Бернар Вербер. Салыстырмалы және абсолюттік білім энциклопедиясы. Түс тайпасы
Түс тайпасы
  Жиырмасыншы ғасырдың 70-ші жылдарында екі америкалық этнолог Малайзия ормандарында сенуа тайпасына тап болды. Тайпаның барлық өмірі түстерге бағындырылған. Тайпаны да солай атап кеткен – «түс тайпасы».
  Әркүні таңғы ас кезінде бүкіл тайпа ошақ айналасына жиналып, бір-біріне түсте көргендерңн баяндайды. Егер бір сенуа түсінде тайпаласын ренжітсе, ол кешірім сұрап, сыйлық тартуы керек.
  Сенуа үшін түс әлемі ақиқат өмірден қызығырақ болды. Бала түсінде жолбарысты көріп қашып кеткенің айтса, келесі түні үлкендер оны тағы да түсінде жолбарысты көргізіп, жекпе-жекке шыққызып, өлтіргізеді. Егер де жолбарысты жеңе алмаса, баланы бүкіл тайпа менсінбе»ді.
  Сенуа түсінік жүейесі бойынша, егер түсте жыныстық қатынас көріп жатсаң, міндетті түрде бітіруің керек, ал оянғаннан кейін төсектесіңе сыйлық беруің керек. Қорқынышты түс болса, онда жауларды жеңіп, олардан сыйлық сұрап, содан достасу керек. Түстің ең қалаулы сюжеті – ұшу. Түсінде ұшқан адамды барлығы құттықтайды. Баланың бірінші рет түнде ұшуы – сүндетке отырғызу тойындай болды. Барлығы сыйлық әкеледі және алыс жерлерге қалай ұшып базарлық әкелу керектігін түсіндіреді.
  Бұл тайпа этнологтарға өте ұнады. Олар зорлық дегенді немесе жан дерттерін білген жоқ. Соғыс пен стрессті білмейтін қауым. Өмір жалғайтын мөлшерде ғана жұмыс жасады.
  Малайзия ормандарының кесілуіне байланысты, сенуа тайпасы бірте-бірте жойылды. Бірақ біз олардың білімін қолдана аламыз. Таңертен түңгі түсімізді жазып алу қажет, атын беріп жұлдызын жазып алу керек. Содан соң жақындарыңызға баяндап көріңіз, мысалы таңғы ас кезінде. Түс жайлы ғылымды қолданып, ілгері қарай жылжимыз. Ұйықтар алдында, түс тақырыбын таңдаймыз: тауларды қозғалту, аспаннның түсін ауыстыру немесе алыс елдерге сапар шегуге болады.
  Түсімізде біз құдіреттіміз. Түс ғылымының бірінші сынағы – ұщу. Қолымызды созып самғау, қалқықтап ұшу, құлап содан кейн биіктікке көтерілу.
  Түс ғылымын бірте-бірте тану керек. «Ұшу» сағаттары сіздің сенімділігіңізді және фантазмяңызды бекітеді. Жас балалар өз түстеріне ие болуды бес аптада-ақ үйрене алады. Үлкен адамдарғы кейде бірнеше ай да аз болады.
Гипнозбен туыстас бінәрсе деп ойлаймын.
Түсінде: — мачо, философ, атақты адамдармен шәй ішкені, баяғының батырларымен шайқасаны т.б. солай "құлақтан" іледі екен әйтеуір))
Соның айтқандарына асақадірмендіназарынаударыпмәнберген қыз айтып еді.