«Менің атым Қожа» немесе қазіргі балалар образы

«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін.
Әрі қарай