Көк шаңғы мен көк шана

Коньки туралы жазба балалық шағыма саяхатқа тағы бір жіберіп алды мені. Әйтеуір бір туған күніме аудан орталығында жұмыс істейтін әкемнің інісі шаңғы алып кеп берді.Әлі есімде, бас жағында аққаланың суреті бар болатын. Кішкене ғана шаңғы.Кішкене таяқшалары бар. Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.
көк шанам болып еді. Жаны берік өзінің.Үстіне екі «фләк» қойып алып су да тасимын. Таудан да сырғанаймыз. Ақыры бір күні бұты талтайып кетті.Сырғанасаң бір жағына қарай қисая беруші еді.
Суретке сілтеме
Әрі қарай

Біздің бала кезіміз...

Әбіләкімнің  ауылы: Біздің бала кезіміз...
Әркім (қиын балалық көргендер, жетім өскендердің орнына өзімді қоя алмаймын)өзінің бала кезін сағынып еске алатын шығар. БІз келмеске кеткен (лайым солай болсын)Кеңес Одағының соңғы балаларымыз. Сол кездегі дүниелердің сапасы жақсы болатын деп үлкендер жағы еске алып отыратын.
1.Шана.Көк шана. Бұл дүние ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыраты десек те болады. Сол шанамен құдықтан суда тасисың, қорадан көмір және таудан сырғанақ тебесің.Осындай ауыр жұмыстың астында жүрген шана байғұстың темірі мен ағашы не деген мықты десеңізші…
2.Лимонад.Ол кезде осы сусыннан өзге сусын болмағандықтан ба таңдайдан дәмі әлі кетпегендей. Қанша сусын ішіп көрдім сол «лимонадқа» жететінін кездестірмедім.ауылға бөтелке жинайтындар келіп тұратын.Қанша бос бөтелкеге екенін білмеймін әйтеуір 1-2 бөтелкеге сағыз, үстінен тағы 2-3еуін қоссаңыз тағы лимонад алуға болатын ұмытпасам…
3.Сандалдар.Аяқ киімнің ішіндегі бұдан мықтысын кездестірмедім. Қайқайып кеткенше киесің, симай қалса бақайларың тұратын ұшын кертіп тастайды, киіп алып жүгіре бер.Тағы бір ерекшелігі табанында майтабандыққа қарсы теміршесі бар.Өкше мен табанның арасын көтеріп тұрады.
4.Трико.Табанға ілетін ілмешегі бар триколарды айтып отырмын. Тізесі екі кигеннен кейін екі метр алға шығып кететіні болмаса ол шіркіндер де мықты еді ғой…
Әрі қарай