Көгілдір көктем



























Көктем – жыл басы. Сірә, мынау дөңгеленген Әлем де дәл осы жаймашуақ көктемнің бір күнінде жаралғандай…
Көгілдір табиғат пен жан-жәндік атаулының, рух пен сезімнің «ұйқысы» ашылып, «керіліп-оянатын» мезгілі де осы – Көктем.
Көктем гүлінің өркендеп бүршік жаруы – бұл тылсым Дүниенің ең бір балғын, ең үлкен һәм ең терең сырын бүккен кіршіксіз құбылыс…

Қазақ — көктемді «көк» түспен байланыстырады. Сөздің тарихи атауының өзі «КӨК» пен «ТЕМ»-нен тұрады.
Көкпеңбек аспан, көгерген шөп, көктеген тал, тоңы жібіп жаңа бусанған көктеңбіл жер…
Сол себепті де ол — «көгілдір». КӨГІЛДІР КӨКТЕМ!
…
Тілегім бар… Үнемі осы тілекті дұға етем…
«Әлемнің аспанында, ондағы әрбір жанның жүрегінде – мәңгілік КӨКТЕМ мезгілі болсын!
(Сосын Кенталдың тілегіне қосыламын

…
Ендеше, Еліміздің бас қалалары мен оған жақын маңдағы елді мекендерден «көктем көрінісін» тамашалаңыздар…
P.S. Төмендегі суреттердің дені, оның авторларының рұқсатымен, арнайы осы блог үшін «оригинал» түсірілді, қысқасы эксклюзив қой. Алғысым шексіз!
АҚТАУ қаласы

АҚТӨБЕ қаласы

АТЫРАУ қаласы

ОРАЛ қаласы

МАҢҒЫСТАУ облысы

ҚЫЗЫЛОРДА қаласы

ТАРАЗ қаласы

ТАЛДЫҚОРҒАН (қала маңы)

СЕМЕЙ қаласы

ӨСКЕМЕН қаласы

ҚЫЗЫЛЖАР қаласы

ҚОСТАНАЙ қаласы

КӨКШЕТАУ қаласы

АЛМАТЫ қаласы

АСТАНА қаласы

Осылай!
— Бұдан да көп суреттер қоры мұнда сақталды: hop.kz/koktem
Себеп? Себеп: маған келіп жеткен суреттердің бары осы болды. Сұраныс жібердім (қайта-қайта). Жібермеді.
Бары сол. Шымкент туған жерім болса да…
айтпадың ба, сурет керек шымнан деп