Адам үшінші, төртінші көргеннен ғашық болады деген қағида жоқ

Бұл менің сөзім емес. Бүгін ғана премьерасы болған «Жаужүрек» спектакліндегі Ерлан Біләлдің сомдауындағы Балуан Шолақтың орыс оязының қызы Татьянаға айтқаны.

Премьераға әріптестерім жүр-жүрлеген соң,  театрдың ауасын жұтып келейік деп жүріп бергем.  Көріп шыққан соң көңілге келген ойды блогқа бағыттауды арасында езуімізге күлкі мен ой үйірген соң осы сөзден бастауды жөн көрдім. Әсия әріптесім сияқты майын шақпаспын. Бірақ осы қойылым туралы аз-кем әңгіме.
Әрі қарай

Бұны көрген де, көрмеген де "арманда"

Осыны көрсеңіз, 13 891-ші көрермен болайын деп тұрсыз. Сатыбалдының “Өріккен өрнегін уқалайды” деген бейәдеп мақалы бар еді… Соған салып, Ютубтен Салтанат Бақаеваның атын тере салып едім, мына бейне атып шықты.



Шыны керек, Бақаеваның түр-келбеті маған ұнайтын қыздардың образына жақындау енді. Ұнайды сәл-пәл. Бірақ, бұнысы жүрегіме қанжар сұғып алғандай болды. Неге бүйттің, Бақ-ае-ва деп бақылдасам, болмас. Ана “ айс, айс бэйбиді” айтқан мәмбеттерді қойш. Ерігіп жүрген еврей “ Боратты” буындырып өлтірердей боламыз, міне арамызда жүр екен ғой браттары. Бұған не дейсіздер?

Мақала сілтемесі: http://orkenegro.wordpress.com/2011/03/17/%d0%b1%d2%b1%d0%bd%d1%8b-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b4%d0%b5-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b4%d0%b5-%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0/
Әрі қарай