Киностан һәм блогшылар. Минибар



Сонымен… сайт ашылды. Киностан дейтін. Оу баста бірімізде әуесқой сайт, бірімізде блог ретінде күн кешкен идея енші алып, жеке шықты. Болашақта, Құдайым жазса, кем дегенде жиырма қабат болар ғимараттың қазықтары қағылды, іргетасы қаланды, алғашқы кесектері құйылды (стройбригаданың бастығы — @blackbeard).

Алдымен алған ісімізге бауырлық ниеттерін білдірген блогшыларға сайттың бетін аштық.

@urimtal бізге өте қажет ұсыныстарын айтты, көрсетті, @Zere, @Zilola, @monti, @balgyrgan, сосын сонау Павлодардан келген Айжан қуанғандарын айтты, ниеттерін жеткізді.

Салыстырмалы түрде кейін келген @madlen, @blackbeard және @Kozy шай ішті, пішәнәй жеді, әсерлерін білдірді.

«Одна голова хорошо, а двух не бывает» дегендей, бұл бір пайдалы кездесу болды. Қосымша ұсыныстар айтылды, жетпей, жетіспей жатқан жерлер сөз болды, сенім ұялады.

Аяғында, блогкемптің алдындағы кездесулердің стилінде мамыражай атмосферада шай іштік, Қалдықыздың пісірген тортын жедік (ұсақ әңгіме демеңіздер)

Алдымызда ох, қандай жұмыстар тұр. Киностан баянды жоба болады деп үміттенеміз…

Төменде суреттер.



Сайттың бас әкімшісі Ернар Бекенов кездесуге дайындалып жатыр.



Киностанға күшті суреттер түсіріп жүрген Монти.



Суперұсыныстарды суперблогшы Асхат Еркімбай айтты.



Өрімтал және қызғылт қоян.



Осы Салтаның күлкісі бар ғой…



Мұқият тыңдау



Павлодарлық блогшы Айжан Байтанова



«Сайттың сықпыты осы. Сұрақтар?» © Ернар



«Ой-ля-ля, ой-ля-ля
Ақзере мен Зилола» © AKY



No comments



Серенаданың салдары



Сайттың техникалық титандары — Садық пен Ернар



Керекшілер бұл жерді де флудтап кетті.

Таныстырылымға келген барлықтарыңызға рахмет! Киностанның тек қонағы ғана емес, белсенді қолданушысы да болыңыз

Құрметпен,
тең дәрежелі төраға (қалай,ә?) Қисық
Бөлісу:

46 пікір

patick
расымен де, ох шаруа қандай көп алда!!!
qisyq
Шегінерге жер жоқ, артымызда Киностан:))))))
Aizhantabyn
Қарасақал мен Мадлен ұқсайды бір бірімен))))))))

(негізгі айтайын дегенім енді): Сайт супер! Бастысы қазақша)) Позитив суреттерден ұрып тұр!!!
ана жерде комментс және логин дұрыс аударылмаған деп жазылыпты ғой))) Қарасақалдың почеркі ма?)))

Салтаның күлкісіне ғашықпын) Пятый қауымдастыққа кірііііп кеттім)))
VKM
Жақсы бастама, жақсы команда,қолданушылары да керемет сайт!)
Біздің қыздар супер!! 
Серенада айтыла берсін, тойлар бола берсін!!
TERISKEY
бізге жұғысты болсын деишииии
Erkekyz
Сәттілік тілеймін! Берері мол, оқырманы көп сайт болсын!
Ал суреттер .
ushkin
Барайын деп… барайын деп… бара алмай қалдым осы тұсаукесерге)Бірақ, барғандай болып отырмын суреттер арқылы)))
TOTY
Құтты болсын! Патик құрылтайда презентация жасап еді, жүзеге асырғанына қуаныштымын!
bazuka
сәттілік тілеймін!
direct
Иә, жобаларың қозылы баянды болсын!
alisha
Жемісін көріңдер!
sigma
Ырысбек жинау үшін жазылған ба деп қалдым, алдында осының бір-екеуін оқыған соң.
Құтты болсын, күш көп болсын.

Кіші үйдің балдары маладес
qisyq
Ырысбек жинау ой-таназарыма да кіріп шықпапты, sigma Әйтеуір, кездесуді ұйымдастырушылар тарапынан бір есеп жазба болсын, сосын суреттеріммен бөлісейін дегенім ғой Кіші үйі қайсысы?)))

Тілегіңе рахмет, Алла разы болсын.
sigma
Менікі де әзіл ғой, Кіші үй туралы любопытный болып жүре беріңдер
KILYZAMAN
Жобаларың өрге басып, киностандарыңның қойнауы саф алтынға толсын…
edige
@patick, @qisyq істеріңе береке!!! Келесі ет асқанда айтыңдар… ))

10-11 суреттегілер ұнап отыр ше… Тфәй тфәй көз тимесінш…
и жандары десе...)))))))))))
Пікір түзетілген: 13 маусым 2011, 18:31
Dinara
Жарайсыңдар, өте өте керек сайт.
Мадлен мен Қарасақал сондааййй жарасымды, машалла  екеуінің суреті сәтті түсірілген
Мадлен Дауыс интернейшнлдағы қызға ұқсайтын сияқты
alisha
бәсе, мен де біреуге ұқсатып, таба алмай жүргемӘсел Садуақасоваға ұқсайды бетінің кескіні Жарасымды жұп расында
Dinara
сол атын есіме түсіре алмай қойдым, Аяри еді ғой  
қазақша клипі келе берді көз алдыма
madlen
соның суретін берген бағыда біреу, ұқсайсың деп. Жарайды деп, портмонема салып жүрм 2 жыл бойы. Қасымдағы құрбым сол 2 жыл бойы оны менің суретім деп ойлапты
VKM

Мынау ғой, Динара)))
Zilola
клип супер, бір киноға татырлық
madlen
маған көрінбейді
VKM
Мадлен, сен көрмей-ақ қой, дәл сенсің ғойхехе
Dinara
ияя, осы. Рахмет ВКМ, мен қолыңдамын деген  күшті шыққан осы клип, әдемі бейнеленген барлығы.
madlen
аа, видео болса, точно көрінбейді жұмыста
Dinara
сосын айтпақшы Аяри символ болған еді ғой, қыздар арасында
VKM
иә, маған да ұнайды, керемет жақсы жасалған клип. Басты рольде біздің Мадлен
Dinara
теледидардан көп берілген клип біраз уақыт бұрын Мадлен, көргенсің
blackbeard
Кішкене қателестіңіз-ау шамасы Негізі керісінше Дауыс интернейшнлдағы қыз Мадленге ұқсайды
Zilola
келді
blackbeard
Бір жаққа кеткенім есімнен шығып тұрғаны...
Zilola
жақтаушысы келді дим да ))
nurbergen_makym
Қазақ киноматографиясы дамымаса, бұтаққа да керек емес сайт!
Олай болмасын деп тілек тіледік…
Daniar-Alan
2-жылдығын атап өтеді жақында  Қазақ киноматографиясы дамып жатырған шығарӘ )
TERISKEY
ИншАлла! Қазақ рухының тағы бір еңсе көтерер тұсы осы сайттың құрылуы арқылы жүзеге аспақ,қолдарыңнан келеді, жігіттер! Сәттіліктер болсын! Тілекшіміз!
AKY
тең дәрежелі төраға Қисық
Күшті!
Ноу комментс суретті күшті жерден ұстапсың))
Сәттілік!
Dzhuli
kerekinfo тек қана алға!
meirzhan
Киностан тек қана алға!
Katibaldi
@qisyq,@patick сыболыштар сайттарың құтты болсын. 9 айға жетпей жүкті болсын. Одан тағы бір сайт туып, ол google-ден де мықты болсын. Өзің Қисық сияқты сияқты гүмпиген, Патик сияқты не, не ғой не сайт болады деп сенем. Айтпақшы анау домендеріңді өз аттарыңа тіркеп алуды ұмытпаңдар.Небір негр шығыватр. Мен атқарушы деректірмін, Қисық пен Пәтік редактор деген әңгіме айып бір бастық пайда болып жүрмесін. Ізя Нақи деген біреу шықты, соған айтсаңдар ауыстырып беред.
qisyq
Лібә, сенің көзің құрыды ғой деп жүрсек.
Gastarbaiter
кеше жазған постым ұзын шықпай қапты. Қайта жазбай-ақ қояйын.
Кино компаниялар сендер арқылы пиар жасап, «IMDB-ның» деңгейіне, тым болмаса Кинопоиск-пен бәсеке болуларыңа тілектеспін.
Zhanylai
Сәттілік тілеймін!!!