«Менің атым Қожа» немесе қазіргі балалар образы
«Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады.» деп басталатын Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі бала көз қарасымен бейнеленетін шынайы өмірдің боямасыз суреттері арқылы оқырмандарының жүрегіне жол тапқан ерекше шығарма. Түн жарымына дейін шам жарығымен балғын бала махаббаты Жанарға «кеудесі толы сезімін сүйкектетіп», Абай атасына еліктеп, шабытын шақыра, ғашықтық ғазалдарын жазып, жыр арнамаушы ма еді?! Сол шақтағы ақылды тентек, озат оқушы, «жазушы боламын» деген арманшыл аңғал Қожаның образы езу тартқызып, қалай да сүйсіндірмей қоймайды, әрі сол бейнені бүгінгі балалар бойынан іздеп таба алмай еріксіз бас шайқайсың. Себебі, ол Қожа табиғатты сүйетін, шынайы поэзияны сүйетін.
«Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт тілі болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады» дейді Мағжан атам. Ендеше, қазіргі Қожаның сөз саптасынан, жүріс тұрысынан сары атырапта үдере көшкен қаймана қазақтың паң, сабырлы мінезін тани аламыз ба? Кешегінің Қожасы мен бүгінгінің Қожасының айырма, алшақтығы неде деп ойлайсыз?
Бүгінгі Қожаларды тәрбиелеудің басты құралы теледидар мен интернет екені белгілі. Қазақстандық әлеуметтік зерттеушілер «Балалар күніне орта есеппен алғанда өлімге қатысты 17 және қатыгездікке қатысты 37 көрініс көреді» дейді. Осылайша күнұзақ теледидарға телмірген бала ұлттық тәрбиенің уызына қайдан жарысын?!
Отандық телеэкранда жиі көрсетілетін «Алдараспан», «Зіл-Әзіл», «Наша Казаша» тәрізді әзіл-оспақ оспадар театрлар жас буын өкілдерін арзан күлкі мен бос сөзге үйірсек қылып, арман айдынынан алыстатып, талтаңдаған бос жүріске үйретеді. Ал бос қылжақтықтың түбі құлықсыздыққа, ықылассыздыққа, өмірдің мәніне ден қоймаушылыққа әкеп соқтырады. Содан да болар, мектеп жасындағы балалардың күнделікті сөз қолданыстарынан «басыңды қадаймын», «атсың», «лох», «базар жоқ», «копец», «прикинь», «братан» сынды сөздерді жиі еститініміз өтірік емес. Мектеп жасындағы балалар деппін-ау студент жастардың дені осындай сөйлеу стилін қолданатыны шындық.
Осы жерде Қара Қожамызға қайта оралмасқа амалың қалмайды:… Жайлаудан қайтып келе жатып, «жұпар аңқыған кең жазықтың төсінде» қиял құсын қияға сермеп: «Абай мен Қасымды қаншы оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астарынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарш-құрш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері...» деп емірене толғанбаушы ма еді?!
Ендеше, әжесінің талай «тоқмашын» жеп өскен сол Қожа мен бүгінгінің Қожасының арасындағы айырмашылық та осы арадан анық байқалады. Бесікте жатып анасының әлдиіне әлпештеліп өспегені, қара кемпір мен қара шалдың өнегесі мен ертегісін тыңдамай, ұлттық нақыштан ада, Кеңестік тәрбиенің негізінен бастау алған балабақшада тәрбиеленуі санасында қазақ деген ұғымы жоқ бүгінгі балалардың дүбара болып, тілінің жұтаңдануына әкеліп соғып, сол Қожалардың айқындалған алшақтықтарының басты салдары болып отыр емес пе. Осындай ұлттық тәрбиенің негізінен ажырап қалған, сөзі жоғалған балалар кешегі «Қайран да менің Еділім» деп еңірегенде етегі жасқа толған қарға бойлы Қазтуғанды, «Күмбір, күмбір кіснетіп» көмейінен жыр ақтарған Ақтамбердіні, Ұлт ұраншысы болған Бұқарды, Абайды, бір мақсат бір мұратта бірігіп, жұмылған жұдырықтай болған Алаш арыстарын түсіне қоюы, оқуы, әй, неғайбыл дүние-ау…
Бүгінгі тілдің бұл бейнесі қазіргі қазақтың жан дүниесінің айнасы болар, бәлкім...«Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп пе еді?! Қорқам, келешектен қорқам…
Туған даласын сүйген, ертеңгі болашағын аңсайтын, арманына асығатын Қара Қожа қайдасың?

Зор құрметпен: Жарты сағат бұрын оқырман болған пақырыңыз.
қорқады, жасқанады, именеді, жиіркенеді)))
ренжіме қарындас, мұндай тақырыптардан мындағылар әбден қажығандар. Абай, маша сияқтыларға беріп көрмедің бе?
Жалпы сайттағы материалдар әрқилы болғаны қызық қой. не болд сіздерге сонша?
Жауыр болса, болған шығар. Бірақ, мен көптен оқымап едім.
Бұл жерде ақпараттық құны бар бірде бір факт, не дерек көре алмадым. Екі көрші әйелдің кездесіп қалғанда айтатын әңгімелерінің деңгейінде. Сондықтан да минус.
Бірақ, бесит, когда өзі бала боп басқаның баласынан ақылды, супермега тіл жанашыры бола қалатын әлі журналист болмаған, бірақ болғысы келетіндер.
Телик — зло деген тақырып бұрыыыыын талқыланып, електен өткізілген. Сосын Қожа туралы оқыған сияқты ем, уордпрессте кажется.
Сомен, жеке пікір, тың тақырып, қызықты мәселе болса) А так, уелкам, сіңлітайка)))
Aya шпагатқа отыра ма екен, білгендерің бар ма?
Сөз арасында, сарысын көрдім, жасылын көрдім, ағын да, бірақ қызылын көрмеппін :) Қызыл, қоңыр, қара күріштер қымбат қой, сондықтан көбісінің қолы жете бермейді, дәмін татып көрмегендер қаншама
Социализм демекші, Сізге көргенімді айтып берсем бе екен, естігенімді айтып берсем бе екен, а?
Ал, естігеніме келер болсам, коммунисттер митингіге шығып тұрады екен «Интерннационалды» айтып, туды желбіретіп.
жаман пікірлерге сонша ашуланбаңыз, менің де өзім туралы жазған кейінгі постым көп минусталып кеткен соң өшіріп тастадым) бәріне бірдей ұнау мүмкін емес қой:)
Неге өшірдің?Жап — жақсы тұр еді… Плюсталып, алғашқы бетке де шықты. Біраааз қызықтармен бөліскен ең, оқывалдым соған да ризамын :)))Мынадай жерлерін анық оқымадым. Толық нұсқасын қайдан алса болады?
Статистика бойынша 27-ден бірі нысанаға дөп тиеді екен
братва алаңдап отыр, наразылар да бар©