Анар Мұстафина: Қазақ интернетін дамытуға азды-көпті үлес қосқаным анық

Ақзерені таныстырудың қажеті жоқ шығар. Мынау, «Нұр Астана» газетіне шыққан сұхбаты.

– Анар, блог ұғымын қалай түсіндірер едің? Блогшы қандай болуы керек?


– Жалпы былай қарастырсақ, блог – бұл онлайн-күнделік. Бұрын адамдар ішкі ойлары мен толғандыратын сұрақтарын қағаз бетіне түсірсе, қазір блогқа жазады. Ал сол жазбаларын танымайтын адамдар оқып, оған пікір білдіріп, қолдау көрсетсе ол тіптен қызық бола түспек. Блог тақырыптарының аясы тек жеке өмір қызығушылықтарымен шектеліп қалмай, әлеуметтік, саяси тақырыптарды да талқыға салып, олардың шешімін табу да блог ұғымының тынысын кеңейтеді. Өйткені Интернет шексіз, сіздің жазғаныңызды құзырлы органдар да оқып отыруы әбден мүмкін. Ал қазақ тілді блогосфераның бұдан басқа тағы бір міндеті бар, ол қандай тақырыпта блог жүргізсе де, интернетте қазақ тілін насихаттау, дамыту.

– Блогингті азаматтық журналистикаға теңеп жатамыз. Қазір блогерлер арасында журналист секілді зерттеу жүргізетіндері бар ма?
Әрі қарай

Бистро пост)

Бір аптадай болды көздерім қызарып, аллергиядан құтыла алмай жүрмін… Қолмен ұстауға болмайды, косметика қолдануға болмайды… Қара көзілдірікті тастамай киіп жүрмін. Қиналып кеттім.

Ғаламарттың дүкенін сыртынан көріп қалдым. Алдына барып қызықтап кеттім. Кеш болғандықтан жабық еді. Витринада тұрған шкатулкалар, киіз сияқты материалдан жасалған қуыршақ, есікте ЖАБЫҚ деген жазуы бар домбыраның макеті… Барлығы Салта мен Айкона стайл екен))) Балғырғанды сағындым)

6градустың қатысуымен ұйымдастырылған женсоветтен соң көңіл-күйім керемет көтеріңкі))) Біздің қыздардың шынайы, нәзік аурасы тағы бір жыл осындай көңіл-күймен жүруге жетерліктей. Жанна, жолың болсын, оқуыңды тез-тез аяқтап, елге тезірек қайт! Или қайтпа, өзің біл, жаным ))) Сенімен біргемін!
Әрі қарай

Массаған емес, Массагет!

Иә, Массагет. Браузерге massag деп тергеннен Мәссағанның сілтемесін зуылдап шыға келеді  Айтайын дегенім бұл емес © Тілеухан

Сүйінші!!!
Жаңадан қазақ тілді портал ашылды (орысшасы да аралас). Ресми ақпаратта тек қазақша делініпті.

Порталда форум, блогтардан басқа мына айдарлардағы мақалалаларды оқуға болады: Техно, Мәдениет, Бастаңғы, Әлемтану, Спорт, Авто, Білім.
Әрі қарай