Жарияланымдар

JAKO
Ескерткішті сомдаған адамды Абайдың әруағы сарт еткізіп ұрар ма еді маңдайдан.
JAKO
Жігіт А. Карентаев деген ағайдың ұлы еді, ескерткіш сол кісінің бастамасымен, әрі сол кісінің қаржысымен қойылды. Қазір халық аузында ескерткіш тұрған аллея да «Маххабат аллеясы» аталады.Өткен 3-4 жыл көлемінде қателеспесем Маңғыстау жақтан болар Айнұр қыздың да ата-ана, туыстары келіп ескерткішке гүл қойып, Таразда қонақ болып қайтқан. Сырт жұрт А.Карентаев ағаларман құдандалды болып араласып тұрады деп жатады.
JAKO
Өз қалаң туралы жақсы пост оқу деген де ғанибет екен.
JAKO
Тілегіңе жет Қалқам, адам жанына арашашы болуды армандаудың өзі керемет қасиет!
JAKO
Бәсе, өзім Тараздық болсамда осы құрылтаймен мақтана алар ма екенбіз деп басым қатып жүр еді)))
JAKO
Сатеке, Гапон көршің әлгі ақпатшаның попы емес пе?)
JAKO
Маған келгенде өкіметің кешігіп қалған екен, мен ешқандай заңға қараған жоқпын. Баламда екі қатын алды, олда ешқандай заң іздеген жоқ.
JAKO
Иә, ойланарлықтай жағдайдамыз, «Керекинфо» келбеті өзге қырынан көрініс бере бастағаны қуантты.
JAKO
Шымкентте көктемді байқатпай бірден жайма шуақ жаз дәуірі басталып кетеді…
JAKO
Менікі де емес бұл өлең, онікі де…
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...
Бірақ Мұқағалиға болмағаны жақсы...
JAKO
Аршат, мен әлі еш блогкэмпқа қатыспасам да алғашқы өткен блогкэмптардың барлығының тыныс-тіршілігінен хабар үзбей қарап отыратын жанкүйерлеріңнің бірімін. Алғашқы Алматы мен Астанадағы өткен блогкэмп сол өздерің басында жариялағандай бейресми, еркін блогерлер жиыны болды деп ойлаймын. Ал Шымкентте әкімшілік араласқаннан ақ бұл жиында билік қармағын қапты-ау деген ой келді. Бірақ Шым блогерлері өздерінің табандылықтарының арқасында еш сыр бермей өте жоғарғы деңгейде алып шықты. Бірақ барлық өлкенің ұйымдастырушылары Шымкенттік жігіттер сияқты емес қой. Қарағанды блогкэмпі әкімшілік ықпалынан шығуы өте қиын болатын сияқты, қазірдің өзінде бәйгеге қатысатын посттар Қарағанды туралы болу керек. т.т әңгімелер қылаң беруде, ұйымдастырушылардан түсінбегеніңді сұрасаң жауаптары командалық тонда, несіне сұрадым деп жасып қаласың. Сенің шығындар туралы айтқандарың жүз пайыз ұнады. Шын ниетті блогерлер өз қаражаттарымен барып, өзіне кажетті рухани азығын алудан қаша қоймас деймін, қазақ жер түбіне тойға да барып жатады емес пе? Бұл өз ойым ғой, әйтпесе блог туралы түсінігім де шамалы қате болса кешіріңдер, ниеттес болған соң жазып жатырмын.
JAKO
қырғыздар да Ш.Қалдаяқовтың «Ақ банртик» әнін өзіміздіке деп шырқап жүр ғой.
JAKO
келесі Домбыра пати шілденің 3-і күні тағы да осы жерде өтетін болып келістік.
JAKO
Жоқ, көңілсіз деп айта алмас едім, бірақ алғашқы бас қосу болғаннан соң бірін-бірі тосмырқау болғаны рас, олда ұзаққа созылмады. Пати біршама жақсы өтті деп айта аламын. Аптаның төртінші күні болғандықтан орталық паркті таңдап алып едік, басқа парктерде бұл күні адам аздау бола ма деген қорқынышқой баяғы.
JAKO
Тамаша жазылған екен, мен сияқты пақырларға таптырмайтын сабақ, жалғасын асыға күтемін.
JAKO
мен Тауешкімін, кей жерлері келетін сияқты ма,қалай өзі?..
JAKO
Мен келінде түсірген,қызда ұзатқан адаммын. Еш қинала қоймадым, бірақ елдің бәрі жағдайлы емес қой, сондықтан Anuarbekkyzyның айтқандарына толық қосыламын. Мен өз халқымның салт-дәсрүрін дәріптейтін, силайтын адамдардың бірімін. Десек те қазіргі біздің жасап жүрген тойларымыздың бәрі де халықтық дәстүрден заманауи дәстүрге ауысып кеткен тәрізді. Байқасақ бақытымызды тойлаудан көрі байлығымызды көрсететін бәсекелестік пен бизнес(мейрамхана, тамада, бет ашушы,әншілер т.с.с) құрығына(белгілі бір бизнес өкілдеріне жем болуға) құлдық ұруға, соның арқасында қарызға шырмалып түрлі келеңсіздіктерге тап болуға ұрыну болып отыр.Бұл пост кез-келген адамды ойлантады деп ойлаймын.
Ал қалың мал, көрпе-төсек, жасау, қыз соңынан киімін апару дегендерді өз басым қолдаймын, сөбебі бұл халқымыздың жас отаудың аяқтан тұрып кетуі үшін ойластырған тамаша дәстүрлерінің бірі.
Соңғы түзету:
JAKO
Әй, риза болдым-ау,қанын сорғалатып айттың.