Arular.kz
Рейтинг
+8.36

Грек мифологиясы

Гераклдың сегізінші ерлігі: Диомед аттары.

Микена қақпасы сол замандарда қарусыз келгендердің барлығы үшін ашық болды. Қарауыл тауарымен келген байларды да, қайыр сұраған кедейлерді де кіргізе беретін. Бірде арық денесін әрең жасырып тұрған алба-жұлба киімі бар бейтаныс қалаға келді. Оның иығында бақытсыздыққа тап болғанын білдіретін сынған ескек болатын. Әлгі бақытсыз жан өзінің басынан өткен қайғылы оқиғаларды жұртқа әңгімелеп жүрді. Көп кешікпей кедейді сарайға шақырды. — Посейдонның қаһарынан құтылған жалғыз жан екеніңді естідім, – деді Эврисфей. – Ол қалай болып еді?

Гераклдың жетінші ерлігі: Крит бұқасы.

Гректердің құрлығында жабайы аңдар мен қаһарлы құбыжықтар қалмады. Бәрін Геракл жойып тауысты. Ал Эврисфей теңіздің ортасында орналасқан Крит аралына барып, ол жерден Микенаға Посейдонның бұқасын алып келуді тапсырды. Теңіздер құдайы бұл бұқаны құрбандыққа шалу үшін Миносқа тарту еткен болатын. Алайда Миносқа бұқа қатты ұнап қалды. Сондықтан пенделер ішіндегі айлакерлердің бірі саналатын Минос өзінің басқа бұқасын сойып, ал құрбандыққа арналған бұқаны табынына қосып қойды. Бұны біліп қалған Посейдон әлгі жануарға құтырма ауруын жіберді. Бүкіл аралмен жүгіріп жүріп, бұқа егістіктерді таптады, мал үйірлерін бытырата қуды, адамдарды өлтірді. Эврисфей Гераклдың бұқаға әлі жететініне сенімді болса да, оны құрлықпен емес, су арқылы қалайша тірілей алып келетініне күмәнді болды. “Қандай кемеші өзінің қайығына құтырған бұқасы бар жолаушыны мінгізуші еді?!” – деп ойлаған Эврисфей қастана...

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгийдің атқорасы (Екінші нұсқа).

Стимфалия құстары Пелопонесте жаратылған құбыжықтардың соңғысы болды, Эврисфейдің билігі Пелопонестен әрі жүрмегендіктен, Геракл патшаға қызмет көрсетіп болдым деп ойлады. Алайда Гераклдың ғаламат күш-қуаты тектен-текке өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Ол ерліктер жасауға құмартты, ол тіпті Копрей келгенде қуанып кетті.

Гераклдың ерліктері. Алтыншы ерлік: Авгий патшаның мал қорасы (Бірінші нұсқасы).

Бүкіл Элида жерінде ғана емес, Пелопоннесті тұтастай алғанда Гелиостың ұлы Авгий патшадан бай адам болмаған екен. Оның мал қорасында бұқалардың өзі бес жүзден асатын. Әр бұқаға он бас сиырдан келді, ал әр сиыр жыл сайын бір бұзаудан әкелетін. Авгийдің орнында басқа біреу болса көрші патшалармен байлығын бөлісіп немесе бұзауларды малшыларға таратып берер еді. Бірақ бай болған сайын сараң бола түседі деп бекер айтылмаған ғой. Авгий мал ауласын берік қоршаумен қоршап қойды және малын ұрлатып алудан қорқып күн сайын оларды санаумен айналысты. Бұқалар бір орында тұрмағандықтан, Авгий есептен жаңылып, оларды қайтадан санай бастайтын. Сондықтан да малдың тезегін тазалауға уақыты болмады. Бұзаулар қоймалжың қиға бата бастады, бірақ Авгий бұған мән бермеді. Ол санаудан басқа ештеңе істемеді.

Гераклдың бесінші ерлігі: Эриманф қабаны және кентаврлармен айқас.

Бір жылға созылған жез аяқты бұғы аңшылығынан кейін Геракл ұзақ демалған жоқ. Қаншалықты қиын болса да, Геракл үшін оңай орындалатындығына ашулы Эврисфей Гераклге сол Аркадиядағы Эриманф тауында өмір сүретін қабанды тірілей алып келуді бұйырды. Бұл қабан аса күшті болатын, ол Псофис қаласының төңірегін жалмап түк қалдырмады. Қабан адамдарға да күн көрсетпеді, өзінің алып азуымен өлтіретін. Геракл қабанның апанына аттанды.
image image

Гераклдың төртінші ерлігі: Керинея бұғысы

Бұл ерекше бұғыны малшылар байқаған еді. Ол Керинея тауларының жартасында басын биікке шалқайтып тұрды. Бұғы өте әдемі болатын: терісі Гелиос шапағымен жез секілді алаулап, ал мүйізі таза алтыннан жасалғандай жарқырап тұрды. Көп кешікпей таңқаларлық бұғы жайында бүкіл Аркадия білді. Оны көрудің өзі мұң...
image image

Гераклдың ерліктері. Үшінші ерлік: Стимфалия құстары

Адам баласы қандай қырсықтарға ұшырамады десеңізші! Бірде Аркадиядағы Стимфалия көлінің жағасындағы орманға қола қауырсындары, жез тырнақтары мен тұмсықтары бар алып құстар жұбы келді. Үлкен жылдамдықпен көбейе отырып, олар үлкен үйірге айналды және қысқа уақыт ішінде қала төңірегінің бәрін шөлге айналдырды:...
image image

Гераклдың екінші ерлігі: Лерней гидрасы

Бірінші ерлігінен кейін, Эврисфей Гераклды Лерней гидрасын өлтіруге жұмсады. Бұл құбыжықтың денесі жылан және тоғыз айдаһар басы болатын. Немей арыстаны секілді, осы көп басты су жыланы Тифон мен Ехиднадан туылған болатын; оны Гера Гераклға кесел келтіру мақсатымен өсірген еді. Гидра Лерна қаласының...
image image

Грек құдайлары

Гректер құдайлар Грекияның ең биік тауы Олимпте тұрады деп сенді. Оларды Олимп құдайлары деп атады (Зевс және негізгі құдайлар). Гректер Олимптегі құдайлар тұрмысын шонжарлардың тұрмысына ұқсатты. Шонжарлар тайпаларды қалай басқарса, Зевс бастаған «Олимпиялықтар» адамдар мен табиғатты солай басқарды....
image image

Гераклдың ерліктері. Бірінші ерлік: Немея арыстаны.

Геракл Эврисфей патшаның бірінші тапсырмасын аса ұзақ күте қойған жоқ. Ол батырға Немея арыстанын өлтіруді тапсырды. Тифон мен Ехиднаның зұлым ұрпағы болып табылатын бұл арыстанның тұрқы алып және сол көне уақыттарда Еуропаның оңтүстігінде өмір сүрген өзге арыстандардан әлдеқайда күшті әрі ірі болатын....