Бұл клипті флешерлер қарамасын!

Тамара Асар — Жаным неге


Жүрегі әлсіз, жүйкесі нашар флешерлер, анимациямен, клип жасаумен айналысатындар бұл клипті қарамасын. Ән былай да жақсы дей алмаймын, бірақ клипі енді сұмдық. Мұндай қорқыныш клип көрмеппін.

Егер видео ашылмаса мына жерден қараңдар.
Әрі қарай

Бұл ән бұрынғы әннен шынымен-ақ өзгерек екен...2

Қай әнді де түрлі әншілер айтқан кезде бояуы өзгеріп, түрленіп шығатыны бар. Бірақ кейбір әншілертәп тәуір әннің өңін айналдырып, быт шытын шығарып жіберетіні де өтірік емес. Мына ән соның мысалы. «Музарт» тобының орындауында көзіңе жас үйіріп, досыңды аңсатады.

Ал Тамара асардың орындауында автобуста жүргізушіге арқаңды беріп отырғандай жүрегіңді көтеріп, қағаз пакетті аңсатады.
Әрі қарай

Астанада Тамара Асардың концерті өтті.

Кеше Астанада Конгресс-Холлда әнші Тамара Асар мен Ақтаулық хореограф Серік Сариевтің «Жорға» би ансамблінің концерті өтті.
Өз шығармашылығына аса бір ұқыптылықпен қарайтын талғамымен ерекшеленетін Тамара Асардың әндерін «Жорға» би ансамблінің бимен әрлегеніне куә болдық, осылайша.
Тамараның шығармашылығымен бір кісідей таныс болсам да, «Жорға» ансамблі, Серік Сариев дегендерді бірінші рет естіп, көруім еді.
Әрі қарай