Айтайын дегенім

«Керекинфоға» тіркелгеніме көп болған жоқ. Шынымды айтсам, әрбір жариялаған (мейлі ол «умаждалған», мейлі тың тақырып болсын) жазбаға жан-жақтан, яғни сіздерден салмақты ой-пікірлер күтетінмін. Себебі бір мәселеге бірнеше көзбен қарап, өрбіту деген жақсы ғой. Бірақ, Аршат, Асхаттар бұл жерді боқауыз сөздердің қоймасы қылыңдар деп ашты ма? Бәрін жаза беру керек екен деп, жазып жатырмыз, жазып жатырмыз… Жазу мәдениетміз болса, құлдырап барады...((
Әрі қарай

Атыраудағы басқосу

Танымал блоггер, журналист Асхат Еркімбайдың кезекті сапарына орайластырылған Атыраулық керекшілердің бас қосуы кеше «Фаворитте» басталып, «Самұрық» мейманханасында жалғасты. Қатысқандарды фотобаян арқылы біле жатарсыздар.
Ойым — осы кездесуде бәрімен амандасып, бір сәлем беру еді. Қазақ күйінің сүйемелдеуімен, тары салынған қазақы қою шайымен ерекше атмосферада өткен отырыста Асхат, Нұрберген және Алишамен танысқаныма қуанышты болдым. Ал Маратхан, Алмастармен ескі керектен таныстығым бар. кәрі қасқырлар
Самұрық ішінде:
Әрі қарай

Кибер Чайхана



Кеше, яғни сәуірдің 19 күні пост советтік Орталық Азияның тарихы жайлы блогшылардың арасында жазылған Кристофер Шварцтың редакциясымен жарық көрген «Кибер Чайхана» атты кітабтың тұсаукесері Қарағанды қаласының Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында кесілді. Тұсаукесерге Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенттері қатысты.
Әрі қарай