Араб көктемінің елесі

Блог - Marco: Араб көктемінің елесі
Жадымызда «Араб көктемі» деген атпен қалған бұл оқиғаларға да үш жыл болды. Біреудің қателігі бірдеңе үйрететін болса, нағыз ойланатын сәт келді. Тунистен басталған «демократия толқыны» бірнеше елді қатарынан төңкеріп кетті.
Әрі қарай

Мәсімов қалай отставкаға кетті?

Бәленің бәрі твиттерден басталды. Жетінші арнадағы «Другими словами» бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева Кәрім Мәсімовтың бір жыл бұрынғы хабарламасына ретвит жасайды. Журналистің (оның журье еместігіне күмәнім жоқ) ойы өзгелерді алдау емес еді.
Журналистерге: Мәсімов қалай отставкаға кетті?
Әрі қарай

Мәсімов мән-жайды түсіндіріп берсін. Болмаса, қызметінен кетсін!

Бүгіндері елде күрделі жағдай қалыптасып, қоғам тығырыққа тірелудің аз-ақ алдында тұрғаны ешкімге де жасырын емес. «Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бізде бейбітшілік пен тұрақтылық!» деп кеуде қағып, бүкіл әлемнің алдында көсіліп мақтанатын едік. Бірақ, қазіргі жағдай, жұмсақтап айтқанда, «тұрақтылықтан» әлдеқайда алыс екені әркімге де түсінікті.
Әрі қарай

Премьер-министр оқулары

Кәрім Мәсімов Алаш арыстарының бірінің кітабын отандық арналардың бірінде мәнерлеп оқып жатыр екен (қандай кітап екенін айтпай-ақ қоияын). Мақамына, нақышына келтіріп оқып жатқан Мәсімовтың сазды дауысы арнайы студияда жазылып жатыр дейді осы дерекпен бөліскендер. Білетіндердің өзі оның нендей мақсатта жаздырылып жатқанынан мақұрым болып шықты. Шенеуіктер мұрнын шүйіретін әлеуметтік желіден өзіне аккаунт ашқан Үкімет басшысының бұл жаңалығы жақын уақытта жария болар анық. Сонда Мәсімов аудио кітабы (ол біреудің кәтабын оқығанда қалай айтылар екен) кімге арналмақ? Болмаса көркем сөйлеу үшін тілін жаттықтырып, машықтанып жүр ме, ол жағы бізге беймәлім қалып отыр…
Мүмкін Тұркіменбашының «Рухнамасы» секілді мектептерде әдебиет сабақтарында көрнекілік құралы бола ма? Болмаса қазақ тілін білмейтіндерге арналар… Міне қызық…
Әрі қарай

Мәсімов "масяняның" кім екенін білетінін айтты...

Конференция барысында түртіліп алынғандар:

Хиджап жайлы. Саяси реңкі басым боп жатыр дейді. Францияның мысалын келтірді.

Теміртаудағы мектептің қазақ тіліне көшірілуі жайлы сұрақ. Орыстілді журналис (Киселев) «хлықтың жанайқайын» жеткізді, қазақша қылмауын сұранып жатыр дейді жұрт.

МӘСІМОВ: «БАРЛЫҚ ҚАЗАҚТАР ҮШІН ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУ ШАРТ!»

Мәсімов "… бірақ орыс тілін ұмытпауымыз керек. Біз негізі бүкіл әлем мәдениетін орыс тілінің дәнекерлігімен үйрендік".
Әрі қарай