АЭФ-2016 аясында 20 астам сессия өткізілмек
25-26 мамырда Астанада жыл сайынғы Астана экономикалық форумы өтеді. АЭФ-2016 басты тақырыбы — «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білім экономикасы». Бүкіл әлем сарапшылары экономиканың дамуына, елдердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ бизнесті сапалы жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін барынша тиімді стратегиялар мен практикалық мысалдармен бөлісу үшін бір диалогтық алаңға жиналады.
Форум шеңберінде 20 астам сессия өткізу жоспарланған.
Форум аясында өткізілетін басты шаралар: Қазақстандық инвестициялық саммит, «Гипержаhандану дәуірінің аяқталуы: экономикалық және қаржы сәулеті үшін жаңа жағдайлар» кең ауқымды бағдарламалық сессиясы, жас ғалымдардың «Жаңа индустриаландыру жаһандану жағдайында Қазақстанда экономикалық даму драйвері ретінде» ғылыми конференциясы және т. б.
Қазіргі АЭФ-тың ерекшелігі ретінде Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстан экономикасының негізгі секторын инвестициялаудың жаңа мүмкіндіктерін белгілеуі тиіс жекешелендіру бойынша бірінші Қазақстандық форумды ұйымдастыруды атауға болады.
Осы күні АЭФ-2016 Еуропа, Азия және Таяу Шығыс үкіметтері мен бизнес өкілдерін біріктіруге бағытталған Жібек жолы елдерінің Форумы өтеді.
Астана экономикалық форумы шеңберінде экономика, Blockchain технологияларын қолдану бойынша форум қатысушылары үшін семинарлар сериясы, нетворкингтер, жетекші әлемдік сарапшылардан шеберлік дәрістер және бизнес-гуру бойынша негізгі спикерлер лекцияларын өткізу жоспарланған, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері үшін бірнеше іс-шара ұйымдастырылады.
Биыл форумға қатысатын тұлғалардың қатарында AliBaba Group интернет-коммерция саласындағы қытай компаниясының негізін қалаушы Джек Ма, Колумбия Университеті Жер институтының директоры, профессор Джеффри Сакс, АҚШ бұрынғы президенті Рональд Рейганның экономикалық кеңесшісі және Ұлыбритания Премьер-Министрі Маргарет Тэтчердің кеңесшісі Артур Лаффер және т.б. бар.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10543