит емес, мысық емес. Ал балет деген сұлу өнердің хас бишісі, аңыз биші Анна Павлованың аққуы болғанын білесіздер ме? Есімін Джек деп қойған екен. Иә, менің де осындай өзгеше бір жануарларды асырағым келеді ғооооооой)) Жарайды, мәселе онда емес, мен бүгін өз блогымда Аннаның есімін жаңғыртқым келеді.

Көптеген өнертанушылардың айтуынша Аннаның өзге бишілерден айрымашылығы соны мінзеділігінде болса керек. Ол шынайы өмірден жырақтап, өмірді сахна деп білді.15 жасынан бастап үлкен сахнадан көрінген Анна 40 жастан асса да сол әсем қалпында көрермендердің көзайымына айналды.
Сол бір аңыз тұлғаның биін көргендердің айтуынша, «Анна сахнада бейне бір құс сияқты қалықтайтын» деп айтады. Көзінің жасын саусағымен іліп тастап, сондайлық нәзік жылағаны, балаша шаттанып қуанғаны көрерменге сондайлық қуаныш пен мұң сыйлады. Анна қатысқан қойылымдар музыкалық және психологиялық тұрғыдан мазмұнды, эмоциялық бояуға толы, әрі алуан жанрлы болып келеді.
Ол туралы газеттер, «Анна бейне бір қалықтаған бұл сияқты. Анна толқын, Анна күзгі жапырақ» деп жарыса, таңқалыса рецензия жазды.

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна Павлова...1881 жылы қаңтар айында Анна дүние есігін ашты. Әлжуаз болып туған Аннаны ешкім осындай танымал биші болады деп әсте ойламаған еді. Он жасынан бастап Петербургтегі би учлищесінде таң сәріден көзін тырнап ашып сабаққа барып, қысқа демалыс, ұзақ жаттығу, кешкі қойылым сияқты тынымсыз еңбектің арқасында Анна «шаруа отбасы» деген ұғым стереотипін бұзды. 1899 жылы Петербург театр училищесін П.А.Гердтің класы бойынша бітіргеннен кейін, Мариин театрына қабылданды. Аданның «Жизель» балетіндегі Жизелъ, Дельдевездің «Пахитасындағы» Пахита, Минкустың «Баядеркасындағы» Никия мен «Дон Кихотындағы» Китри тәрізді үнемі таңдаулы партияларды ойнады.

Анна тұрмысқа да шықты, бірақ отбасылық өмірде жарастық таба алмады. «Несколько строчек из моей жизни» атты естелігінде А. Павлова, «Мен неліктен күйеуге шықпаймын? Жауап өте қарапайым. Меніңше, шынайы әртіс өнері үшін жан пида болуы міндетті» деп жазады. Сөйте тұра, сөзін былай деп жалғайды, «...әйелге тең келетін ер – музыка мен бидің үйлесуі сияқты дүние». Осы бір жолдардан-ақ, Аннаның бар болмысы мен жан-дүниесінің мұңын көруге болатындай.

Өмірінде қырықтан астам елде сапарлаған Анна заманында қаны жерге тамбайтын ең танымал, жоғары ақы төленетін биші еді. Өзінің мектебі, өзінің балет труппасы болды және аққу асырады.

Блог - Aya: Аққулы балерина Анна Павлова«Умирающий лебедь» атты шағын би қойылымы Аннаның жұлдызды нөмірлерінің бірі. Сыншылардың бағалауынша аққуды осынша шеберлікпен билеген биші кем де кем. Сахнаға түскен прожектор жарығында асыр салған биші арқасын залға сырт бере билейді. Ал аққу мамығымен көмкерілген биші өзі айтатын «биге адалдық» принципімен бар болмысымен аққу болып айдында жүзеді.
Бишінің осы бір бейнесіне куә болған Камилл Сен-Санс, «Мадам, сізді «аққу» кейіпіңізде көрген сәтте мен өзімнің таңғажайып музыка жазғанымды түсіндім» дегенді айту үшін ғана бишімен жолығуды қалапты.

Анна Павлова өз кезеңінің ұлы актрисасы атанған биші классиканың қатаң шеңберінен шықпай жалпылама-шартты балет бейнелеріне психологиялық және қазіргі заманның терең ойларын енгізді. 1910 жылы өз труппасын ұйымдастырып, гастрольдік сапармен Еуропа, Америка және Азия елдерінде өнер көрсетті.

Сөйткен Анна Павлова 1931 жылы 20 қаңтар күні сахналық өмірінде алғаш рет қойылымға шықпай қалды. Ол ең атақты Гаага сахнасына билеп шықпады. Әбден ауру меңдеген Анна төсекте жатып, «Аққу костюмімді әкеліңдерші» деп сыбырлап барып, мәңгілікке көз жұмды. Бұл 23 қаңтардың суық түні болатын.
Әрі қарай

Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай

Балетке бардым

Бүгін емес, кеше балетке бардым.
Алматыдан Абай атындағы опера және балет театры гастрольдеп келген екен Астанаға, «Ромео мен Джульеттаны» қойды.

Өмірімде алғаш рет балетке баруым. «Ромео мен Джульетта» спектаклін Қ.Қуанышбаев атындағы
Әрі қарай

Балет - тылсым өнер

Бағасы жағынан тиімді болса да, мына тұрған Абай атындағы Опера және балет театрына аяқ басу екіталай. Теледидардан қандай да бір опералық туындыны ести қалсақ, арнаны басқа жаққа ауыстырып, құлақты жарар дауысты естімеуге тырысамыз. Балетті көрсек, ішпысатын дүние сияқтанып көрінеді. Менің ойымша, опера, балет, жалпы театр сахнасындағы көріністерді теледидардан тамашалау – әбестік.

Опера мен балетті көргенде алдымен қысқаша мазмұны жазылған брошюра беріледі (берілгенде, енді 100 тг сатып аласың). Сол арқылы сахнада болып жатқан көріністі бастан-аяқ түсініп отырасың. Аса үнемшіл (мен сияқты) адамдарға интернеттен алдын ала оқып алуға да болады. )
Әрі қарай