қолдан қарапайым инкубатор жасауға да болады екен

Мен бугын қарапайым пенопласты кесіп алдым сосын оны тор тор темірге орналастардъм төрт бұрышты корапша қылып екі жағына тесік салдым сосын оған су құятын жалпақ ыдыс қойдым тауық жұмырткасын коятын сетка орналастырдым сосын ен бастысы жарық 9вттық төр лампа орналастырдым міне осылай қарапайым инкубатор жасауға да болады екен ғой суретін кейін саларым
Әрі қарай

“Тауық ұрлау”

Блог - Harun: “Тауық ұрлау”
9 сыныпта болса керек.Әр нәрсеге желігіп жүрген шағымыз.Жоғары сыныпта оқитын ағаларымызға қызығып, бізде осыларға тартып “бұзық” болсақ екен дейтінбіз.Уақыт өте келе білдік қой, бұзықтықтың шыңына шыққандардың қәзір қандай хәлде екенін.Өмірлері сондай қасіретті, адам аярлықтай.Қарап тұрсақ адам сүйсінерлік іс бітірген түгі жоқ.
Бірде жанымдағы достарым:“жігіттер шашлык істейікші” деді.Бізге бұл әңгіме болып па? Оңай шаруа.Кеттік көлге дедім.Көл жағалауында қаз-үйректер мен тауықтар болатын.Бақытымызға орай 10-ға жуық тауық жүр, бәріміз тас атқылаймыз тауықтарға.Достарымның атқан тастарының бәрі қисық, ал менікі тура тиеді ғой.Қақ шекесінен атып түсірдім.Жолы болғыш жігіттің шашлығы шығар алдынан деген осы шығар деп, мәз болдым.Ол тауық сонда да берілмей, басын қайтара көтереді.Досым Алтынбек тауық басын көтерген сайын,қолындағы таяғымен ұрады.Ұра берген соң, байғұс тауық та бағынды.Сөйтіп тауықты салатын қап іздеп, таба алмай, не керек мен “Shumaher” деген күртешемнің ішіне салдым ғой.Басты шаруаны тындырдық.Енді бұл жерден ат ізін көрсетпей, тайып тұру керекпіз.Жұрт байқап қоймасын дегендей ембіл-дембіл қашып барамыз, алдымыздан бір кісі шықты, түрі сұсты.Одан аяқ тартып, келесі көшедегі айналма жолмен үйге жеттік-ау ақыры.Үйде Әбілхайыр ініміз тауықтардың жүнін алуға су жылытып, бізді күтіп отыр екен.Біз тапқан олжамызды көрсетіп, оны қуандырып қойдық.Өйткені шашлык істейік деген сол болатын.Су қайнап тауықты керсенге салып жүнін тазалап отырмыз, біздің қуанышымыз тап басылды.Қарасақ жүнін тазалаған соң, тауығымыз жұдырықтай екен.“Қап,әттеген-ай шашлык жей алмайтын болдық қой” деп ұнжұрғамыз түсіп кетті бәріміздің.Оңай олжаның пайдасын көрмедік.
Ертесі сыныптасым Нұртілеу айтады:“кеше атамның бір тауығын ұрлап кетіпті, кім болды екен? Табу керек оларды”…
Мен:“ия табу керек, сондайлар қалай жүреді екен ұялмай?”…
Әрі қарай

Жаман әтеш)))

Інімнің 5-6 жасар кезі болатын.Қора маңайында ойнап жүрген. Қора жақтан тауықтың қыт-қыттағаны мен тасыр-күсір дыбыстар қатар шықты. Не боп қалды деп жетіп бардым. інімнің қолында ұзын шыбық менің «Бойцовский» қара әтешімді қораның ішін айналдыра
Әрі қарай