Орташа Есеппен Жаңа Астаналық
— Астанаға алғаш келген кезінде тұрақты баспанасы болмайды.
— Бала-шаға бірнеше айдан кейін келіп, қосылады.
— Өз жерлестерін тез тауып алады.
— Өз жағынан келетін пойыздардың кестесін жақсы біледі.
— Қаланы жақсы білмейді, карта қолданады.
— Таксиге төмен баға айтып қинайды, кейін 500 теңге жақсы баға екенін мойындап жүреді.
— Астанаға келген туыстары оған келеді.
— Ол жақсы гид. Әдетте Бәйтеректен басталған тур Артем базарымен аяқталады.
— Бәйтерекке бірнеше рет мініп көреді. Океанариумға «турист» апарады, бірақ өзі кірмейді.
— Ханшатырда пляж бар екенін айтады қонақтарына, бірақ өзі кіріп көрген жоқ.
— Өзінің келген жағын мақтайды «күшті ғо, рахат қо» сияқты сөздермен, бірақ қайтып оралғысы келмейді.
— Ол Шанхай базарының қайда екенін біледі.
— «Астана пәлендей қымбат емес» деген сөздерді жиі айтады.
— Оған жұмыс қарап қоюды сұрайтындар көп.
— Оның әдетте 2-ші баласы Астанада дүниеге келеді. Қонақтарына «бұл бала таза астаналық, хехе» деп әзіл айтып қояды.
— Ол қонаққа барғанда лифтімен көтеріп алу, түсіріп алу дегендердің не екенін біледі.
— Оның көп уақыты бола бермейді.
— Ол шашлықтың ең мықты жасалатын жері «Реал» екенін біледі.
— Ол кем дегенде 3 пәтер ауыстырады.
— Астанада «Барыс» хоккей командасы бар екенін біледі, бірақ хоккейге барып көрген жоқ.
— Ол «Еламандардың» қай жерде орналасқандарын біледі.
Астанаға келгісі келетіндер, келіп жатқандар көп. Осы посттың астында Астанада өмір сүрудің қызықтары мен қиыншылықтарын бөлісейік. Жаңа келушілерге көмектесейік.
Астанада көктем, күз дегендер қысқамерзімді ұғымдар. Қыс пен жазды ғана сүйесің бе? Ендеше, Астана — сіздің махаббатыңыз!
Мемқызметте әсте қарқ боламын демеңіз: таңғы сегізден кешкі сегізге дейін «сегіз», сосын сенбі күні де «сегіздейді».
Пәтер жалдау оңай емес, жаңа шыққан газеттегі жарнама бойынша хабарласқан үйлеріңіз әлдеқашан беріліп қойған болады.
Мына жері маған ұқсайды екен. Алматының қай жерінде не бар екенін білсем де, өзі барып көрген емеспін.
Бір рет үйге келген қонақтарды ертіп (7-8 адамбыз), Көктөбеге апармақ болдым. Арқан жолмен. Барғасын билеттің бағасын қарасам, барып-қайтуың адам басына 1500 теңге екен. Ұялсам да кері қайтуға тура келді. Қалтамда ондай ақша жоқ еді.
Жолда тығын боп, жиегінде полиция әдеттегіден көбірек болса қасыңыздағы «туристтерге»: «Президент жұмысына бара жатыр» деп білгішсінесіз.
— Астанаға барсам деп едім.
— Кел.
— Не ғой, пәтері қанша? Суық емес пе?
— Жоқ, нормалні. подселение 15+ комуслуга. Суығына суық. Біз өлмей-ақ жүрміз ғо.
— Айлығың қанша? Өмір сүруіңе жете ме?
— Бір басыма жетеді.
— Айта салшы, секрет болмаса…
— Ну, енді орташа…
— Мен барсам жұмыс таба аламын ба?
— Таба аласың. Рисковать етіп көр.
— Таныстар бар ма?
— Жоқ, бірақ қарастырып көруге болады. (Шыны керек, көңіл үшін айта салған сөзім. Мені бір астананы тіреп тұр деп ойлай ма, білмедім енді… )
— Жақсы-жақсы мақалаларыңды дайындап қой. Сосын қосымша жақсы-жақсы мақалалар жазып көзге түс.
— Сен ужы астананы біліп қалған шығарсың, я?
— Иә.
ххх
Арада бір жыл өтеді. Бір күні агентке шығады да, әліг таныс тағы да осы мәселелерді мыжып сұрайды. Ал, сосын шашыңнан искра шықпай көрсін.
Мен 2002 жылы студенттік жылдаымның соңғы күндерінде )) Астанаға бардым. Ол кезде Астана қазіргідей емес үлкееен құрылыс алаңы болатын. Жан-жақта салынып жатқан үйлер, кей жерде тіпті асфальт та жоқ батпаққа батып жататын. Ал, мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігі пәтер үлгісіндегі жатаханада тұратын. яғни бір 3 бөлелі пәтерде 7-8 адам дегендей, көбінесе жалғызбастылар...Қаланың өзі сұп-сұр, сұп-суық, сұрықсыз еді…
Діл бір жылдан кейін барғанда тағы да сондай Астананы көргем))(
жасаймын дегендер, лифтінің карточкасын сататын компаия ашады… )))))))))))
Magan mina jeri tura keledi eken:
Алматы сияқты емес.
Ақ-су жақсы қонақ үй.
Сарыарқадай кең далада өскен біздер үшін
Бірақ сендердей сегізден сегізге дейін жұмыста отыра алмайймын ғой, тем более елден қонақ келетін болса.
Жұмыста болад, үй де дейсің ғо.
Қырғи жақсы бала
Дасаев мықты баратарис.
Шибұтов деген бәреу 2020-ға дейін астананы қайтадан Алматыға көшіреді деп мәлімдеді ғой…
О не сөз,
экономикағасалмақсалғыштарастцонолықтар, айта отырыңыздар, сіздерде шығар анығыСаАстананы осыншама салдырып алып, қайтадан Алматыға көшіре салатын ойыншық нәрсе деп пе ең? Дәлел қайда?Сестренкаларымды Астанаға оқуға түсуге үгіттей алмай-ақ қойдым, оларға неге ұнамайтынын. Кезінде өзім де Астанаға оқуға көнбей қойғаныма өкінем шы
Кімнің медиахолдингі?
Бұрын алматылық студенттердің басқа аймақтардағы ізденушілерден ерекшелігі жиі айтылатын. Ал, қазір астаналық студент-жастардан айырмашылығы салыстырылып айтылып жүр. Мәселен, бір құрбым Астанада жаяу жүргінші өтпейтін жерден де баса-көктеп өте беретін жастарды ГАИ ұстап алса, «АЛМАТЫДАН КЕЛДІҢ БЕ?» деп ұрсатын көрінеді (Астанада көшеден тікелей өткен жүргіншілер бізге қарағанда қатаң бақыланады дейді).
Алматыда жол-жөнекей жей салатын самса, фаст-фуд тағамдарын сататын дүкендер көп қой. Астанада Алматыдағыдай әр қадам аттаған сайын тамақтанатын орын кездесе бермейді. Сондықтан, «ДӨНЕР кебаб қай жерде сатылады?» деп сұрағандарға жергілікті тұрғындар «АЛМАТЫДАН КЕЛДІҢ БЕ?» дейді екен…
Сосын тағы бір айта кететіні: алматылық студенттер такси ұстағанда «Жоғары жаққа не төмен жаққа апарып тастасаңыз» деп өтінсе, астаналықтар «Сол немесе оң жағалау» дейді екен.
Астанаға «понаехал» болғысы келетіндер мына жерді де қарап өтсін)
www.google.kz/search?q=50+%D0%BF%D1%80%D0%B8%D0%B7%D0%BD%D0%B0%D0%BA%D0%BE%D0%B2+%D0%B2+%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5&ie=utf-8&oe=utf-8&aq=t&ls=org.mozilla:kk:official&client=firefox-a
мініп көрмеппін әлі. ))))))))))
Ал мен оралғым келетіндердің қатарынан екенмін. Ертең жолға шығам, Өскеменге жеткенде тауға қарай жүгіретін сияқтымын ғой…
Болдым… көрдім… керемет! Жаңа ашылған кезінде барғанмын, құдды шетелде жүргендей әсер болған-тын.
Сіз шатырдың өзі туралы әңгімелеп кеттіңіз-ау шамасы?өзімше болғаннан емес, маған өмірі көрмеген пәленшенің пәленшелері хабарласады. еще өздері емес через кого то. сосын сен оларға звондап өзің сұрауың керексің, мүмкін болса үйіңе алып кетуің керек, болмаса арзан квартира табуың керек. кәдімгідей міндетсиді жұрт, істемең ренжіп.
жоқ, лучше поэмаАстана жылы қала емес, оған барған адамдардың ниеті түзу, өздері жылы болған шығар… Керісінше қазір Алматыда адамдар бірін-бірі жейін деп жүр
Негізі сен айтқан сомаға әлі салынып бітпеген үйлерден алуға боалды, болмаса, 1957-60 жылдары салынған үйлерден…
Астана мүмкіндіктерге толы қала… дееееееп, одминге де поддержкі беріп қояйын… ))))))))))))))))
2 бөлме туралы тіпті ойға да келмиді да
мысалы, аумағы 90 квадрат метр болып, бөлмелер саны екеу болуы мүмкін. сондай-ақ 60-ақ квадрат метр бола тұра үш бөлмелі пәтер болуы мүмкін
тойғабір апта — он күнге келіп кететін Орта есеппен астаналық қонақ:— 1 ші күн: жоғарыдағы айтылғандардың жартысын аралап үлгереді, күшті екен деп тамсанып жүреді. арасында мынау ТВдан көрсетіп жүрген жер ғой деп қосып қояды.
— 2ші күн: кешегі күтіп алушы,
гид, қоноқ үй иесі, шопыр,бүгін жұмысқа кеткен. бүгігі гиді — басқа адам не мүлде гидсіз — өзібірге келген серіктерікешегіден қалған құрылыс ғимататтарды аралайды.— 2ші күн кешке: шаршаған, кешегідей емес тмасануы жоқ. ой, алып бара жатқан ештеңесі жоқ қой дейді, бірақ, базар жоқ әдемі екен деп қосып қояды.
— 3ші күн жалыға бастайды, достарына, таныстарына ренжи бастайды, бір келгенде қасымда жүруге жарамадыңдар деп. Сөйтіп кешке жұмыстан щыққан астаналық достарымен жиналып кафе, ресторан, кино, концерт т.б барады.
— 4 ші күн әбден жалығады, келерден 1 апта бұрын звандап келетінін айтқан таныстарынан басқа, айтпаған алыс туыс, жерлес, таныстарға звондайды. «мен астанаға кеп кап ем, хабарласып қояйын деп ем» — трубканың ар жағынан " аа, жақсы, қашан келдің, қайда орналастың… деп басталатын әңгіме, жақсы кешке хабарласамыз, қазір жұмыстамын" деген сөзбен аяқталады.
— барған жерінің бәрінде суретке түседі
— океанарум, кино, коцерт, т.б орвндарға кірген билеттерін 1-2 күн тастамай жүреді.
— жаяу 1-2 сағатта аралап шығуға болады деген өтірік екен деп келген жағындағы адамдарға звондайды.
— бағаны, көшені, светфорды, лифтті, үйлерді, ауа райын т.б көрген нәрсесінің бәрін келген жағымен салыстырып, бізде былай ғой деп айтып жүреді
— айтпакшы, Хазіретсұлтанға кіріп намаз оқып, не құран оқытып шығуды ұмытпайды,