Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап

  • Автор
«Ешқашан, ешқашан журиктердің айтқанына сенбе!» © satibaldi

Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Журналист ешкімге, ешнәрсеге сенбеуі керек. Ақпаратты ең жақын досың, он жыл бойы бір редакцияда отырған әріптесің, әлдебір департаменттің білікті маманы, әлдебір ғылымдардың докторы, министр айтып тұрса да сенбе! Бұл — жұрттың бәрі өтірік айтады деген сөз емес. Бұл -ақпаратты кімнен алғаныңызға қарамай, тағы бір тексеруге міндетті екеніңіз туралы әңгіме.

Австриядан әкелінген ауру сиырлардың оқиғасын ұмытпаған шығарсыз? Көптеген ақпарат құралдары (агенттіктер, газеттер, ТВ) Зеңгі бабаның тұқымын сатып алуға 5 млрд. теңге жұмсалды деп жария етті. Бұл сан әлде министрдің, әлде бір ғалымның аузынан шығып кетті. Шындығында, жұмсалған сома шамамен 470 000 000 теңге болатын. Әлдекім бір нөлді байқамай қосып жіберіп, шамамен 5 млрд дей салды. Оны журиктер іліп әкетті де 4 млрд 600 млн теңгеге (!) қателесті.
Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Немесе қазіргі күні қарқынды дамып келе жатқан телеарналардың бірінде болған оқиғаға тоқталайық. Әлдебір редактор әзілдегісі келіп микроблогына сенсациялық ақпарат жазып жібереді. Елдегі ең мықты дөкейлердің бірі жаңа қызметке тағайындалды-мыс. Оны сол күнгі жаңалықтардың шығарушы редакторы көріп қалып, әріптесіне сенгендіктен тікелей эфирден айтқызады. Әрине, бұдан жанжал туып, аңғалдық танытқан журналистер жұмыстан қуылды.
Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Сонымен, журналист болғың келсе- ақпаратты тексер. Мейлі, табиғи апат болып, ол туралы төтенше жағдайлар министрінің өзі айтып тұрса да, күдікпен қара. Ойлан, сарапта, салыстыр. 2*2=4 деп сендірсе де, тағы бір тексер. Өйткені, бұл тұжырымның да қате екенін дәлелдеп беруге болады. Тексере берсең «магнитудасы алты балға жеткен зілзала» деген қателіктерден арыласың.

Телеарналарды, газеттерді жаңалықтармен асырап отырған түрлі ақпарат агенттіктері. (Рас, олар да бір-бірінікін көшіріп баса салуға кет әрі емес). Алайда, ол жерде де өзіміз сияқты адамдар жұмыс істеп отырғанын ұмытпау керек. Сондықтан, агенттіктен алған ақпаратты да сол күйінше «ұрып» жібермей, міндетті түрде тексерген абзал. Сіздің мұндай жанкештілігіңізді ешкім байқамауы да мүмкін. Тіпті, редакторыңызға немесе әріптесіңізге ұнамай қалуыңыз да ғажап емес. Бірақ, бастысы адам ретінде де, журналист ретінде де ар-ұятыңыздың алдында тыныш боласыз.
Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Бірде, Мәжіліс депутаттарының бірі «Қазақстан Кайман аралдарына қарыз» деген мәлімдеме жасады. Сол күні барлық телеарна, газет, ақпарат агенттіктері, сайттар байбалам салды. Есі дұрыс журиналист, «Бұл не қарыз, неге қарыз, кімге қарыз, неге Кайман аралдары» деп ойлануы керек еді. Ойланып, мәліметті тексергенде ақшаның ұшы аралдық елге емес, сондағы оффшорлық компанияларға апаратынын білер еді. Қарыз үкімет емес, көбіне жеке фирмалар екеніне де көз жеткізуге болатын еді. Жалпы, шамалы сауат ашып қалуға болатын еді. Мәселенің байыбына барғандар да болды. Алайда, олар орыс тілді БАҚ-тар болатын.
Журналистерге: Сенбе жұртқа тұрса да қанша боқтап
Сонымен, журналистің незігі құралы мен қаруы — күдік. Кез-келген мәлімет пен дереккөзге спектиктік көзқараста бол. Мәселеге қатысты бірінші басыңа келген ойға да, ішкі адами ұстанымдарың тудырып тұрған пікірлеріңе де сенімсіздік таныт. Ақпараттың өзгелер көре алмаған қырларына көз сал. Сонда ғана «объективтілік» деген ұғымның шынайы мағынасына жақындаймыз.

Ұқсас посттар

26 пікір

Daniar-Alan
Қолданушы 4-медаль алыпты! Жеке бетіне өтіп қараңдар. Осындай посттары арқылы екені анық!
zholantai
қарадым, қарадым, өзімдікін де қарадым, бет қызарып, ұяла төмен қарадым, ғалым дейд, ғылым акалемиясы мен оның мүшелерін мазақ ету ғо бұл)))
AKY
оо, әріптес
zholantai
жалғыз емес екендігім қуантады,
asaubota
интернет пайда болғалы журналистердің лох болуы көбейіп кетті. негізі ше сол интернеттің өзі жақсы құрал емес пе соны тексеріп алуға?
Marco
Тағы бір жазғаным бар еді «Журналистік досы — google, бірақ жауы да сол» деп басталатын. Таппай отырмын. Үйдегі компты ақтару керек.
zholantai
ақпаратты тексеруге «мен бірінші жариялауым керек» деген жарыс та әсер етед,
dark_nazgul
страшно әсер етеді…
Marco
Иә, бірақ бұл жерде «микроблогта жарияланған тағайындаудан» басқасы таза сенсациялық ақпараттар емес қой.
AKA
Жақсы, бірақ неге суреттер сапасыз боп тұр?
dark_nazgul
Әдейі солай. йода стайл.
Marco
satibaldi таусылмайтын мысалдарың бар еді ғой, лақтырсайшы
ken
Шындығында, жұмсалған сома шамамен 470 000 000 теңге болатын.
Сенейін бе, сенбейін бе?)))
Ispek92
Шынымен де, мына пост иесіне де күмәнмен қарасақ та болады екен
Marco
Барлығы 722 бас сиыр алынды, бағасы 3200 евро. Толығырақ
Rafaello
Қазақ журьеның осы тұрғыдағы ең үлкен кемшілігі және әлсіздігі — ағылшын тілін білмеу. Кез келген дезаны тұз қоспай жей береді. Көзім жетті
Tyulpan
тіпті бір журналист «керек емес маған ағылшын тілі. ешқашан үйренбим» дегенде, бұттан кеткем )) еее қазақ журналистикасы, жағдайым осы де…
ademi_alem
Жақсы жазба, керек кеңес!
AybekBeken
Журналист ешкімге, ешнәрсеге сенбеуі керек. DURUS!
Anar70
Тек қана журналист емес, жалпы ешкімге сенбеу керек екен…
Ispek92
Жанағы суретіңізді салғаннан соң туған ой секілді ме деймін??? Банк карточкасын айтамын да, ешкімге сенбе дегеніңізді
Ottegin
Тек қана журналист емес, жалпы ешкімге сенбеу керек екен…
Дегенмен, өзіңе сенген ләзім (еш себеп болмаса да)
Соңғы түзету:
Anar70
«себя люби» дегендей)))))))))))
konvict
Карлс Айдсвугтың «if journalism fails bad things happen»(журналистика сүрінсе, жағымсыз жағдай орын алады) деп айтатыны бар еді. Сол рас па деймін.
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.