Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?
Екінші. Екінші қадам, екінші өмір, екінші бақ.
Ылғида бірінші болуды қалайтын жандар үшін «Екінші» болу етек жеңін жиған адам үшін өрескел көрінеді. Бағзыдан «екінші сыңар» болу қалыпты дәстүр болса, бертін келе бұл әдіс өзіміздің қоғамда теріс пікірге ие болған еді. Дегенмен, бұрыңғының баянды өмірі қоғамға қайта енді. Екінші әйелді заңдастыру керек деп, талай ер азамат қолқа салса, өз сыңарын басқамен бөлісе алмаймыз деп тағы бір топ атой салды. Олардың біреуі шариғатты шатастырды, бірі исламды итермеледі. Алайда, жеңілген топ пен жеңген топтың басымдылығын көре алмадық. Қазақ қоғамында құлақтың құрышын қандыратын қазақша пәлсапалық ойлар айтылса, бірі қате пікір етіп қалыптастырып үлгерді. Жоғарыдағы жалпақ тілді жұртшылық үшін арнай сауалнама жүргізу арқылы «Екінші әйел заңдастырылу керек пе?» деген сауал тастаған едік. «Иә» деген жауап 127 дауыспен алға шықты. Сонымен, олар кімдер?
Сұрақ қою әдісі мен уақыты: сауалнама 23 маусым мен 3 шілде аралығында әлеуметтік желі арқылы, анонимді түрде жүргізілді.
Екі аптаға жуық жүргізілген сауалнамаға қатысушылардың 55 пайызы «иә» деп жауап берсе, 45 пайызы «жоқ» деп жауап берген.
Олардың 55 пайызы ер, 45 пайызы әйел адам.
Соның ішінде 51 пайызы — 26-35, 36 пайызы – 18-25, 11 пайызы – 36-45 және 1 пайызы 46-55 жаста.
Отбасын құрмағандар саны 54 пайыз болса, отбасылылардың саны 46 пайызды құрады.
Респонденттердің 55 пайызы баласы жоқ екендігін көрсетсе, 41 пайызының 1-3 баласы, 4 пайызының 4-6 баласы бар.
Сауалнамаға 14 облыс және Астана, Алматы қалаларының тұрғындары қатысты.
САУАЛНАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ПІКІРЛЕРІ
Еркектер — «ИӘ»:
— Көшеде зина жасап, ұрпақ сүйе алмаған ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткендерінен гөрі екінші әйел алғанды дұрыс санаймын. Өз басым үйленгенмін, келіншегімнің жасы 21-де, ал өзім 26 жастамын. Келіншегім екінші әйел алуыма қарсы емес! Керісінше өзім атап өткен жағдайларды түсініп, келісім берді. Қазақтын санын көбейтуіміз керек!
— Некесіз балалар, бойдақ әйелдердің азаюы үшін заңдастылырғанын қалар едім.
— Бұл Алланың даналығы.
— Екі әйел заман талабы.
— Болмағаннан болғаны жақсы ғой.
— Қанша ақылдысымақ болса да, сыртта жүретініміз айдан анық. Ол аз десеңіз көкелерден бастап бәрі саунада.
— Екі әйел алуды заңдастыруға болады, тек мынадай жағдайлар орындалғанда ғана:
1) Екінші әйел алғанға дейін бірінші әйелмен кем дегенде 10 жыл бірге тұрып шығу.
2) Бірінші әйелдің рұқсаты.
3) Екі әйелдің бөлек үйлерде тұруы қамтамасыз етілген жағдайда.
4) Екі әйелдің де күйеуі тарапынан көрсетілетін көңілге, ықыласқа, сондай-ақ, тұрмыс жағдайына разы екендігін растауы.
— Жасым жиырма алтыда, менің ойымша екінші әйел алу заңдастырылып, әр адамның өз еркіне қалдырылу керек. Өйткені қазақтың демографиясы дамуы керек. Шетел жігітіне тұрмысқа шығып жатқан қыздарды қолда алып қалу керек. Бойдақ қыздарды алып тудыру керек. Секеңдетіп жүргізбей. Қазақтар көбеюі керек. Екінші әйелден шошынудың қажеті жоқ. Әр кімнің астында жатқанша 1 адаммен болсын. Еркек әр әйелге барғанша өз әйеліне барсын.
— Аруларымыз өзге ұлт өкілдеріне тиіп, қор болып бара жатыр. Ер адамның жағдайы жар берсе тоқал алуына қарсы емеспін.
— Жағдайы көтерсе ала берсін, оның несі айып? Біздің қоғамда бір ер адамға шаққанда 6-7 әйелден келетіні өтірік емес қой.
— Қос қолдап қолдаймын.Бала саны да көбейер еді.
— Қолдаймын 2 әйел алуды. Бірақ, мынандай шарт болуы тиіс. Ол еркектің жағдайы жақсы болуы керек, бірінші әйелінен кемі 5 баласы болуы тиіс. Екінші әйелді алған соң ол да кемі 5 бала тууы керек. Сонда ғана рұқсат. Айтпақшы, екіншінің де жағдайы жақсы болуы керек. Карточкасына кемінде 10 млн теңге салып беруі тиіс, һәм үй жайын жасап беруі керек.
— «Екінші әйел алу заңдастырылуы қажет пе?» деген сұраққа иә деп жауап бергеніммен, екінші әйел алуға қарсымын, тек ашына ретінде пайдаланып кетпесін деп заңдастырылсын дедім.
— Иә. Керек. Тоқалдан туса да бала. Оған да әке заңды болса керекті.
Мен алам екіншісін.
— Бірден екі әйелмен тұру дегенді көріп білген соң дауыс бердім.
— Егер ата жолымен, әмеңгерлік жолымен жесірін жатқа жалтақтатпау, жетімін жылатпау мақсатында болса дұрыс, ал тоқал алу жарысы жөнінен болса қолдамаймын.
Еркектер — «ЖОҚ»:
— Қазіргі қоғамға түк пайдасы жоқ діни салттың үлгісі. Әкелеріміз бір әйелмен бақытты өмір сүріп келе жатыр. Бізге ары қарай ешқандай жорық жоқ. Мына жағдайда мүмкін болатын шығар. Егер бәйбішемен келіскен күйде, жесір қалған яки кәрі қызға үйленуге болатын шығар. Бірақ, ни в коем случай жас қызға емес. Жас қыздың өз бағы бар деп ойлаймын.
— Екі немесе одан да көп әйел алған еркектің отбасы ешқашан толық, кемелді отбасы болады деп ойламаймын. Себебі, біріншіден «жаным» деп алған жарыңның жанына жара түседі. Арадағы сезім бұдан кейін ешқашан қайтып қалпына келмейді. Бірібір бұрыңғыдай болмайды. Екіншіден, бұл балаларға ауыр тиеді. Мысалы мен өз әкемнің басқа бір әйелмен әуей болғанын елестете алмайтын. Менің балаларымда да сондай сезім бар деп ойлаймын. Балаларымның, жарымның жанын жаралап тұрып, одан кейін ұрпағыма адалдық, достық, тазалық туралы қалай әңгіме айтуға болады.
— Қиын сұрақ! Әйел заты көп деп «иә» дейін десең өз қызыңды екінші әйелдікке берерме едік?
Жауап жазбас бұрын ойланайық.
Дегенмен жасырын ашыналар көп, бірақ өз әйелдері біледі солар үшін жасырын жүргенше 2 әйел алғаны да жөн шығар.
Әйелдер — «ИӘ»:
— Ажырасып 2-әйел алғаннан жақсы.
— Екінші әйел алуды заңдастырса, қыздар өзін тастап кетеді деп қорықпай «тоқал» бола алады. Ал бұл жағдай, еліміздегі «кәрі қызддардың» санын азайтар еді.
— Екінші әйел болып өмір сүргісі келетін келіншектер ең құрмағанда оны заңдастырып, баласын жетімсіретпей өсірсін.
Әйелдер — «ЖОҚ»:
— Заңдастырмай-ақ алуға қарсы емеспін, некесин қиып мұсылмандық жолмен болса болады. Екінші үй қылып отырғызып қойса дұрыс-ақ.
— Асыра пайдаланушылық белең алып кетеді! Меніңше әр баланың бір ғана ата-анасы болғаны дұрыс. Бала психологиясын да бұзады: жеккөрушілік, араздық, бәсекелестік пайда болады.
— Неге екінші әйел алуды қолдауымыз қажет? Ата-аналар осы уақытқа дейін қыздарын біреудің тоқалы болсын деп өсірмеген шығар.
— Көпәйелділікті қолдайтындардың қатарынан емеспін. Қолдайтын жамағатымыз санаққа сүйеніп сандырақтап жүргені, жеті әйелге бір еркек деп. Негізінен мансап қуған қыздар, етек алған еркектердің бедеулігі, оң босағада отырып бала табатын қыз-қырқындар, ашыналық өмірді қалыпты жағдайға айналдырған отбасылы адамдар, т.с.с қоғамдағы көріністер ойлантарлығы анық. Алайда көпәйелділік бұған жол емес. Екі жарты бір бүтін болып әдемі қартайғанға не жетсін!!!
— Өзі тып-тыныш тұрған Қазақстанда әйелдер соғысы көбейіп кетуі мүмкін. Оның арты жақсы болмайды. Мен бұл пікірге мүлде қарсымын. Шағын мемлекеттер арасындағы соғыс өте қауіпті. Қызғаныш деген өлімге дейін апаратынын ұмытпайық. «Айтуға оңай», әрине Берік ағамыз айтқандай.
— Қазақтың еркектері одан сайын құтырады онда.
— Күйеуімді өзге біреумен бөлісе алмайды екенмін.
— Заңдастырмай-ақ алатындар алып жатыр. Заңдастыру деген міндеттеу деген сөз емес. Заңда рұқсат берілген екен деп, әйелдер күйеуінің тоқал алуына келісе бермейді, бәрібір отбасының шырқы бұзылады. Адам сезімдерін заңмен реттеймін деген далбаса.
Инфографика easel.ly сервисінде жасалды.
Сауалнаманы қорыта келе, Қазақстанда екінші әйел алуды заңдастыру қажет деп есептейтін адамдардың бейнесі:
Алматы қаласында тұратын, орта шамамен 26-35 жастағы, үйленген, балалары жоқ, қаржы мамандығы бойынша қызмет ететін ер азамат.
кейін ойландым, заңдастырылуы қажет екен,
иә, қажет екен
жасырын екінші, үшінші әйелі бар кісілердің көп екеніне көзім жеткенде, заңдастырылуы керек деп түйдім
иә, қажет, заңдастыруды қолдаймын
басты талап: екі, не үш, не одан да көп алатын ер адамның материалдық минимум шекті жағдайы белгіленуі керек,
яғни асырай алады ма, жоқ па, қаңғытып жібермей ме, жоқ па деген болжалды сұрақтардың жауабы анықталып болған соң ғана, рұқсат ету керек
яғни, екі, не үш, не одан көп әйел алуды заңдастырған уақытта сондай көп әйел алушыға қатысты индивидуалды шешім шығарылуы шарт.
көп әйел алушылар топырлап жатпағаны себепті, индивидуалды шешім шығару ісі көп қарекетті қажет етпейд
Жер дауы мен жесір дауынан кейінгі бітпейтін дау күндестер дауы ғой.
Өзіме басында таптауырын көрінгенімен, жазбаңды толық оқып болған соң, ойым өзгерді. Жеткізу жағынан айырып тұрсың, аяқ жағында мен естімеген қызық көзқарастар да баршылық.
Өз пікіріңмен қорытындылап жіберуге кеш емес шығар?
шығасың ба?