Балықшы доңыздар

Жаз ортасы болған кез. Ырғыз-Торғайдың көлдеріне жақын құм төбелердің етегіне келіп тоқтадық. Қасымызға отарын иірген шопан жігіт, 5-10 шақырым жердегі суы тартыла бастаған көлшікте түнімен доңыздар балық аулайтынын жеткізді. Бұл әңгімені бұрын да естіп, сеніңкіремей жүргенбіз. Енді шешім өз-өзінен шықты: Бұл қызықты көру керек.
Әрі қарай

Тегін ғибрат

Еліміздің солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында аяз күшейіп тұр дәл қазір. Осы аяздар есіме бір ғибратты әңгімені түсіріп тұрғаны.
Бір торғай қатты аяз күні әрі қарай ұшуға шамасы келмей жерге(қарға) құлап түсіпті. Қардың ызғарына аяз қосылғанда оның өмірін әрі қарай жалғастыруы еш мүмкін емес еді. Сол маңайдан өтіп бара жатқан бір сиыр торғайдың дәл үстіне жапалатып кетіпті. Ыстық жапаның әсерінен торғайдың денесіне жылу тарап, өмірі сәл де болсын ұзарыпты. Бірақ, торғайдың дегені емес Алланың дегені болады емес пе? Сиыр өткен жерден мысыққа неге өтпеске?! Өтіп бара жатқан мысық жапа арасында отырған торғайды көріп, оны шығарып алыпты. Шығарғанда қайбір жаны ашыды дейсіз, жеп қойыпты сосын.
Бұдан туар қорытынды: Сені боққа тастап кеткеннің бәрі жау емес, боқтан шығарып алғанның бәрі дос емес.
Сурет мына жақтан алынды
Әрі қарай

модел торғай

торғайдың  аңгымесымына торғайды мен осы қыста, артқы аула жақтан суыққа қатып қлаған жерден тауып алдым, содан не ысту керек жерды қазып кому керек пе? жоқ бұған маған быр ой тұсе қалды ол осы торғайды қатырып ұйге ашекей ретынде қойу еды, содан оны жыбытып ышек қанын тазаладым да тыкейтып қатырып қойдым, сонымен қоймай быр кұны қарап отырсам коп корым быр парша мағыналы сурет шығатынында байқап, осы суретты салған едым, йа олгеннен кейын бары де бекер қой, не боларыңды былмейсың…
Әрі қарай

Біз айтқан тақпақтар....

Біздің кезіміздегі оқулықтардың тақпақтарының өзі тәрбие еді ғой. Қазіргі оқулықтардың бетін ашпаған соң білмейді екенмін тақпақтарын. Осы жерге есімізде қалған тақпақтарды жазсақ қалай болады?
***
Нан қоқымын шашпаңдар
Жерде жатса баспаңдар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар
Әрі қарай