Абаймен селфи!

Өскеменде бүгінгі күні көптен күткен оқиға болды — ашылуы қыркүйекке жоспарланған Абай мен оның досы Михаэлиске арналған ескерткіш уақытынан ерте ашылды. Неге Михаэлис екеуі? — деп сұрарсыз, «саясат!» деп жауап берер едм. Оған еш қарсылығым жоқ, әкімшіліктің шаруасы ғой. Оның үстіне ескерткіш Абай даңғылы мен Михаэлис көшелері қиылысында орналасыпты.
Әйткенмен, қуанарлықтай ештеңе болмады. «Халқымыздың Ұлысын хоббит еткен» скульптордың қолы қисық болды ма, әлде әкімдік оны асықтырды ма, нәтижені төменнен көре аласыздар! (жанымда фотоаппарат болмағаннан суреттерді қалалық сайттардың бірінен алдым, рұқсатын сұрадым). Абай мен Михаэлистің аяқтары қысқа болғаны былай тұрсын, астындағы «Абай Құнанбайұлы» деген жазуы болмаса Абайдың Абай екендігін түсіну қиын-ақ…
Қалалық сайттар демекші, қала тұрғындары жергілікті сайттарда ескерткішті ұнатпағандарын, наразылықтарын бірден білдіріп жатыр. Әйткенмен, Абай емес, Михаэлиске сірә жандары ашиды. Кейбіреулері жәй әзіл үшін де пікірлерін айтып жатыр…
Опщм Сіздер де көрсін, ойларын айтсын деп фотоларды ұсынып отырм:
Блог - NaimanKa: Абаймен селфи!
Блог - NaimanKa: Абаймен селфи!
Блог - NaimanKa: Абаймен селфи!
Блог - NaimanKa: Абаймен селфи!
Пы.Сы.«Абай мен Михаэлистің бірге түскен селфиі», «Банк жарнамасындағы хоббитерге ескерткіш» деп жергілікті азаматтар атап жатыр, ал Сіз не дейсіз?
Бөлісу:

18 пікір

NaimanKa
Ішіме сыймай жатқаннан, асыға жаздым…
bake
Барып көріп қайтайық… «Улбинка плюс», «yk.kz» беттерін «туысқан» халықтың өкілдері қыздыратын болды. Ақпараттық теке-тірестен жеңіліп жатқанымыз. Қала көркейсін. Оған қарсы емеспіз. Автобус аялдамалары «Радуга», «Черемушки» жойылмады. Оқушыларының 70% қазақ балалары бола тұра орыс тілінде оқытамыз (№24 мектеп, бірақ та мектептің жұмысының жақсы жағы көп оны мойындау қажет).
NaimanKa
Асығыңыз… әкімдіктегілер 1-2 күнде қайта жөндеуге алып кетеді дид. Қателерін енді түсіне бастаған-ау
ПыСы. «Устинка+» деңіз) қазір қазақша беттері (50/50) бар ақпараттық 1720.kz деген портал ашылған, аз да болсын прогресс.
bake
Кеше «елес ескерткіш» жанынан өттім. Алып тастапты. Тек төртбұрыш орны тұр.
MERmukhanov
мүсін әрине сәтсіз орындалған.
бірақ желідегі даурығуды түсіне алмай-ақ қойдым. абайдың өлеңін оқымайтындар аяқ астынан аттаншыл боп кетеді екен…
Қазақтар біреуді (бұ жерде — 2 орысты) жамандағанда ұйымшыл боп кетеді, ә?

Соңғы түзету:
MERmukhanov
Екеуінің ескерткіші сәтті жасалса — идеясы дұрыс!
Дүниеге көздеріңді ашқан — Абай болса,
Абайдың дүниеге көзін ашқан — Михаэлис.

Дереккөз: Абайдың аузы.
asaubota
құрылыстағыдай материал ақшасын жеп қойып, материал жетпей қалған толық мүсін жасауға
zholantai
енді тағы ақша бөлдіріп, қайта жасатады
NaimanKa
айтпаңыз! таныстарымнан сұрастырып едм әзірше ешкім білмейді екен жұмсалған қаражатын… тоқтайтын мен жоқпын, бюджеті мен ескерткіштің болашағы жайлы тағы бір жазба жазармын
bake
Абай даңғылы мен Михаэлис көшелері қиылысы
… орналасқан жері мәнді, мүсін жобасы күшті, іске асуы… күшті болуы керек еді…
mektepbai
Жуырда Наймандардың үлкен асы асылғалы жатыр қазан-ошаққа. Сол туралы жаз, НайҒаҢка.
bazuka
Мүсіншілер «мемлекеттік сатып алудан» ұтып алған ғой ценовкамен))))
Dzhonsaken
1845-1904 жылдары Әбекеңнің дәл осылай орындықта отырып, домбыра шерткені туралы мағлұмат бар ма тарихта?
JAKO
Ескерткішті сомдаған адамды Абайдың әруағы сарт еткізіп ұрар ма еді маңдайдан.
diasdiyar
Абайдың қолындағы домбыра ма? Реально екеуі қайықта отыр екен деп ойладым