Гераклдың ерліктері. Үшінші ерлік: Стимфалия құстары

Грек мифологиясы: Гераклдың ерліктері. Үшінші ерлік: Стимфалия құстары

Адам баласы қандай қырсықтарға ұшырамады десеңізші! Бірде Аркадиядағы Стимфалия көлінің жағасындағы орманға қола қауырсындары, жез тырнақтары мен тұмсықтары бар алып құстар жұбы келді. Үлкен жылдамдықпен көбейе отырып, олар үлкен үйірге айналды және қысқа уақыт ішінде қала төңірегінің бәрін шөлге айналдырды: бүкіл егістік өнімдерін жойды, көлдің құнарлы жағалауында жайылған малдарға шабуылдады, көптеген малшылар мен егіншілерді өлтірді. Құстар ұшып жүргенде, олардан төменге түскен қауырсындары, жебе секілді, жерде ашық кеңістікте жүргендердің бәрін қырды, немесе жез тырнақтары мен тұмсықтары арқылы жойды. Аркадиялықтардың бұл бақытсыз жағдайын естіген Эврисфей оларға Гераклды көмекке деп жіберді, бірақ шындығында оның ойы батырдың көзін жою болатын.

Гераклға Эврисфейдің бұл тапсырмасын орындау оңайға соққан жоқ. Кеңге жайылған еменнің астына жасырынып, Геракл алып құстардың қылықтарын ұзақ қадағалады. Ол ешқандай жебе олардың қола қауырсындарын тесіп өте алмайтынын және құстар тек өздерінің қауырсындарын лақтырған кезде, жаңасы өсіп шықпай тұрғанда осал болатынын түсінді.

Батырға көмекке жауынгер Афина-Паллада келеді. Ол Гераклға ұста-құдай Гефест соғып берген екі үлкен жез тимпан (барабан, дабыл) берді және Гераклға Стимфалия құстары ұялаған орманның маңындағы биік төбеге шығып, дабыл қағуды; ал құстар үркіп ұшқанда оларды садақпен атып түсіруді бұйырды.

Осындай көмектен қуаттанған батыр ашық жерге жүгіріп шығып, тимпанды қағып қатты тарсыл-гүрсіл дыбыстар шығарды. Бұндай қатты дыбысты естіп, құстар ұяларынан ұшып шығып, үлкен үйірімен орманның үстімен ұшты және үркіп аспанда қалықтап жүрді. Геракл төбесіне қалқанды тосып, жоғарыдан түсіп жатқан қола қауырсындардан қорғанды, сонда оған еш зиян келген жоқ.

Түсіп жатқан қауырсындардың зуылы тынышталған соң, Геракл қалқанын түсіріп, улы жебелерімен атып, бір-бірлеп құлата бастады. Жыртқыштардың бір бөлігі жерге құлады. Қалғандары қорыққандарынан бұттарға қарай көтеріліп, көзден таса болды. Олар Грециядан да алыстап, Понт Эвксинский жағалауына кетті, содан бері ешқашан Аркадияға оралған жоқ.

Эврисфейдің тапсырмасын орындап, Геракл Микенаға қайтып келді. Оны бұдан да қиын, жаңа ерлік күтіп тұрды…

greekmith.wordpress.com/
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Олар Грециядан да алыстап, Понт Эвксинский жағалауына кетті

Осы кісі қыпшақтарға көп нәрсе үйретіп кеткенге ұқсайды…
asaubota
мұны да ұлыма айтып көремін. айдаһар туралының сөздері ауыр болған сияқты, меңгералмады біздің бала :)