Көзбен көрген Blogcamp
Сонымен, бұл да өтті...
Жаңа жылдан кейінгі алғашқы басқосулардағы күпінген максимализм (Бурабайға бару жоспарын айтам), демеушінің жоқтығынан сағымыз сынғандағы сары уайым (Талғаттың табандылығына рыспектен басқа айтарым жоқ), құрылтайдың күні жақындаған кезде жұмыстың қарбаласы артып кеткендегі жанталас, Препатиге әуелі адам жинай алмай, сосын адам сыйғыза алмай қалғандағы сасқанымыз, виртуалда көргендерді реалда көргендегі ерекше сезімдер, Кофе-брейктің асай-мүсейлерін алып келе жатқанда Астананың жол полиция қызметкерлерінің туған күніме жасаған «сыйлығы» (Нұрғиса, енді сенің үйіңнің қасымен жүрмеймін), өзімнің туған күнімде отырып, көңілім афтепатиде болғаны, бәрі де өтті…
Кешеден бері барлығыңның жазбаларға қарап түйгенім, блогкемп бәрінің дерлік көңілінен шығарлықтай өтіпті. Дегенмен, көңілдегі түйткілдер де жоқ емес екен. Ол да болса, өскелеңдігіміздің, енжар еместігіміздің белгісі болар.
Бәрін айт та, бірін айт, Блогкемпте өзім көрген жайларды жазайын. Не ғо, менің жазбамнан Қазнеттің дамуына сүбелі үлес қосар ұсыныс, блогкемптің декларациясына жарайтындай қарар іздемеңдер, жай ғана прикол ғо.