«Размен беріңізші» немесе тұтынушыға керек 10 қағида
Шіркін дүкееен! Дүкен болған жақсы ғой. Қонақ келсе ең алдымен сасқалақтап, тапырақтап дүкенге жүгіреміз, ішіміз пысса да сонда барып қомағай көзді тойдыруға тырысамыз. Керекті де сүйікті нәрселерімізді де сол жерден табамыз. Алайда кейде дүкеннен қапаланып не болмаса ашуланып шығатын кездеріміз де болып жатады. Өйткені ол жерде көкбет САТУШЫ бар… Ол өте ашушаң, қашан көрсең түнеріп, өміріне өкпелі болып тұрады…
1. Не үшін барам? Не қажет? Дүкенге кірерден бұрын өзіңізге осы 2 сұрақты қойыңыз.
Бұл сауалдарды өзіңізге қойып, оның жауабын толықтай білуіңіз өте маңызды. Себебі, жетер жеріңе жетіп алып не үшін келгеніңді ұмытып қалу сатушының зығырданын қайнатады. Сосын ол айқайламай кім айқайласын??!
Әрі қарай
Керекті нәрсеңізді алуға дүкенге бардыңыз делік. Сатушы бетіңе бақшиып қарап «Не керек? Айта беріңіз!» деді. Сіз де сасқалақтап:Міне мұндай жағдай орын алмас үшін тұтынушы төмендегі 10 қағиданы есте ұстауы шарт.
— Сүт беріңізші-десеңіз, сатушы тағы да баж етті:
— Әй қазағым-ау қандайы керек? Саған қай сүт ұнайтындығын бетіңе қарап білем ба?- деп дүрс етті. Шыдай алмаған сіз де өз мінезіңізді көрсете бастадыңыз.
— Апай-ау! Немене сонша айғайлайсыз??? Тіпті тауардың түрін көруге де мұрша бермедіңі ғой… Анау да осыны күтіп тұрғандай шыж-быж етті… Ары қарай не болатынын өзіңіз білесіз. Кейде төбелес те болып жатады...