Біздің бала кезіміз...

Әбіләкімнің  ауылы: Біздің бала кезіміз...
Әркім (қиын балалық көргендер, жетім өскендердің орнына өзімді қоя алмаймын)өзінің бала кезін сағынып еске алатын шығар. БІз келмеске кеткен (лайым солай болсын)Кеңес Одағының соңғы балаларымыз. Сол кездегі дүниелердің сапасы жақсы болатын деп үлкендер жағы еске алып отыратын.
1.Шана.Көк шана. Бұл дүние ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыраты десек те болады. Сол шанамен құдықтан суда тасисың, қорадан көмір және таудан сырғанақ тебесің.Осындай ауыр жұмыстың астында жүрген шана байғұстың темірі мен ағашы не деген мықты десеңізші…
2.Лимонад.Ол кезде осы сусыннан өзге сусын болмағандықтан ба таңдайдан дәмі әлі кетпегендей. Қанша сусын ішіп көрдім сол «лимонадқа» жететінін кездестірмедім.ауылға бөтелке жинайтындар келіп тұратын.Қанша бос бөтелкеге екенін білмеймін әйтеуір 1-2 бөтелкеге сағыз, үстінен тағы 2-3еуін қоссаңыз тағы лимонад алуға болатын ұмытпасам…
3.Сандалдар.Аяқ киімнің ішіндегі бұдан мықтысын кездестірмедім. Қайқайып кеткенше киесің, симай қалса бақайларың тұратын ұшын кертіп тастайды, киіп алып жүгіре бер.Тағы бір ерекшелігі табанында майтабандыққа қарсы теміршесі бар.Өкше мен табанның арасын көтеріп тұрады.
4.Трико.Табанға ілетін ілмешегі бар триколарды айтып отырмын. Тізесі екі кигеннен кейін екі метр алға шығып кететіні болмаса ол шіркіндер де мықты еді ғой…
Бөлісу:

68 пікір

sammita
мен де осыларды еске алам. Әлгі қыздардың сандал, босоножкасы өзің әдейілеп жыртпасаң жыртылмайды ғой, жазда өкшесін қиып тастап шлепка ғып киесің. Былғарысы мықты енді. Шана… жіп байлап ап 2-3-еуден отырып ал кеп сырғанайсың. Ол кезде мынадай жерді жабар-жаппас қар жаумайтын. Солтүстікте қар тау болып үйіліп жатады үй жанында. Окоп қазып ап, топтасып ішінде отыратынбыз, төбемізде балалар сырғанап жүреді қиқулап. Шана болмай қалса кір мәшиненің қақпағы, портфель де жарай береді. Лимонад… одан тәтті сусын жоқ. Юпи шыққанша туған күндерді осы лимонадпен өткізе беретінбіз. Буратино, Тархун дегені есте. Тархунды ішіп ап аузың жап-жасыл боп жүреді. «Жвачка» шайнаған бала әжептәуір крутой. Бір сағызды 1 ай шайнауға болатын шығар:) Оны аузынан бөліп береді еще басқаларға, түсті қарындаштарды қосып, қызыл-сары ғып шайнайтын кездер де болған:))
Abilakim
Смола шайнайтындар да болушы еді...«Сағыз шайнап тұрсың ба?» деп сұрағанда көрші баланың «Жоқ бұл сағыз емес жывачка, ләләм қаладан әкелді»дегені әлі есімде
sammita
:)) смола негізі созылмайды, тіске бәледей жабысады ғой. Оған шамалы ақ сағыз қоссаң, түсі қоңыр болады, созылу қасиетіне ие боп. Тағы бір еске түсетіні, ауылдағы хозтовары дүкеніне киім түссе, кезек деген қырғын болатын. Бір класста 2-3 баланың пәлтесі, малақайы, етігі бірдей боп жүре беретінбіз. Ауысып кетпеуі үшін ілгегін өзге матамен тігіп береді. Ол пәлте ұрпақтан ұрпаққа ауысып үйдегінің бар баласы киіп шығады. Ұлдікі, қыздікі дегенді онша ұра қоймаушы ек:)) Содан жаман болмадық мінее… деп ақыл айтып кетейін бе:)
Nurgisa
Осы қазіргінің киімдері… анау, бутиктегі пәленбай мың тұратыны… "үфф" десең үлбіреп, тігісі сөгіліп кететін тәрізді. Мәпелеп күтіп, аса ұқыппен кимесең.

Әйтеуір сол кездегі аналардыкі машақат қой. Жаялығыңды қайта-қайта ауыстырып, астыңды тазалап, қайта бөлеп. Памперстің қызығын көрген ұрпақтыкі кейде неге тіксіне береді деп те ойлаймын…
sammita
:))) "ұрпақтікіне" памперс қана кінәлі ме екен, басқа себептері ше? Ішімдік, «табиғаттың ахуалы» сияқты.
Nurgisa
Ішімдікке салынғанын жөнге салатындай айлакерлігі қайда "ұрпақтыкінің"? Табиғаттағы ахуалға қисая салмай, иммунитетін жақсартуға амал-қарекет қылуы қайда? Гугылдан іздеп таппайсың… Бәрі дабайда…
asaubota
лимонад пен сағыз күшті еді.

ал қалаға барған кезде газвода ішуді парыз санайтынбыз. алдын ала 3 тиындар жинап жүретінбіз :)
sammita
;)) Ақтөбеде 3 тиындықтар боп еді, Аршат?
Nurgisa
Сіздерде болған жоқ па еді, саммита? :))))
sammita
есіме түспей тұрғаны, 1,2,5 тиындық бақырлар болғанын анық білем. Мүмкін болған шығар, Нұрғиса-Аршат айтса, қалт айтпайды.
asaubota
газводаның құны 3 тиын еді :)
ErNur
тиын салып асық ойнаушы едік. Сосын 25 майда лактырасын аяқ киіміңді содан 1 сентябрде бір-ақ киетін едік ко :) Жазда жалаң аяқ бұзау іздеу,қой кезек дегендерді жалаң аяқ баға бересін го анау-мынау тікен шөп шаландарды ұрмайсынго аяқ қатып қалған күстен. Сосын ляңкі ойнайтын ед3к жарасып…
Жазда ауылга барган едім. Ауыл балаларын коріп таңғалдым. Бұрынғыдай ешкім жалаңаяқ жүрмейді екен қазір.
asaubota
ләңгіні де қазір сендер сияқты теппейтін шығар. қазіргілердің ойыны компьютер ғо…
ErNur
ия солай ляңгіні ешкім ойнамайтын сияқты
omarbirat
Қыста қатки (хоккей) ойнаушы едік. Кәңкисіз ойнайтынбыз, ойнағанда да. Арнайы күлішкі болса ол жоқ, жүретінбіз пақанның жинап қойған отындарын шашып. Кез келген пішіні ұқсас нәрсе шайба бола салатын: жүгерінің өзегі де, тіпті сиырдың мұздап қатып қалған екіскірменті де :))
nurjanbay
хаккейді сыйырдың екіскірементімен біз де ойнағанбыз. күлішкіні кей жерлерде шошқа таяқ дейтін. шайбаны жерден көтеріп ұру бір мақтаныш еді
ErNur
Біздер жылқының тезегін коп пайдаланатын едік хаккейге…
asaubota
аах, біз аман ағайдың үйінің қасындағы жолда ойнайтынбыз, жылқының боғымен.

клюшканы біздің ауыл жақта шошқатаяқ дейді. неше түрі болды сол кездерде, біреулер штакеттен істеп алып ойнайтын :)
Abilakim
Киіз үйдің уықтарымен ойнайтынбыз. Пимаға байланатын конькиім болған, аяғым өсе келе браттардан қалған қара конькиді кидім.клюшканың мойындары әлсіз болатын секілді еді.Сынды ғой 1-2уі
omarbirat
Клюшканы бізде деректір, біргәдір, агроном деген сияқты ауылдың шолақ белсенділері мен шынымен белсенділерінің балалары ғана ұстайтын.
Уықтан да таяқ жасап алып ойнағандар да болған, айтпақшы :)
Abilakim
Біздің үйде қайдан екенін білмейм хоккейдің шайбасы бар болатын74-ші жылғы братан ауылда танымал кәңкиші болыпты.содан қалған ау дейм.Оны мен тауып алғанша кесілген шләңгімен ойнайтынбыз
omarbirat
Жазда көлшікке бақа өлтіруге баратынбыз. Үйім көшенің жоғарғы (оңтүстікке қарай :)) жағында орналасқан. Екі үйден кейін машдвор бар, оған қарама-қарсы ондайдың тағы екеуі тұр. Солардың ортасында ойпаттау бір жер бар-тын. Жазда сол жерде су жиналып, кәдімгідей көлшікке айналады. Сол жерге жақын тұратындарды аяймын: бақалар түнімен бақылдап шығады, қалай ұйықтайды екен.
Сонымен не керек, күнде таңертең көзіңді ашар-ашпас көрші балалар келіп тұрады: «Бақа өлтіруге барасың ба?» деп. Бұл өзі құдды бір жұмысымыз еді. Күнде таңертең кетесің, кешке бір-ақ келесіз. Жолшыбай жаңағы гараждарға кіріп, сыбаршіктерден карбид ұрлаймыз. Қоқыста жатқан жаман кәстрөл тауып аламыз да, ішіне су толтырып, ұсталған бақаларды ішіне тастаймыз. Сосын карбидті үстіне тастап, бұрқылдап қайнағанын қызықтап қарап отырушы едік.
Карбид болмаса (жиі табыла бермейтін), таспен, таяқпен өлтіреміз :)
sammita
қысқасы әйтеуір өлтіреміз дейсіз ғой;) Суырдың ініне су құйып шығару, ағашқа өрмелеп құстың жұмыртқасын жару деген жұмыстар болған бізде.
omarbirat
Құстың жұмытқасын жарсаң, мұрныңды шұбар басып кетеді деген наным бар еді. Содан ба, ондайға онша ешкім бара бермейтін :)
sammita
біздің ауыл қалың орман ортасында орналасқан, көктемде ағаш басы быжынаған ұядан көрінбей кетеді. Қызығасың әлгіге.
Nurgisa
Қатыгез, озбыр болған екенсіңдер…
sammita
:))) сен де бала болған шығарсың? Қайырымды балалық қылықтарың жайлы жаза отыр.
Nurgisa
Қалада өстік қой. Асық ойнаудан аула чемпионы едім. Балалардың асығын түгел ұтып алам. Бірақ пәшти Робин Гуд сияқты кейін қайтарып беретінмін. Пәшти болуының себебі — ақшаға қайтарып беретінмін. Саудадан түскен тиын-тебенге эскимо алып жейтінбіз. Бір эскимо аласың, оны бес-алты бала болып жейсің. Кейін үйге барсаң, қайтіп шығармау қаупі болады. Сондықтан үйінде отырған бір досымыздыкіне барып, банкімен су алып шығуын сұранушы едік. Ең өкініштісі, кейде «Мамам ұрсад» деп бермей қоятындары болатын…
sammita
:))) ойбай ішегім-ай))))))
omarbirat
Ағаларымның бір чемодан толы асығы бар еді. Қыста өздерінен дәу 43-размерлі керзі етік киіп алып, қолдары суықтан бүрісіп қалғанша ойнайды екен. Екінші ағам көше чемпионы болған. Ол да ұтқан асықтарын сатады екен.
Өкінішке орай, ағамның асық ойнау скиллдары маған жұғысты болмады. Көрші балаға сақама дейін ұтылып қалғам :)
Abilakim
Асықты Құдайға шүкір мектептің маңдай алды балаларымен қатар ойнайтынмын. Үлкен дорбадағы асықтарым болған.Брәтішкелерге тапсырдым, олар шамалы азайтса да інішектеріне тапсырды, олардың қайда тастағанын кім білсін?!
omarbirat
Асығынан ұтылып қалған бала не істесін. Көп өтпей өзіме ермек тауып алдым. Неге екені белгісіз, маған үйдегілер пластилин алып беруден жалықпайтын. Солардан мүсін жасап ермек қылдым. Жазда пластилин илеп отыра бермеймін ғой, әкем ағаротты суғарған күннің ертесі жаным кіреді дейсің. Мүсіндерімді аздап қатыңқыраған балшықтардан жасаймын :)
Nurgisa
Ауылға барғанда жол жиегіндегі, бау-бақшадағы намданған, суланған лай-балшықты аламыз. Одан рәзмері алақандай тәрелке тәріздес қалып түзейміз. Асфальттің үстінде отырып, әлгіні теріс қаратып ұстап ап, «Кімнің-кімнің көтені, ХХХХХ-дің (әдетте жағымсыз біреуіміздің) көтені» деп тааарс етіп тастайсың. Анау жалпайып, орта тұсы жарылып, тесіліп кетеді. Тырқырап күлуші едік мәз боп.
Abilakim
Біздің көрші бала Абайдың, Жамбылдың мүсіне деп, әр ненің мүсіндерін де жасап жүретін.алматыдағы ағасы мүсіншілерге апарып көрсетпей ме, олар ол баланы оқуға Алматыға шақырды.Конкурстардан орындар алыпты кейін деп естігенмін.Ағасы екеуі жол апатынан бірдей қаза болды.ағасы «Серпер» тобының мүшесі Биғазы Тұтқабеков деген жігіт еді.
asaubota
аха, жұмыртқаның бетіндегідей секпіл шығады деп сенетін едік. бақа сисе сүйел шығады дейтін еді, сондықтан бақа ұстамайтынмын.
omarbirat
Мен кішірек бақалар болмаса, үлкенін ұстауға бата бермейтінмін. Әлі күнге дейін тітіркенем. Ондайларды көргенде өлтіріп тастағым кеп тұрады, опшым :)
Abilakim
Мен бақадан тітіркенемін, одан көрі жыландардың құйрығынан іліп алып лақтырып жіберу оңай болатын
sammita
сіз өте қатыгез жан екенсіз;)
Abilakim
погреб деген пәлені тазалап жатып бір бақаны аяғынан ұстап алып лақтырған браттың бақасы үңіліп қарап тұрған бес жасар менің желкеме түсіп, содан бері жиіркенемін.
omarbirat
Шешем темекіде істейтін. Жыл маусымына байланысты, жұмыстары әр жерде болатын. Көктемде жұмысы жаңағы мен жазған көлшікте әрірек жердегі теплицада болатын. Ол кезде көлшікке су толмағасын, өлтіретін бақа жоқ. Не ағарот та суарылмайды ол кезде. Үйде жүріп іш пысады, опшым. Содан, күнде шешемнің артынан іздеп жаңағы теплицаға барамын. Жолшыбай өсіп тұрған сарғалдақ, қызғалдақ, тағы бір көк гүл бар, соларды тере кетемін. Барғасын, шешемнің қасында істейтін әйелдерге таратып берем жаңағы гүлдерді. Қанша жауыз болғанымызбен, ара-тұра сондай жентелмендігіміз де бар еді.
Имиджім жақсаратын шығар деген ойдамын мынадан кейін :)))
Abilakim
))))
Дымбыілместің хикаяларын оқып, шамамен 1-2 кластағы кезімде менде үш жақсылық іс істеп сиқыршыны күтетін едім. Сиқырлы таяқшадан дәмелі едім кәдімгідей
Nurgisa
:))) сентиментальді екенсің :)
Abilakim
әуе шарымен ұшып шардан біреуді лақтыру керек болады ғой сол кездегі тақпағын әлі күнге жатқа білем)))):
Эне, бене, рес
Квинтер, финтер, джес
Эне, бене, лақа
Квинтер, финтер, бақа
Nurgisa
үйбаай, бұнысы не пәле тағы? импыртный бір бәле :)

Тыңда біздікін :)
Сәмәлөөөт, бертәлөөт,
Пәсәди меня в полет.
В сәмәлөте пууууста,
Выросла капуууста.
omarbirat
Дәл солай :))))))))

«Дымбілместің хикаялары» мықты ертегі еді мен үшін. Сол кітаптың аудармашысының атын жаттап қалмаған екенмін. Техникалық терминдердің сауатты аударылғанын содан көрген шығармын.
Abilakim
Менде кім аударғанын білі алмай отырмын. «Дымбілмес күн қалашығында» сырты сары кітап, «Дымбілместің айға ұшуы» сыртында 2-3 баланың суреті бар кітап еді ақшыл түстітін.
sammita
:))) қуын-ай, ә:)))
omarbirat
Негізі, гүл апарып беру қулықтан емес, шын көңілден жасалған жентелмендігім еді. Телебизірден көргенмін ғой :)
sammita
оны ұқтым, риза боп жатырмын. Әлгі имиджді айтам да, жалғыз өзімді "қатыгез, озбыр" қып қалдырып кеттің;))
omarbirat
Мұным жентелмендік болмаған екен расында (беті қызарған Смайыл)
nurjanbay
бақа өлтірсең жаңбыр жауады деген ырым болатын
Zere
Қызық, біз әйтеуір сандалий болсын, фишка, сони болсын, әйтеуір еске алатын дүниеміз бар. Қазіргі балалар біздің жасымызға келгенде нені еске алар екен? )
omarbirat
Небәрі 4-ақ гигабайттық флешкіге небір өлең, фильмдер сыйып кетуші еді деп отыратын шығар.
Aikona
Қыста сабақтан қайтқан кезде сумканы шана жасап алып сырғанайтын ек, мамам айтатын «осы сен сумканын не істейсің, жемірісің ғой» деп ол кезде сумкалар қолұстағыштары ғана бар еді ғой. Еще балалар сүйрейітін қолыңнан ұстап алып қызық еді.
Abilakim
Иә)))) Кітаптарымызды пештің маңайына жайып отырушы едік содан кейін.Ұстағышының екі шығыршығына шпагат жіптен иыққа ілетін жіп өріп алатынмын
saken
велосипед сәндеу мода етін. Байланыс кәбілінің қиындысын тауып алып (ол кезде мысқа өткізу деген жоқ), ішіндегі түрлі-түсті сымдарымен велосипед дөңгелегінің спицаларының арасын орайтынбыз әдемілеп, сәндеп. Велосипедімізге қаңылтырдан төртбұрышты қылып қиып алып нөмір ілеміз. Ол кезде блатной нөмір дегенді білмеуші едік. Ойымызға келген санды қоя береміз. Соңына КЗЛ деп жазып қойып :)))
Altygradus
Қыста шана тебетініміз есімде:) Ол кезде қар көп жауады қазіргіге қарағанда. Кейде папам өзі каток жасап беретін үй жанында жиналған омбы қарда. Қолым қатқанша ойнайтынмын. Не жан десиш:))) Бір күні достарымның үй жағында ойнап жүрдік те, бір кезде қолым тоңа бастады.Содан мен кеттім деп қайтып кеттім. — қанша аяз екені кім білмін. Үйге жақындай бере қолым қатып бара жатыр кәдімгідей ашытып, жылап жібердім. Үйге қарай жылааап келем өкіріп:))) Папам қора жақта жүр, не боп қалды?? дейді. Қоолым қаттыып қалдыыыы дейм:)))))) Адамды шошытып сенде, бар үйге жылын дед папам:))))))
Сосын көктем шыққанда жыраға түсіп су жалдайтынбыз. Сол шалшық судың ішінде жүру не қызық бар десиш:)))) Бір күні солай шалщық суды жалдап жүргенде тайып құлағам, себебі судың астында мұз әлі ерімеген болатын:). Содан кешкісін мамадан таяқ жедім:).
AKY
Көктемде резіңке етікпен су кешіп, тереңдігін өлшегенді жақсы көретінмін мен де:))))) Бірде тым терең шалшыққа тап болып, етігімнің ішіне су бір-ақ құйылған.
Тағы бірде көктемде саз балшыққа кіріп кетіп… Шыға алмай қалғам. Содан қасымдағылар үйге жүгіріп барып айтып, ағам келіп шығарып алды.
balzaminka
Ленинградтан апам келгенде біздерде той болатын. Неше түрлі кәмпиттер, соломкалар алып келетін. Тойға, қонаққа деп алып қойса, мен оны ұрлап, үйдің іргесіндегі лагерьдің ішінде той жасайтынбыз. Бала көп болғаны жақсы ғой үйде, мен алды деп ойламайтын , апам мен ағам көретін бұрыштарды.

Апамды класымен походқа алып баратын болды. Менде барам деп қыстырылып, жылап, әйтеуір бірге шықтым. 2 рюкзак тамақ салып берген үйдегілер, оның бәрін қалай жей береді деп ойлады екен, әлі түсінбеймін . Содан артынып-тартынып апамның үй жақта тұратын бірнеше кластасы бар мектепке келсек, қалып қойыппыз. Ешкімнің үйге қайтқысы жоқ. Айда деп үй жақтан тығылып өтіп лагерьге бардық. Қорасында бітік өскен, адам бойы көрінбейтін шөп бар болатын. Соның арасында кешке дейін жаттық аспанға қараааааап, үйге шөп шауып қайтқандай болып шаршааааап кірдік қой бетіміз былш етпей )
Altygradus
бір күліп алдым))
үйдің іргесіндегі лагерьдің ішінде той жасайтынбыз
осыны көз алдыма елестете алмай отырм, не нәрсе сонда? қоршалған жер ме?
balzaminka
Кәдімгі «Орленок» пионер лагері болған, қазір өкінішке орай жекеменшік үйлер салып тастаған ауласына. Жазда керемет еді, тегін кинолар, дискотека, концерттер көретін едік. Алма, өріктерге ұрлыққа түсетінбіз еще. Ол жақта жетім балалар үйінен де балалар болатын, соларға сары май қосылған таба нан беретінбіз, мама әдейі көп пісіретін, оны олар жақтырмай, алмайтын, оны өзіміз соғып аламыз да, мамаға бердік, жеді деп отчет те береміз ғой ұятты жиып қойып
VKM
Жазда апамның үйінің ауласында қызыл көйлек киіп алып, ойнап жүргенмін ғой балалармен.Жасым 4-5 те шығар. Қорадан нағашымның сүзеген сиыры шығып кетіп, мені мүйізіне іліп алған.Достарымның бәрі қашып кетті. Бааақырып жылағанмын… нағашым, жеңгем, апам, ол кезде атам да тірі, барлығы жүгіріп шығып,құтқарған)…
Сол сиыр автоматты түрде сойылыпты сол жылы…
Содан бері оларда сүзеген сиыр болған жоқ.
AKY
Бірде көктемде ата-әжеміздің үйіне қонаққа баратын болдық. Мамам мені ертерек киіндірі далаға шығарып жіберген. Әдемі клетчатый пальтом, басымда «буратино» шәпкем бар, шықтым. Сөйтсем көшеде достарым жүр екен, соларға қосылдым.
Көктемде жолды кесіп еріген су көп ағатын. Кейін сол жерге үлкееен труба қойып, үстінен топырақ төсеп тастады. Ощм, су трубаның ішімен ағып өтеді, ал машиналар трубаның үстімен кете беред)))
Әлгілер (бала-шаға) сол трубаның ішімен арлы-берлі өтіп, ойнап жүр екен. Мен де кірдім. Сөйтіп келе жатқанда, сүрініп қалып, ішіндегі балшық пен судың сарқындысына етпетімнен құладым. Әй, бір таяқты жедім ау… :'(
balzaminka
Ностальжи құдығына түстім, енді оңайлықпен шықпаймын

Үй жақтың бала-шағасы жиналып, ЦКЗ-ге (целлюлозно-картонный завод) баратынбыз макалатура жинауға. Онда не болмайтын, балалар журналы да, кітаптар да газеттер де. Ақтарып-ақтарып, қызық дегендерді буып-буып алып, қайтамыз. Өзінің ауласы ТЭЦ-пен жалғасқан, онда тәтем цех бастығы. Соған барамыз. Тәтем қазақшаға шорқақ, мен орысша қақпайм. Сонда да барам тегін квас алу үшін  Орыс апайлар Еришивичи пришли деп сразу қарсы алатын. 3 литрлік банканы толтырып алып, бумамыз тағы бар артынып-тартынып, құдды бір үйдің маңызды тірлігі сияқты қайтатынбыз. Қазір ойласам, ақымақпыз ба, жындымыз ба, қанша пойыздар жүреді, техника бар оған қарамаймыз үлкендер де ТБ-ға карамайды, алған-ішкенімізге мәз болып жүре беретін
Altygradus
3 литрлік банканы толтырып алып, бумамыз тағы бар артынып-тартынып, құдды бір үйдің маңызды тірлігі сияқты қайтатынбыз. Қазір ойласам, ақымақпыз ба, жындымыз ба, қанша пойыздар жүреді, техника бар оған қарамаймыз үлкендер де ТБ-ға карамайды, алған-ішкенімізге мәз болып жүре беретін
хаха шынымен, цехтың ішінде балалардың өріп жүргенін елестете алмай отырмын)
әңгімеңе +1
balzaminka
расымен солай, ата-аналарына барып жүретін балалар көп болатын. Мамамды сағынып кетсем өзім де жұмысына жетіп баратынмын, ол жақ ваще ғой, бетон шығаратын жер еді, КСМ болатын(комбинат строительных материалов), неше түрлі құрылыс материалдары, КАМаз бен МАЗдар гүрілдеп жүретін
+ үшін рахмет
Gastarbaiter
Ойбай болған бізде бұндай сандалик Сиіп қойсаң кожамен сідіктің иісі қосылып аромат болады