Астанада жасыл технологияларды енгізу мәселелері талқыланды

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен елорданың экологиялық жағдайына қатысты мәселелер бойынша кеңес өтті. Оған қалалық департаменттер мен басқармалардың, табиғат пайдаланушы және коммуналдық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Астана жаңалықтары: Астанада  жасыл технологияларды енгізу мәселелері талқыланды

Астана қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Абзал Егембердиев қаланың экологиялық жағдайы туралы баяндап, туындаған мәселелерді шешудің жолдарын ұсынды. Атмосфералық ауаға шығарылатын лас заттарды азайту, қалдықтардың шығарылуы мен өңдеуді төмендету, көгалдандыру аудандарын ұлғайту бойынша ұсыныстар жасалды, сондай-ақ, қаланың экологиялық ортасын сақтауға және жақсартуға мүмкіндік беретін басқа да шаралар енгізілді. Жаңартылатын энергия көздерін дамыту, экологиялық таза көлік түрлеріне, көлікті отынның баламалы түрлеріне ауысу, көлік құралдары мен қаланы жылытуды экологиялық таза отын – газға ауыстыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Велосипед қозғалысын одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Кеңес барысында қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов көтерілген экологиялық проблемалардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, экологиялық жағдайды өзгерту үшін елордада экологиялық таза жасыл технологияларды енгізу, сондай-ақ, барлық мүдделі тараптардың: мемлекеттік органдардың, ғылыми мекемелердің, ҮЕҰ, қалалық кәсіпорындардың өзара іс-әрекетін дамыту қажет.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kzдеректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

Астанада экологиялық патруль құрылды

Құрамында 50 ерікті студент пен табиғат қорғау полициясының 25 өкілі енген экологиялық патруль бүгін өз жұмысын бастады деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Бұл патруль қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз факторлардың ықпал етуінің артуына байланысты ұйымдастырылған екен. Бұл ерікті жасақтың басты міндеті экологиялық мәселелерді анықтау және мүдделі құқық қорғау органдарымен бірге оларды шешу жолдарын іздеу.

Астана жаңалықтары: Астанада экологиялық патруль құрылды

– Экологиялық патрульдің негізгі қызметі табиғат қорғау заңнамасы нормаларын бұзудың себептерін анықтау. Студенттер бұзушылықтарды тіркеп, Астана қаласының ІІД-не жолдайды, – деді Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Нұрлан Уваев.

Экологиялық патрульдің мүшесі Мұхтар Мәдина Қазақ агротехникалық университетінің 2-ші курс студенті. Ол өз жұмысы туралы былай дейді:
– Менің мамандығым — эколог. Болашақ маман ретінде елордамыздың таза болғанын қалаймын. Экопатрульдің ашылғанын білгеннен кейін оған қатысуға ниет білдірдім. Қаланың таза болғанын қалаймын. Лас жерлерді фотоға түсіріп, қай жерде орналасқанын жазып, журналға тіркейміз, оны ІІД жолдаймыз, олар ары қарай жұмыс істейді.

Жалпы, жергілікті полиция қызметі бұзушылықтарды анықтау үшін қаланы патрульдеу бойынша 10 рейд өткізуді жоспарлап отыр, студенттер де экологиялық бұзушылықты тіркеген жағдайда, кез келген уақытта хабарласа алады.
Әрі қарай