«Бешбармақ» Роза Рымбаеваның бейнебаяны емес

Блог - rakisheva: «Бешбармақ» Роза Рымбаеваның бейнебаяны емес
Астанада қала күнін мерекелеу аясында өтетін композитор, әнұран авторы, «Қазақ вальсінің патшасы» атанған Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Әнім сен едің» концертінің баспасөз мәслихатына қатысқан Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Бешбармақ» оның бейнебаяны емес екендігін айтты.

Негізі баспасөз мәслихаты басталғалы жатқанда ұйымдастырушылар журналистерге оған желіге шыққан соңғы бейнебаянға қатысты сұрақтар қоюға тиым салды.

Алайда жарты сағаттай уақыт өткеннен соң, 7 арнаның батыл журналисі, әлде шыдай алмай кетті ме екен негізі сол сұрақты бәрі қойғысы келіп отырған «Роза Қуанышқызы, мен сіздің атауы дәмді бейнебаяныңызға қатысты сұрақ...» дей бергені сол еді Роза Рымбаева өзі-ақ "«Бешбармақты» менің бейнебаяным деп ойламаңыздар" деп ағынан жарылды.

Бұл рэпті жазу Александр Шумскийдің идеясы болғандығын айтқан Роза Қуанышқызы:
— Александр бұл рэп арқылы түрлі ұлт өкілдері бірігіп біздің ұлттық тағамымыз бешбармақты әндеріне қосып, мақтап жатқандығын көрсеткісі келді. Сәйкесінше рэпте танымал қазақ дауысы керек болған. Сол кезде ол маған «Роза Қуанышқызы сіз өз ұлтыңыздың өкілі ретінде осы сөздерді айта аласыз ба?» деген ұсыныс білдірді, мен егер біз бешбармақты әнге қосатын болсақ әрине, неге айтпасқа деп келістім. Маған «Қазы-қарта, жая» деген сөздерді ғана берді. Мен қуанышпен айтып шықтым, жанымда ұлым мен өзге ұлттың сүп-сүйкімді жас жігіттері рэптерін орындап, билерін билеп тұрды. Біздің бұл ән Америкалық деңгейде шықты. Меніңше кез-келген америкалық біздің «Бешбармаққа» қызығушылықпен қарайды. Өзім бұл жанрда ән айтатын адам емеспін. Менің әндерім ол өзіміздің Шәмші, Сейдолла, Нұрғиса, Талғат Сарыбаев ағаларымның әндері, — деді.

Ал «Бешбармақ» бейнебаянына қатысты айтылып жатқан сынға ол:
— Оны түсінетін адам бар, түсінбейтін адам бар. Рэп біздің ұлттық музыкамызға қатты жақын емес қой. Сондықтан оған дұрыс қарайтындар да, қарсылар да өз ойларын білдіруде. Бұл клиптің мағынасы орындаушының бешбармаққа деген құрметін көрсету. Ол жерде жалғыз мен тұрған жоқпын, қаншама ұлттың балалары тұр. Бір жағында орыс, бір жағында неміс, әзірбайжан, Шумскийдің өзі поляк. Бейнебаянда барлығы сол біздің бешбармағымызды сүйсініп тұрып жеуде. Ол бір жағынан насихат. Қазақстанда бешбармақ дегенде оны құрметтемейтін халық жоқ. Сондықтан бұл заманауи рэп. Ол менің бейнебаянм деп ойламаңыздар. Егер мен бейнебаян түсіретін болсам тек әнмен жасаймын, ең соңғы бейнебаянм «Өткен күндер»», — деп атап өтті.
Әрі қарай

БЕШ

Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Әли Оқапов және ақтаулық рэп-орындаушы Үлкен Жайынның (Big Som) бірлескен «Беш» жұмысы тыңдармандар арасында үлкен резонанс туғызды. Осы уақытқа дейін бұл ән айналасында біраз пікірлер де айтылған болатын. Дегенмен, менің постым бұл жұмыстың ұлттық құндылықтарға деген сәйкестігі жөнінде емес, жұмыстың сапалық деңгейі туралы болмақ.

Бірден айта кетейін, «Беш» әнін тыңдар алдында, ютубта Стиви Уандердің өлеңдерін тыңдап отырған едім. Сондықтан болар, клипті көру барысында көңіл-күй «тамсану» режимінен «есеңгіреу» режиміне ауысты. Басқаша айтқанда,
моншадан шыға берісте, абайсызда сүрініп, балшыққа құлап қалған сияқты болдым.

Блог - zhumabek_sarabek: БЕШ

Бір қуаныш, бір қайғы
Дегенмен, «Беш»-тен Нұрлан Абдуллиннің әлі тірі екенін біліп, қуанып та қалдым.

Ән туралы
«Беш» әні Тимати мен L’One-ның «GQ» өлеңіне пародия екені бүгінде бәріне белгілі. Мүмкін сондықтан болар өлең сөздері де, клиптегі негізгі кадрлар да ресейлік нұсқамен салыстырғанда үлкен өзгеріске ұшырамаған. Айтпақшы, пародия жасау авторы алматылық шоумен Александр Шумский екен.

Бұл ретте ең басты сұрақ «Мұндай жұмысты не үшін шығарды?» (орысша айтқанда «нафига»). Мүмкін бұл жобаға қатысушылар қазақтардың сүйікті тағамы туралы ән халық арасында «бригол болады» деген интуициялық сезімге негізделген болар. Шынымен, соңғы уақытта көптеген әншілер арасында ұлттық темаға жүгіну кең таралған құбылыс. Бірақ, бұл жолғы спекуляция сәтсіздікке ұшырады. Мұның себептері көп-ақ. Ең бастысы, тыңдармандардың "әзілді" түсінбеуі десек болады.

Айта кететін жайт, пародия болғандықтан, «Беш» әнін еріксіз түрде ресейлік нұсқамен салыстыра бастайсың. Осылайша, қайырмадағы Роза Рымбаеваның дауысы — өте сәтсіз таңдау екенін айтуға болады. Рымбаева «партиясын» ресейлік прототипте жас әнші орындайды (Надежда Бабкина емес).
Клиптің видеосы мен аудиосы сәйкес келмейтіндігін еске салып қажеті жоқ шығар.

Би туралы
Клиптегі ең қызықты сәттер Рымбаеваның хаотикалық конвульсияларымен, яғни биімен байланысты. Роза Қуанышқызының керемет «па»-лары 2:36 минуттан басталады. Негізі біздің эстрадада жақсы билейтін адамдар өте аз. Бүгінгі күнге дейін маған белгілі тек Досымжан Таңатаровтың би мектебі: орныңда тұрып алып, билеген кейіп таныту және кез-келген әнге келетін "әмбебап" қимылдар жасау. Сондықтан, бұл таң қаларлық жайт емес.

Ал, Оқапов мырза өз кезегінде тәуір билейтіндігін көрсетті. Тіпті, өлең сөздерінде Әли Оқапов пен Майкл Джексон арасында жасырын параллельдер жүргізіледі. Бірақ, Майкл Джексон — ең алдымен керемет вокалист, дарынды композитор және өте еңбекқор афроамерикандық екенін ұмытпау керек. Кейін ғана барып ол талантты биші. Осы себепті мұндай теңеулер орынсыз.

жалғасы бар
Әрі қарай

Жапония күнделігінен: "Көзілдірік-көпір" немесе Нагасаки кеші

Көктемдегі Жапонияға саяхатымның осы Керектегі ақырғы нүктесі қойылар күн жақын екенін қуана хабарлай келе, соңғы үш жазбамның алғашқысын ұсынбақпын (былайша айтқанда «начало конца»).
Осының алдында Керек жабылып қалып, жазуларымыз жетімсіреп, кішкене тоқырау болып еді, міне оның да орны толып, сіздермен тағы бір рет өткенге саяхат жасағанды жөн көрдім.
Нагасакиде көп бола бермегендіктен, ондағы бос уақытты мүмкіндігінше қала аралауға жұмсадық, кезекті сенбінің бір кешінде Жанна мені осы «Көзілдірік-көпірге» алып келді, суреттер легі:
Әрі қарай