Қазақ тілді журналистер арасындағы IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауы жалғасады
ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) «Егемен Қазақстан» республикалық газетімен бірге IV шығармашылық «Алтын қалам» байқауының жалғасатынын хабарлайды. Байқауға республикалық, өңірлік, ведомстволық басылымдардың, теледидар және Интернет басылымдарының журналисттері қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – журналисттер арасында экономикалық және өнеркәсіптік тақырыптар (ҮИИДБ, Индустрияландыру картасы, Жол картасы және т.б.) туралы мақалалардың сапасын арттыру, осы тақырыпқа маманданған үздік журналисттерді анықтау және ынталандыру.
Байқау 2013 жыл бойы өткізіледі. Қорытындысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне қарай шығарылады.