Құлшылыққа құлшыну – құтылу 3



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



9 – Көп адамдардың айтуы бойынша, оларға құлшылық етуге, күнәларының көптігі кедергі болып табылады. Соған қандай жауап айтуға болады?

Құлшылық етіп жүрген көптеген адамдар, бұл жолға кішкентай жасынан-ақ түскен жоқ. Олардың қаншасы күнәлар жасап жүрді, Аллаһқа мойынұсынудан қашқан еді. Бірақ, Аллаһтың мейірімімен, олар тура жолға түсті, Аллаһқа бағыну керек екендігін түсінді. Ал енді жасап жүрген құлшылықтары олардың өмірлерінің ажырамас бір бөлігіне айналды. Сондықтан, күнәһар адамның жасап жүрген жамандықтары оған Аллаһқа құлшылық (ғибадат) етуіне бөгет бола аламайды.
Егер де күнә жасаған адамның құлшылық етуіне болмайтын болса, онда басқа дін өкілдері Аллаһтың алдында жалғыз хақ (шынайы) дін болған Исламға келуіне болмайтын еді ғой. Алайда, Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының көбісі Исламға жат діндерден келген еді. Және олардың, бұрыннан жасап жүрген ауыр күнәлары, Исламды қабылдауға кедергі болмады.
Құлшылықты тек қана таза, күнә жасамаған адамдар ғана орындау керек деген ой – жалған. Өйткені, егер ол ақиқат болғанда, Аллаһ Тағала: «Расында, намаз арсыздықтар мен қайтарылған істерден тазартады», — деп айтпайтын еді. (`Анкәбут сүресі, 45-аят)
Осы жерде маңызды бір нәрсе айтқымыз келіп тұр. Көптеген адамдар намаз оқитын, немесе хиджап киіп жүрген адамның күнә, немесе жағымсыз бір қылық жасап қойғанын көретін болса, бірден Ислам дінін немесе бүкіл мұсылмандарды жамандауға кіріседі. Олардың ойы бойынша, егер адам дін жолына түссе, онда оның бүкіл істері күнә атаулыдан түгелдей таза болуы керек, әйтпесе дінді ұстанбау керек. Бірақ, әрине, бұл сөздерді тек Аллаһтың бұйырғандарын орындап, Оның тыйым салғанынан аулақ жүруді қаламайтын, одан қашатын адам ғана айтады. Ол: «Мен дініме салғырт қарап жүрмін. Менікі дұрыс емес!» — дей алмайды, бірақ соның орнына Аллаһқа бойұсыну жолына енді-енді тұрып келе жатқан адамды аяғынан шалып, әр қадамын аңдып жүреді.
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 2


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



6 – Құлшылық етуге ерте емес пе? Біз әлі жаспыз ғой! Мүмкін, оған пенсияға шыққан соң кірісерміз?
Аллаһ Тағала былай деді:
«Ешкім ертең не істейтінін білмейді әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. Күдіксіз, Аллаһ — толық Білуші, Хабардар». (Лұқман сүресі, 34-аят)
Әрі қарай

Құлшылыққа құлшыну – құтылу 1



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!



Құрметті оқырман! Көп адамдар бұл дүниеге не үшін келгенін білмейді. Олар өздерінің жаратылу мақсатынан бейхабар. Өкінішке орай, олардың ішінде өздерін мұсылман деп атайтындар да аз емес. Аллаһқа құлшылық етуге шақырсаңыз, бет бұрады. Аллаһтан қорқу керегін ескертсеңіз, құлақ аспайды. Сондай кісілердің кейбір күдіктері мен түрлі-түрлі сылтаулары бар. Алайда, Аллаһқа шүкір, негізсіз сылтаулардың ешқайсысы жауапсыз қалдырылмаған. Аллаһ Тағала былай деген:

«Елшілерді қуандырушы, ескертуші ретінде жібердік, олардан соң адамдардың Аллаһқа қарсы айтар еш сылтаулары болмас үшін» (Ниса сүресі, 165-аят).
Әрі қарай

Адамның ең бірінші парызы не?


Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Адам баласына ең бірінші міндеттелетін парыз – бұл Аллаһқа иман келтіру. Егер адам өзін жаратқан Аллаһты білмесе, онда ол мал сияқты өмір сүреді. Оны Кім жаратқанын білмейді, осы өмірге не үшін келгенін білмейді. Жеп-ішеді, ұйқыдан оянып, қайтадан ұйықтайды… Не үшін өмір сүргенін білмей, осылай өтіп кетеді. Аллаһ Тағала айтады: «Иман келтірмегендер дүние тіршілігінен аз ғана пайдаланады және хайуандар тәрізді жей береді. Олардың орны Тозақ оты» (Құран, 47:12).
Әрі қарай