Көктемнің қызығы көшетпен болсын!

Ассаламу алайкум, керекшілер!
Көктемнің алғашқы күндері сіздерге жақсылық болсын! Қазақ атамның айтуы бойынша «күзді күні бір тал кессең, көктемде он тал ек». Қыста екі ағаш қырқып тастаппын. енді соның орнына 20 болмаса да, соған шамалас ағаш ексем бе деп отырмын. Қандай кеңестеріңіз бар.
Алматы қаласы, Іле ауданы, Қара ой ауылына төзімді, сол жақта тез өнетін, жемісін тез беретін ағаштың қандай түрлерін білесіздер. Бөлісе отырсаңыздар. Негізінен алма, өрік, шие ағаштарын ексем бе деп едім, базарға барғанда айнып қалмасам, есігімнің алдын көгертіп, таң тамаша етіп отсам деген ниет қой.
көмектеріңізді күтемін.
Әрі қарай

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА 20 ТҮП АҒАШ ЕГІЛДІ

немесе НАҒЫЗ ЖІГІТТЕР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ



Бабаларымыз айтқандай «нағыз жігіт бала өсіреді, үй салады, ағаш егеді» демекші 30 сәуір күні қаламыздағы ерікті жастар жиналып Арай саябағында тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құрметіне 20 түп ағаш еттік.
Әрі қарай