Балаларға базарлық

Алматыдан жалынды сәлем! Кәсіби біліктілігімді арттыру үшін осында келіп қалдым енді. Содан кенет бойымда педагогтық қасиетім оянып, балаларға арналған кітап жазғым келмесі бар ма? Оның үстіне әдемі қазақша кітап көптік етпейді. Әй, бірақ шаруасы көп қой оның. Сондықтан әзірге қолдан хендмейд кітапша жасауға болады. Содан бастап көрмейміз бе? Тақырып да өзекті — балаларды спортқа ерте бастан баулып, патриоттық рухта тәрбиелеу, заманымыздың батырларын дәріптеуді үйрету. Ендеше, кеттік!
Алдымен бізге керегі — контент. Оны мен толығымен өзім жасадым. Сөзін де, көркемдеуін де. Сіздерге де пайдалануға рұқсат. А4 форматында әр параққа екі суреттен қойып түрлі-түсті принтерден шығарып алуларыңызға болады. Қатты қағазға шығарсаңыздар, тіпті керемет.

ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Бұлт-бұлт етіп бұлшық ет,
Шып-шып тері шығады.
Жаттығады құлшынып,
Қандай берік шыдамы?

Мен де солай жалықпай,
Шынығайын, себебі —
Мен де Ильин алыптай,
Тау көтергім келеді!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Велосипед тебемін,
Дамыл таппай аяғым.
Тоқтамастан желемін,
Таудай менің талабым.

Қиындыққа не түрлі,
Өзім шыдай аламын.
Винокуров секілді,
Мен чемпион боламын!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жұдырығын тас түйіп,
Соққыларын көздеген.
Тұра алады қасқиып,
Боксшыға кез-келген.

Сәпиев – ер, білемін,
Сондай болу арманым.
Шымыр менің білегім,
Дайын менің қолғабым!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Жалтыраған мұз қандай!
Коньки жеңіл сырғиды.
Шиырлаған із қандай!
Бимен бірге жылжиды.

Бұл кім десең — Денис Тен!
Сән-сымбаты келіскен.
Мен де солай сырғанап,
Қуантамын жеңіспен!


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Ақ пен қара алысқан,
Тақта алдында ойланам.
Бала кезден жарысқан,
Жансаядан үлгі алам.

Жүріс жасап тиімді,
«Шах» пенен «мат» мақсатым.
Шарлап жүрсін қиырды,
«Гроссмейстер» жақсы атым.


ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Айбек ағам – балуан,
Қазақстан барысы!
Тәсілі сан алуан,
Аң біткеннің тағысы.

Күресейін өзім де,
Жерге тимей жауырын.
Батырмын ғой төзімді,
Үйрен менен, бауырым!


***
Енді кітаптың өзіне кірісейік. Балаларыңызбен бірге отырып жасасаңыз да болады. Сурет салуға арналған альбомның 4 бетін аламыз. Тура ортасынан бүктейміз. Бүктеген қырынан көз мөлшерімен әдемілеп 4 жерден тесеміз. Қаттылау жіп немесе лентаның екі бөлігін қиып алып, тесіктерден өткізіп байлаймыз.
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Беттеріне өлең сөздері мен суреттерді жапсырамыз. Ал мынау мұқабасы:
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық

Кітапша дайын!
ОҒМ жазбалары: Балаларға базарлық
Оқып, жаттай беруге болады. Тіпті өзіңіз де толықтыра аласыз.

Ертең бұйырса керектің сұлуы madlen -ге барамын. Оның Әлихан атты ұлды болғанын көбіңіз білетін шығарсыздар. Оған деген сыйлығым өзінен-өзі дайын болды

Балалар күні құтты болсын!
Әрі қарай

Әлі есімде....

5-ші сыныпта оқып жүрген кезде бізге апай «Сағыныш» деген шығарма жазсын деген болатын. Ерең ашық сабақ осыны дайындап келіндер деген. Онда сағынып жүрген адамыңды немесе жақсы көретін бір нәрсеңді сағынғаныңды жазу керек болатын. Келесі күні бәрі күліп келмейді-ме дайындалып, ал менде жазатын ешкім жоқ қиналып жүрдім. Сабақ басталды, жүрегім лүп-лүп, «менен қашан сұрар екен?? сұрамаса екен» деп отырдым. Бір кезде басталды журнал бойынша… Мен 7-ші тұрам… бәрі оқып жатыр бір кезде бәріміз жыладық. Журнал жайында қалды…
Әрі қарай

Аңыраю

Әскерден інім келіп жұмысқа да «Керекке» де қарай алмадым кешелі бері. Ауылдағы,қаладағы кластастары бас қосып бір кәукілдесіп қалды. Мектептегі қызықтарын айтты біреуі. Біздің ауылда кей мұғалімдер өз мамандығы емес болса да басқа сабақтардан сабақ бере беретін.Содан бір күні тарихтан беретін дене шынықтыру мұғалімі оқушыларды жинап алып,қазір тарихтан ашық сабақ болады. Сендер маған «Орхон-Енисей» деген не?" деп сұрақ қойыңдар деп үйретіп қойыпты. ашық сабақ ойдағыдай өтіп жатыпты. Сұрақ қоюға кезек келгенде бір оқушы «Ағай, Аңырақай шайқасы» жайлы айтыңызшы дегенде ағайлары аңырайып қалыпты.
Әрі қарай