Кофемен сурет салатын қыз


Малайзиялық Ред Хонг (Red Hong) деген қыз өте қызық суретші. Оған сурет салу үшін қылқалам мен бояу керек емес. Ол өз шығармаларын салу үшін өзі ішетін кофе мен ыдысын пайдаланады. Ыдыс қылқалам орнына, ал бояуы кофе.
Әрі қарай

Куала Лумпурда жаңбыр...

Бүгін Куала Лумпурда жаңбыр… Сіркіреп бір жауып алды. Әлі де әлсін-әлсін өксіп тұр. Бұл жердің ауа райы қызық негізі. Күндіз де түнде де бір ауа райын ұстап тұрады (+30). Сондықтан бірінші рет келген кісі күндіз жарық, түнде қараңғы болғаны үшін ғана алмасуды сезіне алады. Биік үйдің 19-ыншы қабатынан тұрып жасыл қаланың сұлулығынан бәһра алудың өзі бір басқаша, негізі (лібәәә, тым әсірелеп жіберетін әдетімді қоя алмай қойдым осы).
Әрі қарай

Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Түс тайпасы

Түс тайпасы


Түс

       Жиырмасыншы ғасырдың 70-ші жылдарында екі америкалық этнолог Малайзия ормандарында сенуа тайпасына тап болды. Тайпаның барлық өмірі түстерге бағындырылған. Тайпаны да солай атап кеткен – «түс тайпасы».

       Әркүні таңғы ас кезінде бүкіл тайпа ошақ айналасына жиналып, бір-біріне түсте көргендерңн баяндайды. Егер бір сенуа түсінде тайпаласын ренжітсе, ол кешірім сұрап, сыйлық тартуы керек.
Әрі қарай