Тәліптер шабуылына ұшыраған Құндыз шаһарынан мыңдаған адам босып кетті

Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласынан ондаған мың адам босып шықты. Қалада үкімет күштері мен «Талибан» қозғалысы соғысып жатыр.Блог - TalgatBukharbayev: Тәліптер шабуылына ұшыраған Құндыз шаһарынан мыңдаған адам босып кетті
БҰҰ мәліметі бойынша, содырлар қалаға шабуылдаған күн — 3 қазаннан бері Құндыз қаласынан кем дегенде 33 мың адам қашып шықты.
Кескілескен ұрыс жұрып жатқан стратегиялық маңызды қалада ауы су, азық-түлік, дәрі-дәрмек тапшы, электр қуаты жоқ. Ауғанстанның босқындар жөніндегі министрлігі Құндыздан 100 мың адам босып кетті деп отыр.
Әрі қарай

"Келін" фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр

Ал сол кезде...: Келін фильмі Ауғанстанда түсірілген немесе Вахан дәлізіндегі түнгі сыбыр
Ауғанстанда адам аяғы оңайлықпен жете бермес Вахан дәлізі деген жер бар. Мұнда ешкімге бас имеген 1100 қырғыз мекен етеді. Ортағасырлық өмір сүру қалпын сақтаған олар табиғи шаруашылықпен айналысады. Сыртқы әлемнен байланысудың жалғыз ғана жолы, ол — апиын сатуға шығатын кез.
Вахан дәлізі — Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясына қарасты Вахан ауданы аумағында ұзыннан — ұзақ созылып жатқан жіңішке алқап. Ұзындығы 295 шақырымға, ені 15-тен 27 шақырымға дейін жетеді. Памир, Вахан және Пяндж өзендерінің алаптарына кіреді. Таулы аймақ. Табиғаты қатал.
Вахан дәлізінің өзі екі державаның тартысы нәтижесінде пайда болған. XIX ғасырдың соңында Британия мен Ресей империясы арасында Орталық Азиядағы ықпал үшін болған талас — "үлкен ойын" деп аталды. Екі империя 1873 және 1895 жылдары өзара келісімдер жасады. Сол бойынша осыбір географиялық мекен — патшалық Ресейдің қарауындағы Орта Азия мен британиялық Үндістанның бір-біріне соқтығыса кетуін болдырмайтын дәнекер аралық ретінде таңдалынып алынды.
Әрі қарай

Жаңалықтар - Мазари Шариф қаласында 22 жасар Сара Гүл дүниеге 6 бала әкелді!

2012 жылдың 25 қаңтары, Ауғанстан.Ру хабарлайды.


(Сурет копирайты: Photographer: Alejandro Acosta Copyright/Source: AFP/Getty Images. An Afghan woman has given birth to sextuplets. Publish Date: Tue, 2012-01-24 12:57)

Осы аптада Ауғанстанның Балқы аймағының әкімшілік орталығы Мазари Шариф қаласының госпиталінде 22 жасар Сара Гүл есімді келіншек үш ұл, үш қыз дүниеге әкелді («алтам»???). Бұл оның үстіне — алғашқы босануы екен.
Балалардың халі бірқалыпты, бірақ салмақ қалыпты деуден аз, әрқайсысы орташа есеппен — 700
Әрі қарай

Тәлібтер Қазақстанға ескерту жасады

КАБУЛ. Мамырдың 23-і. BAQ.KZ – «Талибан» экстремистік қозғалысы Қазақстан НАТО контингентін қолдап, Ауғанстанға әскер жіберетін болса, оның салдары қазақ еліне «оңай болмайтынын» ескертті. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

«Қазақстан өз елінің қалауы
Әрі қарай