Аль Пачино: "Біз-өз әдеттеріміздің құлымыз!"
Туған кезде берілген есімі: Альфредо Джеймс Пачино
Актер, 73 жаста, Нью-Йорк
Сізге бір оқиға айтып берейін. Бейсбол ойынын көруге барғым келді. Жалпы бейсболға барғанды жақсы көремін, сонау үш жасымда да атама еріп, жұрт қатарлы ойынды тамашалап, рахат алып қайтатынмын. Ал, қазір олай болмайды. Алаңға келіп, орныма отыра бергенімде таблоға менің атым жазылып шыға келеді. Мұны ақымақтыққа санамаймын, өйткені адамдар осылай ғой. Сол жолы өзгерек болды. Ойын күндіз еді, ал кешке бір жаққа баруым керек. Сондықтан алаңға ертерек келіп, дене қыздыру жаттығуларын қарап, бір-екі иннингті тамашалап, қайтып кетпек боп шештім. Қателігім сол, жаныма еріп баратын әйелдің де менің өзім сияқты танымал екендігін ескермеппін. Ойынға келіп, көлігімнен түсіп, күзетшіме «Багажниктен ескі-құсқы кепка табыла ма?» дедім. Ол қарап шығып, бір кепка мен көзілдірік алып шықты, сөйтіп: «Ей, Аль, мұнда не жатқанын қарашы! Ескі сақал бар екен!» дейді. Сақалды жапсырып алдым. Сол сәтте не ойлап алғанымды білмеймін. Бар ойым — жұрт көзіне түспеу болатын. Ойын басталды, отырмын. Бір кезде