Абдулаи Диакате: «Тараздан» кеткім келмейді

left
Қазақстанда доп теуіп, нәпақа тапқан тәжірибелі шетел футболшылары жетерлік. Сондай футболшылардың бірі Абдуллаи Диакате. «Тараз» футбол клубында еліміздің намысын қорғап жүрген сенегалдық жартылай қорғаушы бұған дейін Түркияның бірінші лигасында ойнаған. Жақында 23 жасар футболшымен тілдесудің сәті түскен еді.

– Абдуллаи, Қазақстанға биыл бірінші рет келіп отырсың. Командаға қаншалықты бой үйреттің?
– Бастапқы кезде тілге байланысты қиындықтар туындаған. Қазір бірте-бірте оған да үйреніп келемін.
– Тіл демекші, қазақша қандай сөздер үйрендің?
– Әзірге «Сәлем», «Қалайсың?», «Рахмет» деген сөздерді ғана үйрендім.
Әрі қарай