Қарттарға құрмет: елорда қарияларына қамқорлық қалай көрсетілуде

Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұрғындарға және күндізгі стационарларға келушілерге ерекше  күтіммен қарайды. Орталықта тұратын қариялар тұрмыс-тіршілігі туралы Астана қаласы әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқып біліңіздер.


Қарияларға арналған орталықтағы әр тұрғын өзіне дос тауып, сапалы медициналық көмек ала, үлкен ортақ үйдің бір мүшесіне айнала алады. Тұрғындардың  сүйікті хоббиімен айналысуы үшін мұнда әр түрлі шеберханалар, үйірмелер, денсаулықты оңалтуға арналған жаттықтырғыштар бөлмесі, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған массаж және медициналық кабинеттер, асхана, кітапхана бар.



Тұрғындардың күні таңғы жаттығу жасаудан басталады, оған қариялар зор ынтамен қатысады. Одан кейін таңғы ас.



Жеңіл жаттығудан соң олар ойын ойнай алады. Орталықта үстел теннисі, дартс, дойбы, тоғызқұмалақ ойнауға арналған бөлме бар. Әуесқойлар үшін бильярд та бар.



Уақытын әдемі өсімдіктер мен гүлдер арасында өткізуді ұнататындар үшін мұнда оранжерея бар.Орталықтың барлық бөлмесі гүлдерге толы екендігін байқадық. Оларды қызметкер мен тұрғындар бірлесіп күтеді.



«Егер біреудің гүлі ауырып қалса, оны қайта отырғызуға көмектесеміз. Кейбір адамдар гүлді өз бөлмесіне алады. Жалпы барлық тұрғын келіп көмектесуге құштар. Олар гүлдер бағына демалуға, таза ауамен тыныстауға келеді»,- дейді гүлдер бағына жауапты Нина Сасина.


Орталықта соғыс ардагерлерінің жауынгерлік даңқ пен тыл еңбеккерлерінің музейі бар. Музейдің жетекшісі ардагер — Олег Линник. Кабинетте соғыс ардагерлерінің медальдары, естелік грамоталары, әскери үшбұрыштар, кітаптар сақталған.



 «Бір қуантарлығы: бұл музейге оқушылар мен студенттер келіп тұрады. Жастар сол зұлым соғыстың қиын күндерін біледі, ардагерлерге құрметпен қарайды», — дейді Олег Иванович.


Сондай-ақ, орталықта аяқ киім жөндейтін кабинет пен қолөнер бұрышы бар. Тұрғындар бұл жерде қолөнермен айналысып, әңгіме-дүкен құрады.



Қарияларға қамқорлық көрсетуде отбасы, туыс және мемлекеттің қолдауы өте маңызды. Тұрғындар  өздерін үйлерінде жүргендей сезініп, олардың өз уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізуі үшін орталықта барынша жайлы жағдай жасалған.