Мәсімов қалай отставкаға кетті?

Бәленің бәрі твиттерден басталды. Жетінші арнадағы «Другими словами» бағдарламасының жүргізушісі Майя Бекбаева Кәрім Мәсімовтың бір жыл бұрынғы хабарламасына ретвит жасайды. Журналистің (оның журье еместігіне күмәнім жоқ) ойы өзгелерді алдау емес еді.
Бар жоғы Мәсімовтың тура бір жыл бұрын кетіп, орнына Ахметовтың келгенін еске салғысы келді. Алайда, Майяның бір қарағанда қарапайым қимылы ақпараттық агенттіктер арасында ажиотаж туғызып, бірқатарын орға жықты.
Қазтаг. Твитеріндегі сілтеме аздан соң жұмыс істемей қалды. Қатесін түсінді.

Закон. Бұлар да бетті жойып үлгерді. Бірақ гугл әженің жадында қалып қойыпты.

Форбс. Қулықтары тамаша болды. Қазтагқа сілтеме жасап, мән-жайын кейін хабарлаймыз деп жазды.

Бұл оқиға Рафаэллоның әрекеттерінен де асып түсті. Ешкім әдейілер деза ұйымдастырған жоқ. Журьелар өздерін өздері алдады. Осыдан бірер уақыт бұрын журналистің ешкімге сенбеуі керектігін айтқан едім. Тағы бір қайталау артық емес екен.
Отставка туралы дерек шындыққа айналуы да мүмкін. Президент әкімшілігінің жетекшісі емес тексерілмеген ақпаратты жариялағандар кетіп қалмасын. Артын бағайық.

8 пікір