Гераклдың екінші ерлігі: Лерней гидрасы
Бірінші ерлігінен кейін, Эврисфей Гераклды Лерней гидрасын өлтіруге жұмсады.
Бұл құбыжықтың денесі жылан және тоғыз айдаһар басы болатын. Немей арыстаны секілді, осы көп басты су жыланы Тифон мен Ехиднадан туылған болатын; оны Гера Гераклға кесел келтіру мақсатымен өсірген еді. Гидра Лерна қаласының маңайындағы батпақта, жерасты әлеміне апарар жерде өмір сүрді, өзінің ұясынан жорғалап шығып үйір-үйір малды қырып, төкіректегінің бәрін жалмады. Тоғыз басты гидрамен күресу қиын болды, өйткені оның бастарының бірі өлмейтін.
Ификлдің ұлы, өзіне немере іні болып келетін Иолайды көмекші етіп алып және Афинаның кеңесімен мыстан жасалған қарумен жарақтанып, Геракл арба тауып, Лернаға жол тартты. Батпақтың шеті көрінгенде Геракл Иолайды жуық маңдағы тоғайда арбаның қасында қалдырды да, өзі гидраны іздеуге кетті.
Ол батпақтың ортасынан төмпешікті көзі шалып, томарлар арқылы секіріп соған бағыттады. Онда бұталармен жартылай жасырылған саңылау – үңгірдің аузы бар болатын. Үңгірден қаһарлы ысылдаған дыбыс естіліп тұрды. Көп кешікпей сыртқа ұзын мойны бар бірнеше бас шығады, содан кейін қабыршақты денесі мен иреңделген ұзын құйрығы көрінді.
Құбыжықты шабуылдап үлгертпестен, Геракл жебелерін қып-қызыл болғанша қыздырып, бірінен соң бірін гидраға ата бастады. Бұл құбыжықты қатты ашуландырды. Жарқылдаған қабыршақты денесімен ирелеңдеп үңгірдің ішінен шықты да, өзінің алып құйрығымен қаһарлана көтеріліп, батырға секірмек болады. Бірақ Зевстің ұлы оны денесінен аяғымен басып, жерге тұқыртты. Гидра құйрығымен Гераклды аяқ астын орап алып, оны құлатпақ болады. Батыр шайқалмас жартастай тапжылмай тұрып алып, ауыр шоқпарымен сермеп гидраның бастарын бірінен соң бірін құлатып түсіре бастады. Шоқпар ауада құйындай ысылдады; гидраның бастары ұшып жатты, бірақ гидра өле қоймады. Геракл құбыжық жыланның құлаған басының орнына тағы екі бас өсіп шығып жатқанын байқады.
Гидраға да көмек келді. Гера батырға қарсы алып шаянды жіберді. Ол батпақтан өрмелеп шығып, шымшуырымен Гераклдың аяғын қысып, оның қимылына кедергі келтірді. Батыр көмекке досын шақыруға тура келді. Геракл Иолай келгенше екі қарсыласпен күресуге тура келді. Иолай келіп жетісімен шаянды әрең ажыратты да, оны басқа жаққа қатты лақтырып, өлтіріп тастады. Содан кейін ол төңірегіндегі бұталарды өртеп, ағаштардың лаулап жатқан жағымен Геракл шоқпарымен құлатып түсіріп жатқан гидраның мойнын күйдіреді. Осыдан кейін бастар жаңадан өсуін тоқтатты.
Бастарынан айырылған гидраның Зевстің ұлына қарсылығы әлсірей бастады. Ақырында өлмейтін бас та ұшып түсті, құйрығымен соңғы рет жер сабап, жылан жерге құлады. Жеңіске жеткен Геракл оның өлмейтін басын терең жерге көміп, жарыққа қайтып шықпау үшін үстіне үлкен жартасты әкеліп қойды. Содан кейін батыр гидраның денесін турады да, оның улы өтіне өзінің жебелерін батырып алды. Сол кезден бері Гераклдың оғынан алған жарақат емделмейтін болған.
Геракл мен Иолай кетіп қалған соң, Гера өзі жіберген шаянды аспанға көтерді. Осыдан кейін қисық шымшуырлары бар шаянның бейнесіндей шоқжұлдыз пайда болды. Ол аспанда жылдың ең ыстық кезеңінде көрінеді, осы арқылы Гераның Гераклдың көзін құртуға көмектескен әрбір жанға алғысын еске түсіреді.
Геракл Тиринфқа үлкен салтанатпен оралды. Бірақ оны Эврисфейдің жаңа тапсырмасы күтіп тұрған еді.
Сурет — bogini.su
3 пікір