Жас қаламгерлерді оқимыз ба?

Жас қаламгерлерді танимыз ба?

Бүгінгі күні жастарымыз біртіндеп кітап оқуға бет бұрып келе жатыр. Олардан кітап жайлы талғамын сұрап көрдіңіз бе? Əрине, əрқайсысы нені қалайтынын əрқалай айтқысы келеді. Бірақ та барлығына ортақ бір нəрсе ХХ ғасыр əдебиетін оқып тауыса алмай жатыр. Ол дегеніміз жақсы нəрсе, бірақ, арамыздан шығып жатқан жас дарындардың туындыларын біреу білсе, біреу біле бермейде. Ескеретін нəрсе — болашақта жарқ етіп кітапхана төрінде тұратын туындылардың авторы солар болмақ. Жəне сол деңгейге жету үшін олардың да оқырманы көп болу керек, түрлі сыншылардың критикалық көзқарасынан шыңдалып, одан əрі тəжірбие жинау керек. Оқырманы не тыңдарманы көп кез-келген өнер иесі таңғаларлық дүниелерді жасауға тырысары анық. Солардың бірі Оңтүстіктің жас қаламгері ақын, шығармаларға да ебі бар талант Ерболат Айнабеков. Ал сіз оның мына бір керемет əңгімесіне қандай баға берер едіңіз:
Әрі қарай

Қайтер еді???

Жас жанына салып жара
Сан үміттер құлағанда,
Некесізден туған бала
Көшеде қап жылағанда
Бірі «ана», бірі «жас қыз»
Тәніне ақша сұрағанда
Соның жоқ деп әй керегі
Ғашықтықты пасықтықпен
алмастырсақ қайтер еді?!

Құмаршылдық еңсеріп кеп
Құшағына жасырғанда,
Ұл менен қыз еңселік деп
Нәпсісіне бас ұрғанда,
Ана алдына теңеліп кеп
Ақиқаты ашылғанда
Моның жоқ деп әй керегі
Жастық сөзін мастықпенен
алмастырсақ қайтер еді

«Саналылар» пайда қуып
Бірін-бірі жалмағанда,
Өз күнәсін өзі жуып
Ақиқатты алдағанда,
Азғындаудың күні туып
Ардан белгі қалмағанда,
Соның жоқ деп әй керегі
Адамдықты арамдықпен
алмастырсақ қайтер еді?!

Құдіретім жыр дегеннен
Ешкім қорқып бұқпас болса,
Адамдыққа үндегенмен
Ақымақтар ұқпас болса,
Тіл мен қалам күрмелгеннен
Шығар жаным шықпас болса
Соның жоқ деп әй керегі
Ақындықты ақымақтықпен
алмастырсақ қайтер еді...

2008-10-29
Әрі қарай

Ақын, жазушы және интернет

Жалпы интернеттің маңызы және зияны
Бұл мақаланың басты мақсаты — интернеттің талапкерлер және кәсіпқой ақын жазушыларға маңызын түсіндіру. Бірінші, мақаланы жалпы интернет жайлы бастайын. Интернет — қазігі заманның ең үлкен жаңалығы. Біз үшін интернет — жаңалықтар, демалыс (бейнефильмдер, әуендер, ойындар), рухани азық пен шегі жоқ ақпараттар орталығы. Әр қайсысымыз интернетті пайдамызға шығарамыз. Әр маман өзіне керекті, іздеген ақпаратты кез келген көлемде, кез келген уақытта таба алады. Себебі интернет — ол біздің «тарихымыз», жылдап жиналған өнер, білім, ғылым салаларындағы жетістіктеріміздің нәтижесінің құрылымды жиынтығы.
Әрине, интернеттің де жағымсыз жақтары бар. Олардың барлығы жайлы айта берсек ұзап кетермін. Мен қазіргі біздің Қазақстандағы көкейтесі, әсіресе біздің жастарға үлкен ықпалы тиетін mail.ru және vkontakte.ru сияқты қоғамдық жүйелер жайлы айта кетейін. Жастардың осы бір интернет қызметтеріне(сервистеріне) тәуелділігі — оның қол жетерлік болғанына тікілей байланысты. Мұның бір жағымды жағы — біздің жастар бір қадам болса да интернетке жақындауы, бірақ дәл осы сервистермен шектеліп қалатындар да жеткілікті.
Ақын жазушының интернеттегі шығармашылығы
Алыстамай, ақын-жазушылықтың интернеттегі өмірі жайлы айта кетсек. Әрине, интернеттің әркім үшін үлкен мүмкіндіктер есігі екенін батыста және басқа мемлекеттерде ерте түсінген. Сондықтан ол жақта интернеттегі ақын-жазушылардың шығармашылық өмірі күннен күнге дамып келеді. Ал біздегі жағдай тіпті басқаша. Замани өзгерістерге байланысты газеттер, журналдар мен кітаптар оқырман үшін жаңа форматта — интернеттегі веб сайт ретінде берілуде. Оның басты себебі — баспа орындары оқырмандардың біртіндеп интернетке үйренуіне байланысты. Бұл өзгерістің баспаға шағармаларын жіберіп отыратын ақын жазушыларға да ықпалын тигізді. Болашықта газет-журналдар тіпті қолданыстан шығу болжамы бар. Сондықтан, ақын жазушылардың интернетпен «достасуына» себеп бар.
Дәл осы интернет пен ақын жазушылардың арасындағы байланыстың пайдасы жайлы айта кетейін. Біріншіден, аудитория ауқымы. Сіздің оқырмандарыңыздың ауқымы сіз күткеннен қайда көп болуы мүмкін. Олардің критикалық пікірін орынды деп санасаңыз, сізге ол пікірдің шығармашылық дәрежесін көтеруге ықпалы тиетініне сөз жоқ. Ал сіздің шығармашылығыңызды жақтап жатса, сізге жаңа туындыларыңызға шабыт пен сізге танымалдылық алып келеді.
Шығармашылығын енді бастап жатқан ақын жазушыларға да интернеттің маңызы өте зор. Себебі, ең бірінші қиындықтардың бірі кітап баспа орындарындағы бағалар мен сіздің «тәуекелділікке» баруыңыз. Ал интернетте оқырмандарыңыз сізді жақсы қабылдап жатса, баспа орындарында тіпті қиындықтар тумайды. Ал кітапты алатын адамдар ол дәл сол сіздің интернеттегі оқырмандарыңыз болып шығады.
Шығармашылық ортаңыз немесе lit.kz жайлы
Егер Ресейдің сайттарына көз салсақ, бұл тақырыпта ең танымал сайттар: stihi.ru және proza.ru (екеуі ұқсас). Бірақ біздің бастамамыз басқа формат. Біздің бастамамыз: lit.kz немесе literature.kz порталы(сайт толығымен аударылып болған жоқ, бірақ қолданысқа дайын). Бұл біздің ұлттық және дүниежүзілік кітапханамыз. Мұнда болашықта кез келген ақын немесе жазушы жайлы ақпарат пен оның туындыларын, кітаптарын шығарып отыруды жоспарлаймыз.
Ал ақын жазушылар үшін бұл портал — біріншіден интернеттегі оқырмандар көзі, шығармашылық дамудың жаңа деңгейі, рухани азық және жаңа таныстар орталығы.
Қосымша білем десеңіз:
1.http://lit.kz
1.http://itvcom.ru/programs/razdvoenie/gluhovskiy/
2.http://www.bigbook.ru/articles/detail.php?ID=9088

Сұрақтар мен ойлар болса:
baxaza11385@gmail.com
lit.kz@bk.ru
baxaza@mail.ru
Әрі қарай