БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ РИЯСЫЗ КҮЛКІСІ!

(2-ші бөлім)
1875 жылдың 2-ші маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің дауысын естиді… Өнертапқыш шотландықтың бұл жаңалығы тарих бетінде «телефон» (қаз.сымтетік) деген атпен қалады… Осылайша телефон байланыс құралы ретінде қолданысқа ене бастады… Одан бері қанша уақыт өтті… Телефонның түр-түрі шықты…
2004 жылы біз де телефон кіргізіп, қолданысқа қостық… Ол кезде менің жасым 10 жас шамасында болатын… Əлі баламын… Қуанышымда шек жоқ… Сағат сайын барып пернелерін басып, дыбысын тыңдап қоямын… Ешкіммен сөйлеспесем де тыңылдаған дауысын естудің өзі бақыт еді… Телефон жалғыз туысымыздың үйінде бар еді… Ол нағашы апамның үйі болатын… Бірде анамнан нағашы апамның телефонын сұрап, жазып алдым… Осылайша хабарласып, сөйлесетін адамды да таптым… Апам Түлкібас ауданында тұрады, ал біз ол кезде Шым қалада тұратынбыз… Бұрын телефон болмаған, қайдан білейін, қала аралық, аудан аралық төлемдердің болатынын… Сөйтіп телефонды қолға алып, тықырлатып нөмірін тере бастадым… Тың-тың-тың деген дыбыс ғана естілді… Сөйтті де ар жағынан бір жанның дауысы шықты;
— Аллоо…
— Алло, кім бұл? Мен, Балнұрмын ғой, Аида, сенбісің...? — дедім…
Сондағы мақсатым нақ нағашы апамның үй телефонына қоңырау шалғанымды нақтылап алу еді… Күдігім сейілді… Себебі сымтетіктің арғы жағынан шыққан дауыс;
— Ия, Балнұр əпке мен ғой Аида, — деді…
Қуанғанымды айтып жеткізе алмаймын… Хал-жағдай сұрасып болғаннан соң, телефонды апама беруін өтіндім… Сіңілім күте тұруымды сұрады… Сөйтіп күтіп отырмын. Ары күтемін, бері күтемін келер емес… Арада 5-10 минуттай уақыт өтті… Əлі жоқ… Сөйтіп отырғанымда анам жұмысынан келіп қалды… Мені көрген анам, бастапқыда ойнап отыр екен десе керек-ті… Кейіннен барып, «Сен əлі отырсың ғой, қой енді тұтқаны… » деген сөзіне: "Қазір апамды күтіп отырмын, келер емес" — деген жауабымнан барып ойын еместігін аңғарды… Қасыма келіп, «ақымақ қыз, алыыс жақтарға қоңырау шалғанда көп ақша төлетеді. Мұның не?.. » — деді… Сөйтіп қолымдағы телефон тұтқасын алып қойды… Апаммен сөйлесе алмасам да, телефон тұтқасының ар жағынан жан баласының дауысын естігеніме мəзбін… Құдды телефонның тілін білетін өзім ғана секілді сезімдемін… Бала көңіл ғой… Міне сол кезден бақандай 11 жыл өтіпті… Қазір бұрыңғыдай емес… Сымсыз телефонның заманы… Əр үйде бір телефон емес жеке бастарында бір-бір телефоннан бар… Керек десең қос-қостан… Технологияның заманы ғой шіркін...!

P.s. Қолымыз жеткенге қуана білейік..!
Әрі қарай

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ РИЯСЫЗ КҮЛКІСІ!

(1-ші бөлім)

Балалық шақ туралы айта берсең əңгіме таусылмайды ғой шіркін! Балалық шағымның риясыз күлкісі езуімнен көптеген кез ол, інімнің дүние есігін ашқан кезі болатын… Сөйтіп үйде бір қыз, бір ұл бала болдық… Төрт көзіміз түгелдендік...Інімнің дүниеге келуі бүкіл Үпібековтар əулетіндегі үлкен қуаныш болды...Үйден күні-түні қонақ үзілмейтін… Келген қонақтардың бəрі тек інімді көруге келетін… Əрине кейде іштей қызғаныш болатын… Көптен күткен ұлдың дүниеге келуі əулеттегі ешбір жанды бей-жəй қалдырмағаны рас… Келгеннің бəрі сыйлығын табыстап, ұлдың қасынан шықпай қарайласуды… Өйтіп өбектеуінің себебі, інімнің дүниеге келуін бақандай 10 жыл 5 ай күткенбіз… Алла дұға, тілектерімізді қабыл алып, шекесі торсықтай ұл баланы берді… Ата-анамның қуанышында шек жоқ… Мен болсам Құдай менің тілегімді қабыл қылды деп қуанып жүрмін… Кейде Алладан кейінгі жаратушы ұқсап мақтанып кетемін… менің арқамда ұлды болдық деп… мен тілек тілегеннен соң берді бізге деп… Осылайша ұлдың есімін қоятын күн туды… Есімін əкемнің əпкелерінің бірі қоятын болып шешілді… Бастапқы кезде Нұртілеу ағам ұқсап танымал тележүргізуші болсын,-деп ырымдады əпкем… Артынан Заңғар деп қоятын болып бір байламға келді… Міне осылай есімін ЗАҢҒАР қойдық… Атына заты сай болсын деп тілек айтатын барша жұрт… Міне бұл бала қазір 10 жасар зіңгіттей жігіт болды… Ақылы мен өнері бір бойында үйлесімділік тапты… Атына заты сай жігіт қазірде… Ары қарай да көп үміт күтеміз… Бүгінде Үпібектің ұрпағы ата атына кірі келтірмей, тек мадақ естіртуде… Өнер мен Спортты, Білім мен Еңбекті ұштастырып жүрген жігіттің біраз жерден жүлделері бар… Тіл-көзім тасқа...Өнерің өрге жүзсін...! Талабыңа нұр жаусын...!

П.с. Білімді ұрпақ- ел болашағы!
Әрі қарай

ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ!

Бақыт деген — сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің —

демекші, расында да бақыт деген сенің бала күндерің екен… Айналаңда болып жатқан ешбір мəселе сені мазалмайды… Сенің оларға араласатын шағың емес… Ата-анаң, бауырларың қасыңда, қарның тоқ, көйлегің көк… Бақытты балалық шақтың риясыз күлкісі. Саған одан артық ештеңенің де қажеті жоқ… Басқасына басыңды да ауыртпайсың… Бірақ оны кезінде түсінбедік… Тезірек өссек, үлкен өмірге аяқ бассақ, бақытымыз сонда деп есептедік...Үлкен өмірге аяқ басқан күні алдыңнан шыққан бар қиындықты шешіп тастайтындай күй кештік… Алайда қатал тағдарың бізге қандай тосын сый дайындап тұрғанынан тіпті де бейхабар едік...Үлкен өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүрді… Біз ойлағандай жеңіл ештеңе болмады… Тағдырыңның бұралаң жолдары көбіне соқпаққа əкеліп тіреліп жатты… Сонда барып бақытты кездеріміздің өтіп кеткенін түсіндік… Бақытты балалық шақты аңсадық… Балалық шақ деп аталатын өмірде бəрі де оңай болушы еді… Еш қиындық туындаматын… Бар уайымың бүгін кіммен жəне не ойнаймын деген сұрақ болатын… Ал үлкен өмірде бəрі басқаша болды… Қиындықтың біріне шыдасаң, бірінен сағың сынып жатты… Алайда солай екен деп бəрін тастап кетуге де болмайды… Алдыңнан шыққан өмірдің бұрмалаң жолдардың бəрі де соқпаққа апарып тірелмейді...Өз жолыңды таба алсаң, ол сені үлкен өмірден əйел бақыты дейтін өмірге апарады… Бірақ онымен өміріңдегі бар қиындық тағы шешіле салды деген сөз емес… Əр өмірдің өз қиындығы болады… Мысалға алатын болсақ, бір ойынның бірінші турынан өткен соң екінші турында кедергілер көбейе түсетіні секілді...Əйел бақыты деп аталатын өміріңде отбасылық кедергілер болуы мүмкін. Ал сонымен қатар бақытты балалық шақ сыйлай алатын мүмкіндігің болады… Оныда өзіңдей өмірдің əр кезеңінен сүрінбей өтуге дайындайсың… Солайша сенің балалық бақытты шағың аналық бақытқа ұласады...Үлкен өмір оған көпір іспеттес. Тек қарсы келген қиындықтан қорықпай қарсы тұра білуің керек… Осылай өмір жалғаса бермек…

P.s. Бақытты кездеріміз көп болсын!
Әрі қарай

БАҒА БАҚЫЛАУДА!

Доллардың айы оңынан туып, бағасы шарықтау шегіне жетті. RBK сынды банктердің доллар бағасын 255 теңгеге дейін көтеріп жібергені белгілі. Доллардың қымбаттауы халық тұтынатын тауарлардыңда қымбаттауына əкелуде.Бұл қымбатшылықтың экспорттаушы бизнес өкілдері үшін тиімді болғаны мен қарапайым халыққа əзірге тиімді болмай тұр. Қазіргі таңда доллар бағасының тұрақталғанын естудеміз. Соған қарамастан сауда орталықтарында бағаның көтерілгені байқалады. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақты ұстап тұру шамалы қиындық туғызып тұрғаны рас. Бірақ-та соған қарамастан қала, аудан, ауыл əкімдері бағаны бақылауда ұстауға тырысуда. Осы тұрғыда Түлкібас ауданының орталығы болып есептелетін Тұрар Рысқұлов ауылының орталық базарында бақылау шаралары жүрген болатын. Бақылауды тікелей аудан əкімі Қайрат Əбдуəлиев мырза жүргізді. Бақылау барысында бағаны көтерген саудагерлерге ескертулер жасалды. «Алдағы уақытта халық тұтынатын азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда болмақ» — деді Қ.Əбдуəлиев мырза. Осы сынды шаралар аудан көлемінде өткізілуде. Əзірге «баға бақылауда», алдағы уақытта да осылай жалғаспақ деп білеміз.

#БалнұрҮпібек
Әрі қарай

Өмір аялдамасы!

ӨМІР АЯЛДАМАСЫ

…Таңертең автобусқа міндім. Түсетін аялдамам «БАҚЫТ» деп аталады. Бұл автобусқа алғаш мініп отырғандықтан, жүргізушісіне қай аялдамадан түсетінімді айтып, ескерттім.

Кетіп барамыз…!

— «БАЛАЛЫҚ» аялдамасы. Бұл жерде көптеген қызықты сәттерім қалды…! Бірақ, керегі бұл емес! Сонда да, қимастықпен сол аялдамаға қарап өттім…!

— «ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ» аялдамасы. Шынымды айтсам, бұл аялдамаға талай жігіт қызымен, талай қыз жігітімен келгенін көрдім. Өзім де, осы жерде алғашқы махаббатымды кездестірдім, бірақ қазір ол мені, мені оны ұмытып кетіппін…!

— «НАМАЗ» аялдамасы. Бұл аялдама туралы айтатындар көп. Бірақ, дәл тауып барғандар аз екен…!

— «МАХАББАТ» аялдамасы. Ооо… Осы жерден түсіп қалғым келеді. Бірақ, маған «Бақыт» аялдамасы қажет…!

— «ҚЫЗҒАНЫШ» аялдамасы. Иәә…! Мұнда талай қызықтар мен қорқынышты оқиғалар болды. Қайтып келуді қаламас едім…!

— «МЕШІТ» аялдамасы. Өте таза аялдама, бірақ қазір уақытым жоқ…! Жүрегім таза, бұл аялдаманың қазірше керегі жоқ.

— Ооо «КЛУБ» аялдамасы. Әттең, түскім-ақ келіп тұр…!

— «НАМАЗ» аялдамасы. Хмм… Тағы ма…?!

— «САБЫР» аялдамасы. Хмм…

— «БАЙЛЫҚ ПЕН ТӘКАППАРЛЫҚ» аялдамаларында көп қыдырған едім кезінде…

— Аа…?! Автобуста адам қалмады ма?!

…Жүргізушінің алдына бардым. «Бақыт» аялдамасы қайда?!

— Қарындасым-ау…! Ол үшін сіз «Намаз» бен «Мешіт» аялдамаларынан түсіп қалуыңыз керек еді ғой…! Біз енді артқа қайталмаймыз, автобус бұзылып қалды.

— Ме…меен… артқа қайтайықшы…… Өтінем сізден…!

…Ал сіз қай аялдамадан түсер едіңіз?! Қазірден біліп алыңыз…! Кейін кеш болып, өкініп қалмаңыз…!
Әрі қарай