Kinostan.kz: бір жылдық қорытынды есеп



Кішкентай кейіпкерлер жоқ, кішкентай актерлар бар.
Оноре де Бальзак


Бұдан тура бір жыл бұрын, дәл осы 11 маусымға азды-көпті елді шақырып, kinostan.kz жобасының азын-аулақ таныстырылымын өткізген болатынбыз.

— Қалай қарайсың?
— Болады.
— Бастайық онда, — деп апыр-топыры шығып, бір түннің ішінде Интернетке шығып кеткен kinostan.kz туралы сол кезде ыстық-ыстық тілектер айтылып еді.

Бір жылдың ішінде біздің жоба біраз дамып қалды. Әрине, жоқ жерде сайт құру, стартаптың ең төменінен бастау өз кемшіліктері мен кедергілерін көрсетіп-ақ жатыр, әйткенмен, энтузиазм, үміт әлі таусылған жоқ, еңбек қайтар деген ой бар.
Әрі қарай

Ерболат Төлегенов: Киностан.kz сайтын ашылуымен құттықтау



Ерболат Төлегенов комедия жанрында бірқатар фильмдерге түсіп үлгерді. «Ойпырмай» картинасында ерке ұлды, «Супербаха» фильмінде Майбасты сомдаған жас актердің әншілік өнері де жоқ емес. Салтанатты кештердің бірінде «Киностан» сайтының ашылғанын естіген Ерболат жаңа ресурстың ашылуымен арнайы құттықтады:
Әрі қарай

Киностан һәм блогшылар. Минибар



Сонымен… сайт ашылды. Киностан дейтін. Оу баста бірімізде әуесқой сайт, бірімізде блог ретінде күн кешкен идея енші алып, жеке шықты. Болашақта, Құдайым жазса, кем дегенде жиырма қабат болар ғимараттың қазықтары қағылды, іргетасы қаланды, алғашқы кесектері құйылды (стройбригаданың бастығы — @blackbeard).
Әрі қарай