«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды
Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар тіркеуіндегі кезектілер үшін құжаттарды қабылдауды жариялайды.
Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген. Осы бағдарлама шеңберінде халықтың барлық санаттарына арналған «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша тұрғын үйлерді жүзеге асыру қарастырылған.
Астана қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арасында Астана қаласында №№ 23-31, 23-16, 23-17, 23-30, А98 (жобалық атаулар) көшелері қиылысы ауданында көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан 4-ші класты жайлылықты, тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 120 теңге болатын 21 пәтерді сату бойынша 2016 жылғы 26 шілдеде ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Оның ішінде:
3 – 39,4-тен – 42,48-ге дейін ш.м бір бөлмелі пәтер;
15 – 57,59-дан – 58,43-ке дейін ш.м екі бөлмелі пәтер;
3 – 76,97-ден – 78,06-ға дейін ш.м үш бөлмелі пәтер.
Тұрғын үй өз қаражаты немесе тұрғын үй құрылыс жинағынан, несие есебінен тікелей сатып алу арқылы жеке меншікке беріледі. Төлем қабілеттігі расталмаған жағдайда тұрғын үй 8 жылдан аспайтын мерзімге сатып алумен жалға беріледі.
«ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарлама шарттарына сәйкес, Астана қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар (кезектегілер) мына санаттар бойынша қатыса алады: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және қатысушыларына теңестірілген тұлғалар, жасына қарай зейнеткерлер, оралмандар, толық емес отбасылар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
Құжаттарды қабылдау өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасын қолданумен, e.astana.kz веб-порталы арқылы ғана жүзеге асырылады, «ҚТҚЖБ» АҚ тұрғын үй» жүйесінде — 2018 жылғы 10 — 12 қазан аралықтарында (қоса алғанда). Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.
Тұрғын үйді алуға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе оралман мәртебесінің болуы;
2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл Астана қаласында тұрақты тіркеуде болуы;
3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының өзге де мүшелерінің:
әрбір отбасы мүшесіне пайдалы алаңы 15 шаршы метрден кем болатын жатақханадағы бөлменің болуы;
осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйлерді қоспағанда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақшада көрсетілген тұрғын үй бірлігі ретінде өзге отбасы мүшелерімен ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлесі);
4) Бағдарламаға қатысуменен және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына кіретін және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
5) сатып алу құқығымен және сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйді іске асыру шарттары бойынша тиісті кірістерімен міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау (төлем қабілеттілігін бағалау).
Бағдарлама шеңберінде құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде өтініш тек бір рет берілуі мүмкін.
Өтініш коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған кезектегі адамдар беруі тиіс.
Егер, өтініш беруші кезектегілер тізімінде болмаса, өтініш жойылады. Өтінішті портал арқылы толтырмас бұрын, өтінішті беру нұсқаулығымен танысу қажет.
Тұрғын үйлерді алуға үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) өтініш берушіні және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;
3) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;
4) өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алумен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;
6) өтініш берушінің басқа адамдарын отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;
7) жалақы туралы анықтама;
8) жұмыс орнынан анықтама;
9) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабында айқындалған санаттарға өтініш берушінің қатысын растайтын құжаттар.
Қажет болған жағдайда, азаматтар «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қосымша құжаттар ұсыну немесе өтініш иесімен берілген мәліметтерді анықтау үшін шақырылуы мүмкін. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны) талап етілген пәтердің алаңына әсер етпейді, үміткерлер өз қалауы бойынша пәтер түрін көрсетеді.
Өтініш берушілер арасында алдын ала іріктеу Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Тұрғын үй комиссиясымен (бұдан әрі – Комиссия) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйге мұқтаждыларды есепке қою тізімдеріне және сол кезекке тұрған күніне сәйкес жүргізіледі.
Өтініш берушілердің төлем қабілеттіліктеріне іріктелген бағалау жүргізгеннен кейін Комиссия Астана қаласы әкімдігінің интернет- ресурстарында жарияланатын бағдарлама қатысушылардың түпкілікті тізімін бекітеді.
Бағдарлама шеңберінде бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстан Республикасының барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға беруге болады.
e.astana.kz веб-порталы арқылы өтініш беру кезінде толығырақ ақпарат алу немесе техникалық ақаулар болаған жағдайда, Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.