Теміртау – құлбазардағылар
Бүгінгі адамды ақша билеп тұрған нарық заманында жақсы тұрмыс кешіп, азық-түлік пен киім-кешектен кемшілік көрмеу үшін тұрақты жұмысың не болмаса жеке кәсібің болуы керек. Ал егер тұрақты жұмысқа тұра алмасаң, кәсіп ашып өз наныңды табуға ебің келмейтін болса ше?
Қоғамда ондай адамдар да бар. Осыдан біраз уақыт бұрын Қарағанды қаласында күшін сатып, күнін көріп жүрген адамдар туралы blogtime.kz сайтында жазба салған болатынмын. Суретті басып оқи аласыздар.
Қарағанды ірі қала, облыс орталығы, тұрғындардың саны да көп, кәсіпорындар да жеткілікті. Сәйкесінше 200-300 адам күшін сатып, түрлі жұмысқа жалданып өз күндерін көре алады. Ал Теміртау тәрізді шағын қаланың жұмыссыз тұрғындары ше?
Қарағандыдағы тәрізді бұл жақтың азаматтары да базар маңын торуылдайды. Кейбіреулері саудагерлерге жалданып, базарда арба сүйреп жүрсе ондай «бақыт» бұйрмағандары жылу трубасын жағалап, базардың кіре берісінде өз нәпақаларын күтумен жүреді. Труба жағалағандардың ұзын саны 70-80 адамға жетеді. Көпшілігі күзетші, аула сыпырушы болып тыйын-тебенге жұмыс істеп, қолдары босаған сәттерінде, демалыс күндерінде трубаға келіп, жұмыс істейді екен. Ал басқа ешқайда еңбек етпейтін, нәпақасын осы трубадан табатындардың саны шамамен 15-20 адам.
Осы жерде жүргендердің пікірін білмек болып қастарына барған кезімде бәрі жақтырмай қарады, расында мына суықта таңертеңнен бері дірдектеп ашқарында жұмыс күтіп тұру кімге жеңіл болсын? Қабақтары салыңқы, ит көрген ешкідей ежірейіп, қастарына жолатқысы келмеді. Ал суретке түсіру тіптен мүмкін емес еді.
Амал жоқ әңгімені алыстан суртпақтап тұрып, біраз жайттың басын ашып алдық. Бұл жердегі жігіттердің көпшілігі Өзбекстаннан қоныс аударып келгендер екен, ол жақта комбинатта ұзақ жыл бойына жұмыс істеген металлург жігіттер де бар болып шықты. Елге келген соң, өндірісті қала, мамандығымыз бойынша жұмыс табылып қалар деген ниетпен Теміртауға қоныстаныпты, бірақ, завод басшылығы жастарың 40-тан асып кеткен деген желеумен жұмысқа алмаған екен. Басқа кәсіп істеу қолдарынан келмеген соң, амал жоқ осы жерді паналапты. Басқалар суретке түсуден қашып жатқан кезде мына бір ағам:
«Құлбазарда тұрып, нан тауып жүргендерің өтірік емес, несіне қашасыңдар? Басқа түспесе мен түсейін, түсіре бер» — деп тұра қалған еді.
Суретке түсуін-түскенімен аты жөнін айтудан бас тартқан ағам осы жер туралы қысқаша айтып берді. Енді сол кісінің сөзімен берсем:
Теміртау қасындағы құлбазар мен Қарағанды қаласындағы құлбазардың арасында біршама айырмашылықтары бар екен. Алғашқысы адамдар санында және жасында. Қарағанды қаласында «пиятаққа» шығатындардың басым бөлігі студенттер мен араққа ақша іздеп келгендер және жұмыссыз жатудан шаршап, нәпақа іздеп келгендер болса Теміртау қаласында «Трубаға» шығатындардың арасында студенттер жоқ. Себебі Теміртау шағын қала, таныстары құлбазарда тұрғанын көрсе ұят болар деп, ешкім тани қоймайтын Қарағанды қаласына барады екен. Екінші, Қарағандылық «Құлбазаршылардың» көпшілігі «местный қазақтар» болса Теміртаудағылары, елге көшіп келіп жатқан оралман ағайын екен.
Ал ұқсас тұстарына келер болсақ. Біріншісі, екі жақтағылардың мақсаты біреу, амалын тауып, күшін сатып ақша табу. Екіншісі екі жақтағы құлбазарында тек ҚАЗАҚтар ғана тұрады.
Пы/Сы: Жатақхана туралы жазба салып, бірақ оны аша аламадым. Сіздердің пікірлеріңіз былай тұрсын тіпті өзіме ұнамаған жазба еді. Енді, көптен бері көкейде жүрген, өзім барып, көзбен көрген жағдай туралы жазбаны назарларыңызға ұсынып отырмын.
Әрі қарай

Трубада тұрғандардың денімен сонау Өзбекстаннан бері таныспыз, бізді жастарың асып кеткен деп жұмысқа алған жоқ, бірақ, шүкір деймін әйелім мен балаларыма жұмыс табылды. Олардың тапқан нәпақасына ортақтасып отыруды жөн санамай, тиын-тебен болсада тауып, еңбек етейін деген мақсатпен осында келіп отырмын. Көбінесе орыстар келіп жалдайды, ұсынған жұмыстарының көлеміне қарай ақша төлейді, кей-кездері кісі басына 5-6 мың берсе кей уақытта 2-3 мыңның айналасында ғана ақша ұсынады. Сәтін салған күні 2-3 жұмысқа түсіп, үйге 10-15 мың теңгемен қайтатын күніміз болады, ал кей уақыттарда бірнеше күн бойына жұмыс таппай бос қайтамыз. Күн жылы болып тұрған кездері осы жерде, базарға кіре берісте топталып тұратын болсақ, қыстың аязы қысқан шақтарда анау жатқан жылу трубаларына барып отырамыз, аяқ-қолымызды жылытып алуға көп жәрдемі тиеді.
Бұлай тұра беру денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді. Аязда табаннан өткен суықтың салдарынан әрі ауыр жұмыстың кесірінен беліміз, бүйрегіміз сыздап ауырғанда шыдатпайтын сәттер болады. Бірақ, күн көру керек, амалсыздан осын жерді торуға мәжбүрміз.