"Түркістанның Шыңғысханы"
"Қызыл жебе" ат үсті қараған адамға белгілі қоғам қайраткерінің өміріне арналған ғұмырнамалық, тарихи-деректі бес томдық роман-эпопея болып көрінуі мүмкін, бірақ мұнда қазақтың ертеден келе жатқан тектілік, ата тәрбиесі, рух мәселесі сынды қасиетті ұғымдарының мән-мазмұны ашылған. Жазушы көзге көрінбей жалғасын тауып жататын тек – тәрбие – рух үштігін Рысқұл – Тұрар – Ескендір арқылы айқындап береді.
«Тұрар, жағаңды кірлетпе!» Бір ауыз сөз. Болыс озбырлығымен, әділетсіздікпен күресіп күн кешкен, итжеккенге айдалған Рысқұл ұлына тек сыртқы тазалықты ғана өсиет етіп пе?.. Осы бір ауыз сөз бала Тұрардың болашақ өмірін, ондағы мақсатын, ұлы арман жолындағы күресін, бәрі-бәрін шешіп бергендей. Ол тіпті түрмеде азап шеккен күндерінде де екі түрлі мағынаға ие осы бір ауыз сөздің аясынан алыстамай өмірден озды.
Әкенің келесі бір айтқаны: «Аузың қанаса, бүлдірген жедім де!» — еді. Тұрар да, оның қорлық пен азапты көп көріп, өмірмен тым жас күйінде қош айтысқан жалғыз ұлы Ескендір де ата өсиетіне адал болып өтті. Аумалы-төкпелі кезеңде өмір есігін ашып, балалықпен достығы ұзаққа бармай, соқпасы көп өмірдің ауырлығын ерте көрген әкесіндей Ескендір де ұйытқып соққан желді, адам адастырар боранды һәм тұманды өмірмен айқасқа ерте араласты.
Отыз жетіден кейінгі қырық-елуінші жылдардағы қудалаудың екінші толқынына ілінген кейбір қоғам қайраткерлері мен әдебиетші, тарихшы ағалардың естеліктерінде түрмедегі, тергеудегі адам жаны төзбес ауыр азаптар айтылады. Ал жасы жиырмаға жетпеген Ескендір отыз жетінің зұлматында қандай қорлық көрмеді, қандай азап шекпеді?.. Бірақ әкесіне: «Мен үшін өзің жасамаған істерді мойыныңа алма!» — деп өтінбеп пе еді… Текті атаның рухы биік тәрбиесін көріп өскен ер жігіттің жауабы осындай болған-ды.
Ескендір күні атпаған қараңғы түнектей аз ғана өмірінің өзінде бір адамның басына артығымен жетерлік қорлық пен зорлықты көрсе де, Миша Гавриловтай бойындағы ағып жатқан қанын сатпады. Кекті ата, намысты әкеден туған арлы ұлдың тәні күлге айналып кете барды.
Құдайсыз қоғамда ұлының сүндеттелгені үшін де ұлтшыл деп айыпталған «халық жауының» жастық жігерін сарп етіп, алғашқы махаббатынан ажырап, ұлын анасынан айырып жүріп орнатқан мемлекетіндегі көрер күні басқаша болса керек-ті…
«Жұлдыз көпірде» Түркістанда кеңес үкіметін орнатқан халқының аяулы перзенті Тұрар қаһарлы отызыншы жылдар тақап қалған кезде Мәскеуде ұлт мәселесі жөніндегі Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасының орынбасары болса, қазақ басына үйірілген қара бұлтқа жайбарақат қарай алмаған ол "Қыл көпірде" азуы алты қарыс арыстандай Сталинге қарсы шығып, елі үшін отқа түсіп шыр-пыр болып, жай-күйі шарасыз боп жаны күйзелген еді.
Алты алашқа ортақ туған азамат заманының сұрқия шындығын ашуға талпынып, «Тамұқта» да ұлт үшін күресті.
Тұрарлардың күресі өмірін ат үстінде жүріп ел мен жер үшін күрескен батыр бабалардан еш кем емес!
Тұрар, Тұрар сынды талай азаматтарымыз дәуір үніне өз үндерін қосып, өздері өмір сүрген кезеңінің жоқтаушысы һәм жоғының жамаушысы бола білді. Олар өз заманына сенді. Бірақ артқан сенім ақталмады.
Тұр тұлғасы келіскен, нұрлы көзі көзәйнектің арғы жағынан да от шашып талай мүйізі қарағайдай мықтыларыңды қаймықтырған өжет, батыл Т. Рысқұловқа Қазақстанның халық жазушысы Ш. Мұртаза отыз жыл ғұмырын арнап, іңкәр көңілі мен ыстық махаббатынан кесек те қабырғалы, оқырманын бей-жай қалдырмайтын, тек тарихтан ғана сыр шертіп қоймай, адамгершілік пен азаттықты, ұлттық рух пен ұлттық сана, ұлттық мүддені дәріптейтін, мұқалмайтын, кетілмейтін, тасқа қашалған асыл сөзден ескерткіш ортантты.
Әрі қарай