Байқоңыр ауданында жаңажылдық шыршалар орнатылды

Аяз ата мен Ақшақар, түрлі гирляндалармен безендірілген көңілді эльфтер мен шыршалар мерекелік көңіл-күй сыйлауда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданының бес жерінде жаңажылдық шыршалар орнатылып, мұз төбешіктер, ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері тұрғызылды («Жастар» сарайының маңы, «Алатау» СК ауданы, Ататүрік саябағы, «Өндіріс» ТА мен «Кирпичный» секторы).

Аяз ата мен Ақшақар, түрлі гирляндалармен безендірілген көңілді эльфтер мен шыршалар мерекелік көңіл-күй сыйлауда. Бұған, әсіресе, елорданың кішкентай тұрғындары ерекше қуанды. Сондай-ақ, бізге ШОБ субъектілері де қолдау көрсетті. Олардың көмегімен «Алаш». «Жастар» сауда үйлерінің, «Алай», «Шарын», «Биг Шанхай» базарларының, «Форум» бизнес-орталығы мен «Жібек жолы» қонақ үйінің аумағында жаңажылдық шыршалар орнатылды», — деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Аталмыш шарадан білім беру мекемелері де тыс қалған жоқ. № 5, 27, 31, 49, 54, 55 мектептердің әкімшіліктері мекеме аумағындағы сырғанақ алаңдарын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Байқоңыр ауданында абаттандыру ережелерін бұзған 57 құрылыс компаниясы анықталды

Байқоңыр ауданының табиғатты қорғау полициясы құрылған сәттен бастап (2018 жылдың 1 қазаны) қазіргі уақытқа дейін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін инспекторлар 176 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, 1 310 725 теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. Оның 751 562 теңгесі өтелген, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


«Бекітілген аумақтарды қарау кезінде табиғатты қорғау полиция қызметкерлері аудандық әкім аппаратының мамандарымен бірлесе отырып, құрылыс алаңдары мен учаскелердің қаланы абаттандыру ережелерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Іргелес аумақтардан қарды, мұздақтарды, қоқыстарды уақытылы жинамағаны және шығармағаны, құрылыс аумағынан тыс құрылыс материалдарын жинағаны, қоршаудың және нысанның құрылыс паспортының болмауы, үлкен жүк автокөлігінің дөңгелектерін жуу пункттерінің жоқтығы үшін 57 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 986 050 теңгені құрайды», — деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.


«Белгіленбеген жерде қар, қоқыс, бетон, балшық төккені үшін жыл басынан бері 43 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.


Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында болады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Жолдау іс жүзінде: Байқоңыр ауданы қалай өзгеріп жатыр?

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды іске асыру кезеңдері елордадағы № 10 мектепте талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында тұрғындарға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы түсіндіріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Шараға Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қатысты.

«Жолдау аясында ауданды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Көшедегі жарықшамдардың саны артып, спорттық және балаларға арналған ойын алаңдары орнатылып жатыр», – деп атап өтті Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Каналимов.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында әкім 2018 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарға есеп беріп, 2019 жылға белгіленген жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, ауданның өмір сапасын жақсарту жөнінде өз ұсыныстарын жеткізді.