Жастар мәселесі назарда

Астана – жастар қаласы. Елорда тұрғындарының төрттен бірін 14-29 жас аралығындағы жастар құрайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, Астана қаласында жастар категориясына кіретіндер саны 213,4 мың адам немесе қаланың жалпы демографиялық көрсеткішінің 25% құрайды.

Бүгін қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жастарды мемлекеттік қолдау және оларды Астананың қоғамдық өміріне тарту мәселелері талқыланды деп хабарланды Астана қаласы әкімдігінің astana.gov.kz ресми сайтында. Өткен жылы жастарға арналғанм 30 астам жоба жүзеге асырылып, 150 астам шара ұйымдастырылды. 2016 жылдың басында 13 аула клубы жұмыс істеп, олар 2500 бала мен жасөспірімді қамтып отыр.

Астана жаңалықтары: Жастар мәселесі назарда

Басқарма жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр, негізінен жастардың кәсіптік бағдарына баса назар аударылады.

— «Жасыл ел» бағдарламасы белсенді түрде қолға алынған, оның шеңберінде жыл сайын мыңдаған студент құрылыс және қаланы көгалдандыру салаларында жұмыс істейді. 2015 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 1500 астам жастар түрлі ірі компанияларға жұмысқа орналастырылды. Биылдан бастап 300 астам адам ЭКСПО қалашығын салуға қатысып отырғанын айта кету керек, — деді Астана қаласы жастар саясаты басқармасы басшысының м.а. Ербол Рыспаев.

Талқылау барысында комиссия мүшелері қазіргі кезде аула клубтарының мүшелері тиісті деңгейде жолға қойылмағанын, сол себепті жастардың біршама бөлігі қамтылмай қалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жұмыссыз жастармен жүргізілетін жұмыстардың да кемшін тұстары бар. Депутаттар барлық мүдделі мемлекеттік құрылымдарды тарта отырып, азаматтардың осы санатын еңбекке орналастыру бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де шешілмей келеді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері барлық ескертулерді ескере отырып, басқарма қызметі туралы есепті келесі отырыстарда қайта тыңдау туралы қорытынды жасады.

Сонымен қатар, отырыста ревизиялық комиссияның қалалық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасында, Жастар саясаты мәселелері басқармасында жүргізілген аудиторлық шаралардың қорытындысымен танысты.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша осы саладағы үйлестірушіні анықтап, қаланы сыртқы тақырыптық ресімдеу, елордада мәдени имиджілік және әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін бірыңғай құжат әзірлеу мәселесін қарау ұсынылды.
Әрі қарай

ЖАСТАР ПАРЛАМЕНТІ


Жастар қашанда елдің басты күші болып саналған. Олар ел саясатына белсенді араласуы керек, ел экономикасына қызығушылық танытуы тиіс. Осы мақсатта 2003 жылы құрылған Жастар Парламенті бүгінгі күнге дейін өз қызметін жүйелі түрде атқаруда. Аталмыш ұйым Қазақстан Республикасы Парламентінде практикадан өтетін жас студенттердің осы ісін ары қарай жалғастыру мақсатында құрылған. Яғни, Жастар Парламентінің мойнына артылған жүк, ҚР Парламентінікінен кем емес. Құрамы Төраға, Спикер, Аппарат жетекшісі, сонымен қатар олардың кеңесшілері мен орынбасарларынан құрылған топ, бірнеше шаралар мен айтулы істерді де атқарып үлгерді. Ең алғаш Жастар мәслихаттарына сайланғандардың 64 пайызы — ерлер, 8 пайызы -жұмысшы жастар, 14 пайызы-ауыл жастары, 41 пайызы-жастар ұйымдарының өкiлдерi болған.
Жалпы Жастар Парламенті немен айналысады? Жастар Парламенті елімізде қабылданып жатқан заңдарға араласуға, сол жайында өз пікірін білдіруге, оны талқылауға құқылы. Мәселен, ҚР Парламентінің талқылауға берген заңдарының арасында «Жастар саясаты туралы», «Тауар биржасы туралы» заң жобаларын және т.б. атап айтуға болады. Бір сөзбен айтқанда, Жастар Парламенті –еліміздегі бүкіл жастардың ойын, көзқарасын, қалауын, ұсынысын билікке жеткізуші ұйым. Ол Қазақстан жастарының заң шығаруға араласуына тікелей жол ашады. Сондай-ақ, бұл ұйым қайырымдылықпен айналысады, жыл сайын еліміздегі өзгеде студенттік ұйымдармен дөңгелек үстел, конференциялар өткізіп тұрады.
Бұл ұйымға кез келген 18 жас пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматы мүше (депутат) бола алады. Жастар Парламенті Депутатын сайлауда оның жеке сипаты, яғни жынысы, ұлты, діні т.б маңызды фактор болып табылмайды.
Әрі қарай