БАҚ-тың "әңгімесіне" сүйенсек Каддафидің өлтірілгенін Ливияның өтпелі кезеңдегі Ұлттық кеңесінің әскери жетекшісі Әбделхакім Бельхадж да «Әл-Жазира» арнасына берген сұхбатында растаған. «Каддафи ливиялықтар қолынан өлтірілді. Мен бұны растаймын», — депті ол телеарнаға берген сұхбатында. Сөйтіп 40 жыл Ливияны билеген Муаммар Каддафи 9 айлық көтерлістің құрбаны болды. Айтпақшы бірқатар сайттар кеше кешкісін мына суретті жариялады.
Ливияның не болып жатқан бүгінгі жағдайын барлығымыз да білетін шығармыз. Қақтығыс, соғыс, қырылыс деймізбе әйтеуір Аллаһ елімізден ондай жағдайлардың бетін ары қылсын!.. Бірде youtube-тан араб тілі жайында қажетті ролик іздеп отырып, мына бір Аллаһтың кереметіне тап болдым! Кешегі соғыс барысында қалатасында Құран кітабы бар кісіге қаңғыған оқтардың бірі келіп тиеді. Ол оқ қалтасындағы кішкене ғана өте жұқа қағазды Құран кітапқа тиіпті. Таң қаларлығы үлкен оқтың Құран кітапты тесіп шығалмағаны мен кісінің тірі қалуы…
Ол оқиғаға куә болғандар Аллаһты ұлықтап, мадақтарын жаудыруда. Ал біздер видео арқылы куә болып көрелік:
Қанша уақыт өтті… Ливияның басына іс түскелі… Ливияға қарсы кампания басталғанда, Ирак есіме түсті… Ол кезде де тура осылай басталған болатын… Негізгі көзделген нысанаға айналсоқтап жеткен болатын ол кезде… Бірінші Нью-Йорктағы қос ғимарат, одан кейін Ауғаныстанға жорық… Одан кейін Ирак..
Енді міне, сонау Мысырда басталған дүмпу Ливияға келіп тірелді..
Бұл екі киноның сценариялары бір… Режиссері де бір… Бірақ актерларі басқа..
Ең бастысы бұған ешбір ел қарсы шыға алмады..Өздерінше күш сымақ елдердің өзі… Себебі ешқандай күш жоқ… Бірақ күш бар әлемде… Американың артында тұрған күш… Кукла театрінде куклаларының жіптерін ойнатып отырған қолдар (күштер)..
Бірақ ол қолдар (күштер) нағыз Күшті ұмытқандай… Кукла ойнатқандарына мәз болғандар, өздерінің де бұл пәни әлемде кукла екендерін ұмытқандай… Ертеңгі әділ сотта, әр бір зардап шеккен тірі жан иесінің ақысын алып қайтаратын Әділді ұмытқандардың халі қандай мүшкіл еді десеңші..